Интернет алаяқтары көбейіп барады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

электронды ақшаКеше ғана Ақмола облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен Көкшетауда тұратын бір азаматтың интернет арқылы берілген жарнамадан үй алмақ болып, 15 миллион теңгесінен айрылғаны жайындағы ақпарат алдым. Жалпы, интернет арқылы жасалатын алаяқтық күн санап өсіп және олардың қулық-сұмдықтары ақылға сыймайтындай шебер бола түскен жайы бар.

Интернетке байланған өмір

ХХІ ғасырды «ақпарат ғасыры» деп текке айтып жүрмеген сияқты. Американдық өзін-өзі жетілдіру ғылымының білгірі Брайан Трейсидің айтуынша, енді екі-үш жылдан соң ақпарат көлемі жыл санап екі еселеніп отырмақ. Яғни, ақпарат ағыны толассыз өсе бермек. Әрине, бұл ақпараттардың бәрі электрондық нұқсада болатыны белгілі.

Электрондық ақпараттардың еселеп өсетіні өз алдына, барлық өмірлік мәні зор салалардың қызметі түгел электрондық нұсқаға көшіп, электрондық ақпарат өміріміздің барлық қырын түгел билеп алмақ. Сөйтіп, электрондық ақпаратқа байланған заманда интернет арқылы  қылмыс жасайтын ұрылардың жаңа түрі – хакер дегендер пайда болды.

Хакерлердің кәдімгі баукеспелерден ерекшелігі – олар ұсақ-түйек тиын-тебенді місе тұтпайды, олар миллиондап, тіпті миллиардтап ұрлайды. Ақша ғана емес, мемлекеттің құпияларын, түрлі ірі коммерциялық құрылымдардың кәсіби құпия ақпараттарын ұрлап, тұтастай мемлекеттерге ақпараттық қатер төндіреді. Тағы бір сойқаны – мұндай қылмыскерлерді ұстау да, жазаға тарту да оңай шаруа емес.

Қылмыстың бұл түрінен ірі кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар ғана емес, жеке адамдар да зардап шегіп, жоғарыда айтқанымыздай жиған-терген мүлкі мен ақшаларынан бір-ақ сәтте айрылып, жер сипап қалады. Жымын білдірмей жасалатын мұндай қылмыстарды табу оңай еместігі өз алдына, тіпті көп жағдайларда мүмкін де болмай қалады. Яғни, қылмыскерлер жазадан сырт қалып, өздерін заңнан жоғары тұрғандай сезінуіне жол ашады.

Интернет арқылы қылмыс қалай жасалады

Интернет арқылы ұрлық жасайтын алаяқтардың шеберлігі кім-кімді де таңдай қаққызып, тәнті ететіні анық. Өз басым интернет-бизнес дегенмен аздап айналысып көрмек болып, сондайлардың біраз қармағына түсіп көргенмін. Яғни, бұл салада ептеп «тәжірибем» бар. Енді солардың бірнешеуіне тоқтала кетейін.

Ағылшын тілді шетелде тіркелген бір керемет сайт арқылы ақша табуға болады деген ютубтен көрген видеороликке сеніп, әлгі сайтқа тіркелдім. Онда бірнеше пакет түрлері бар екен. Сатып алып, содан кейін күн сайын тиындап түскен табысты қалтаңа салып отыруға болатын көрінеді. Әлгі видеода сайтқа қалай тіркеліп, қалай ақша табатындығы тәптіштеп түсіндірілген. Содан вебмани кошелек арқылы жүз долларға пакет сатып алайын. Сатып алған соң оны активтендіріп, көрсеткен тетігін бассаң, ақша түсуі тиіс еді. Бірақ әлгі кнопканы басқан соң ақша түсудің орнына шыр айналып тұрып алсын. Бір сағат, екі сағат, тіпті бес сағатқа дейін күттім. Түк жоқ. Ертеңіне, арғы күні де осы жай қайталанды. Сонда ғана өзімнің алаяқтың қармағына түскенімді біліп, сан соқтым.

Тағы бір мысал. Криптовалюта, яғни электронды валюта дегеннің жаңа шығып жатқан кезі. Криптовалюта есеп-шотын ашып, оған салған ақшаны басқа электронды кошелектерге аудару арқылы ақша табуға болатын көрінеді. Әлгі ютубке салынған видеодан бұның қалай жүзеге асатыны тәптіштеп көрсетіледі. Соған құлай сенген мен ақшамды аудар деген кошелектерге аудара отырып, ақырсында ақшамнан айрылып тындым. Міне, осындай бірнеше алаяқтықтың құрбаны болған соң «ақыл кірді». Қазір электронды поштама келіп жататын осындай оңай олжаға қарық боласың деген хаттардың бәрін түгел корзинға ойланбастан лақтыра саламын. Оның есесіне ақшам қалтамда, алаяқтардан аулақпын.

Оңай олжа болмайды

Интернет арқылы алдайтын алаяқтар мен ұрылардың қолданатын ең сенімді қаруы – адамдардың ашкөздігі. Олар аздап тиын-тебен салу арқылы мол табыс табасың деп немесе қымбат тұратын мүлік пен пәтерді, автокөлікті базар бағасынан әлдеқайда төменге беремін деп жер соқтырып жатады.

Орыс халқының «тегін ірімшік қақпанда ғана жатады» деген мақалы бар. Оңай олжа деген мына өзіміз тірлік кешіп жатқан фәни жалғанда БОЛМАЙДЫ. Яғни, ОҢАЙ ОЛЖА ЖОҚ. Егер сізге біреу оңай жолмен мол табыс табуға болады десе, оны ақыл-есінен ауысқан есуас немесе алаяқ деп қабылдаған жөн. Ақиқаты осы. Сондықтан, интернет арқылы жеңіл табыс табуға болады деген жарнаманы көрсеңіз ат шаптырым аулақ жүріңіз және жарнамалық сайттардағы базар бағасынан арзан пәтер немесе автокөлік, басқа да мүлікті көрсеңіз, оның тасасында алаяқтық жатқанын есіңізден шығармаңыз. Сонда алаяқтардан аулақ боласыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика