Ислам дініндегі фанатизм

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

діни бұрмалаушылықтарФанатизм деген өте қауіпті жазылмас дерт екендігін өткен ғасырдағы ұлттық фанатизм дертімен ауырған фашистік германияның тағдыры анық көрсетіп берген еді. Арий нәсілінің ең таза қанды ұрпағы бізбіз, сондықтан барша әлемді біз билеуіміз қажет, төменгі нәсілдерді құл етіп немесе артық ауыздарын құртып жоямыз деген Гитлердің сөзіне құдайдай сенген фашистер жазықсыз миллиондардың қанын суша ағызды.

Жалпы, нәсілдік, ұлттық немесе діни фанатизм бола ма, қайсысы да оңып тұрған жоқ. Олардың бәріне ортақ қасиет – бізден артық ешкім жоқ, басқаларын таптап езу, құрту керек деген астамшылық пиғылдың болуы. Ислам дінінде де өткен ғасырдан бастау алған діни фанатизм дерті бүгінде жегі құрттай жеп, діннің негізін құртып, бейбітшілік пен қайрымдылықтан бастау алған ислам дінін қатыгездік пен тәкаппарлық, өктемдік, дөрекілік, нәпсіқұмарлық, ашкөздік сияқты жаман әдеттердің ошағына айналдырып жіберді.

Ислам фанатиктерінің ең бірінші сүйенетін негізі – басқа діндердің бәрі бұрмаланған, тек ислам ғана тазалығын сақтап отыр және Құран ең соңғы қасиетті кітап, Мұхаммед ең соңғы пайғамбар, одан кейін пайғамбар болмайды және Құраннан кейін ешқандай қасиетті кітап түспейді, исламнан кейін басқа дін келмейді деген соқыр сенімге негізделген еш негізсіз көзқарас.  Өздерін мұсылманбыз дейтіндердің 90 пайыздан астамы десе болар, осындай көзқарасқа сенеді. Ислам экстремистері дегендердің белең алуына да ең алдымен, дәл осындай әсіре діндарлық ұстанымның себеп болғандығы анық.

Биыл жазда, рамазан айы кезінде бір таныс жігіт кешкілік ауыз ашарға шақырды. Ол сақал қойған намаз оқитын тағы екі танысын шақырған екен. Әлгілер «тарауық намазына бару керек» деп асығып отырды. Сақал қойып, бастарына тақия киген түрлері тақуа адамға келетін олардың әңгімелері дегенмен, күнделікті үй ішінде айтылатын өсек-аяңнан аспады. Рамазан айы, ауыз бекіткен адамдар ауыз ашарға жиналып отырмыз, осыған орай дін туралы бірдеңелер айтылуы тиіс емес пе. Соған орай, мен өзімші дінге қатысты бір әңгіме бастап едім, сақалды жігіттер оны тыңдауға онша құлық таныта қоймады. Бір кезде әңгіме әуенімен әлгілердің бірі «Қиямет қайымда байғұс Иса көктен түсіп, намазға тұрып, мұсылман болады екен» деп қалды. Алланың жанында үлкен беделі бар, бүгінде екі миллиардтан астам адам ұстанатын христиан дінінің негізін салған Иса пайғамбарды пайғамбар деп те айтпай «байғұс Иса» деген әлгінің мына сөзін естігенде сенер-сенбесімді білмей таң-тамаша қалдым.

Фейсбукте бір әсіре діндар «Қиямет қйымда көктен түскен Иса әл-харам мешітіне жиналған мұсылмандармен бірге намазға тұрып мұсылман болады, ол сөйтіп пайғамбар дәрежесінен айрылады» деп жазды. «Ау, ағайын, Иса пайғамбар қияметте мұсылман болады, пайғамбарлығынан айрылады»» дегенді қай жерден оқыдыңыздар?» Құранда солай жазылып па немесе пайғамбарымыздың хадистерінде солай айтылып па? Жоқ. Еш жерде ол жөнінде бір ауыз сөз айтылмаған, жазылмаған. Ендеше ол қайдан шықты? Күнакар, жүректерінің дерті бар пенделердің сайтанның азғыруына еруінен шыққан түсінік бұл. Мұсылмандардың басым көбі дәл осындай сайтани түсінікке иланып, исламнан өткен дін жоқ, Мұхамед пайғамбардан артық пайғамбар жоқ, деген тәкаппар сайтани сенімнің ықпалында жүр. Бұның астарында астамшылық, тәкаппарлық жатқаны даусыз шындық. Ал, тәкаппарлық деген Алладан аулақтататын ең жаман қасиет, Алланың сүйікті періштесі болған Ібіліс тәкаппарлыққа салынамын деп мәңгі қарғыс алды. Ендеше, біздің дініміз ғана жақсы, басқалардың бәрі жаман, олар адасушылар деген сандыраққа сеніп, өздерін өзгелерден артық санайтын мұсылманбыз бегендердің бәрі Ібілістің құлдары. Өйткен, Құранда да, хадистерде де басқа діндер бұрмаланған, тек ислам діні ғана таза деген бір ауыз сөз айтылмаған. Бұл ойдан  шығарылған теріс түсініктен басқа ештеңе емес және оның қауіптілігі сонда, қазір барша әлемге қатер төндіріп тұрған ислам экстремизмі деген дәл осы түсініктен бастау алуда.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика