Интернет арқылы ақша табудың сенімді көзі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

интернет бизнесИнтернетте оңай жолмен және еш білім мен біліксіз күректеп ақша табуға болатыны жөніндегі жобалардан көз сүрінеді. Интернет менің негізгі табыс көзім болмаса да, осы салада үш жылға тарта жұмыс жасап келе жатқандықтан, біраз білім мен тәжірибем бар деп айта аламын.
Сондықтан, егер алтын уақытыңыз бен күш-қуатыңызды және ақшаңызды шығын еткіңіз келмесе, ондай үйіп-төгіп уәде бергіштерден аулақ жүргеніңіз жөн. Өкінішке орай, сондай оңай жолмен ақша тапқысы келетіндер қазақ интернетінде де кездесе бастады.

Интернет арқылы ақша табуға бола ма?

Интернетте ақша бар бірақ жан қинамай оңай табыс табамын деу ақылсыздық қана емес, өзіңді арандату. Интернет те кәдімгі өмірдегі сияқты білім мен біліктілікті, тәжірибені, қарым-қабылетті, ең бастысы білек сыбанып еңбек етуді қажет етеді. Интернет арқылы табыс табамын десеңіз, осы шартты жадыңызда мықтап ұстаңыз.

Блогымызда әріптестік арқылы ақша табу жөнінде айтқан болатынбыз. Бүгін өзім қатысып, сенімділігін іс жүзінде көрген бір жобаға жете тоқталғым келеді. Ол – рунетте есімі белгілі тәжірибелі блоггер Александр Борисовтың әріптестік жобасы.

Жобаға қатысу арқылы не табасыз?

Ең алдымен, мұнда интернет-бизнесті жаңа бастаған адамға ауадай қажетті тегін білім беретін бейнекурстар бар. Сіз соларды жүктеп алып, біраз уақытыңызды бөліп оқысаңыз, өте көп пайдалы ақпараттар аласыз. Ал сол ақпараттарды жүзеге асыру арқылы нағыз білікті инфобизнесменге айналуға мүмкіндігіңіз бар.

Өйткені автор өз курстарында аузыңызға шәйнап салғандай қадамдап түсіндіреді. Бейнекурстағы оның жасағанын қайталау арқылы сіз өз қолыңызбен блог жасап, оны безендіру, сапалы мақалалармен толтыру, оқырмандарды тарту және блог арқылы табыс табудың қыр-сырын жетік меңгересіз.

Екіншіден, сіз рунетте бренд саналатын белгілі блоггердің үлкен сұранысқа ие ақпарат тауарларын сату арқылы жақсы табыс табуға мүмкіндік аласыз. Борисовтың ақпарат тауарларына деген сұраныс жоғары. Сіз әріптес болу арқылы тегін аккаунт, әріптестік сілтеме аласыз. Енді қалғаны жарнамалау арқылы клиенттерді тарту ғана.

Сондай-ақ, сіз рефаралдық сілтеме алып, шақырған адамдарыңыздан да белгілі деңгейде үнемі түсіп тұратын комиссия алып отырасыз. Осылайша, әріптестік бағдарламаға қатысу арқылы интернетпен нақты табыс табудың мүмкіндігін аласыз. Бұл көпірткен көбік сөзбен алдау арқылы сізді ақшаңыздан, алтын уақытыңыздан айыру үшін жасалған алаяқтық жобалардан басқа, нақты табыс табуға мүмкіндік беретін сенімді жоба.

Төменде назарларыңызға блоггердің әріпестік бағдарлама шеңберінде ұсынған ақпаратты тауарларының бір парасын ұсынып отырмын. Оң жақтағы соңғы колонкада әріптестер алатын комиссия мөлшері берілген. Сондай-ақ, тегін ақпарат тауарлары да бар. Сіз оларды басқаларды тарту үшін пайдалануыңызға болады.

24

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика