Фанатизм – жазылмас дерт

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

діни бұрмалаушылықтарҰлттық фанатизм, нәсілдік фанатизм, діни фанатизм – қайсысы болса да адамның ақыл-есін алып, есуастыққа, қатыгездікке және топастыққа ұшыратады. Бұл дертпен ауырған пенденің жазылуы қиын, тіпті мүмкін емес. Гитлер деген есуастың соңынан ерген миллиондаған немістер өздерінің де, өзгелердің де өмірін ойрандап, ақырсында қор болып жеңіліп, қырылып тынды.

Күлекбаевтың шынайы бетбейнесі

Алматыда биыл жазда он адамды атып өлтірген Күлекбаев деген азаматтың үстінен сот болып жатыр. Басына қап-қара спорт шәпкісін киіп алып, өзггелерге менсінбей шекесінен қарап, судьяның сөзін құлағына қыстырмай, «ал маған не істейсіңдер» дегендей бедірейген жігіттің бейнесінен фанатизм деген дерттің адамға қаншалықты әсер ететінін бағамдауға болатындай.

Оның мына қылығына ызаланған жақындарынан айрылып зар қаққан жандардың айқайы да, қарғысы да, құзырлы орган қызметкерлерінің  ескертуі де бетіне түйенің табанын жамап алған бейбақтың құлағына кірмейтін сияқты. Өзін ислам дінінің ұстыны сияқты, дін тазалығы үшін күресіп, Алланың Өзіне міндет ететіндей ҮЛКЕН ШАРУА тындырғандай шіренген Күлекбаев  жасаған қылмысы үшін өкінбейтінін жұртқа мысқылдай қарап отырып мәлімдеді.

Осы соттың барысына қарап отырып, миллиондаған жазықсыз жандарды қырған неміс фашистері көсемдерінің Нюрнбергте өткен соты еске түседі. Қолдары қанға малынған фашист көсемдері де өздерінше еңселерін тік ұстап, сотқа қатысқандарға шекелерінен қарап, істеген істеріне өкінбейтіндіктерін білдірген. Олардың көбі өлім жазасына кесілді.

Сот барысында Күлекбаевқа соңғы сөз берілгенде ол өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кессе де, өлім жазасына кессе де өзіне бәрібір екенін айтып, өзін жұрттан биік тұрған Құдаймен тілдесіп жүрген әулиедей сезінген сияқтанды.

Қазақ «адасқанның алды жөн, арты соқпақ» дейді. Алла ең әділ және қайрымды, ендеше жазықсыз адамдардың қанын төккен Күлекбаев сияқтылар осы қандықол қылмысы үшін жұмаққа баратын болса, онда Жаратқанның әділдігі қайда?

Әрине, бұның бәрі фанатизм деген дертпен ауырған пенделердің өздерінің ЕСУАСТЫҚТАРЫН бүркемелеу үшін ойдан шығарған ертегіден басқа ештеңе де емес. Адам өлтірген фашист көсемдері қор болып өлсе, Күлекбаев сияқты лаңкестер де қор болып бұл дүниеде заң алдында жазасын алады, өлген соң орны тозақ болатыны және анық.  Өйткені, әділдік жолы – осы.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика