Ішкі ырғақтылықтарды қалпына келтіру

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ниши жүйесі бойынша тағы бір кешенді жаттығулар біздің ағзамызда жұмыс жасайтын табиғи қуаттардың ырғақтылығын қалпына келтіруге бағытталған. Тепе-теңдік пен ырғақтылық – бұл табиғаттың заңы. Онсыз адамның денсаулығы дұрыс болмайды.
Өкінішке орай, адамдардың өмірінде кездесетін түрлі жағдайлар олардың ағзаларының тепе-теңдігі мен ырғақтылығының бұзылуына соқтырып жатады. Ағзаларымыздағы нендей заттың тепе-теңдігі пен ырғақтылығы сақталуы тиіс?

Ырғақтылық не үшін қажет?

Ең алдымен, бұл ағзаларымыздағы қышқыл мен сілекей шіріштеріне қатысты.Содан кейін жүректен тәнімізге, одан қайта жүрекке оралатын қанның қозғалысын туғызатын тамырлардың қызметі ырғақтылықта болуы керек. Ағзаларымызға тағамдардың енуі мен қалдықтардың шығуы арасындағы ырғақтылық. Тәннің жылу мен суыққа реакциясы. Мидың сол және оң жақ жарты шарларының жұмысы. Тәни және рухани әсерлер.

Біздің ағзаларымызда әртүрлі қуаттар жұмыс жасайды. Егер бұл қуаттар тепе-тең жағдайда жұмыс істемей, бірі екіншісінен үстем болып жатса, онда ырғақтылық бұзылады. Мұндай жағдайда ауру пайда болады.

Біздің ағзаларымыз табиаттың ажырамас бөлшегі іспетті. Ауру пайда болған жағдайда ағзаларымыз бұзылған тепе-теңдікті қалпына келтіруге тырысады. Бірақ бұл жағдайда біздің саналы көмегіміз қажет.

Төмендегі жаттығулар ағзаларымыздағы тепе-теңдік пен ырғақтылықты қалпына келтіруге бағытталған.

Табан мен алақанды түйістіру жаттығуы

Қатты еденге арқаңызбен жатыңыз. Мойныңызға валик қойып алғаныңыз дұрыс болады. Тізеңізді екі жаққа қарата табандарыңызды түйістіріңіз. Сонымен бір мезгілде көкірегіңізге екі қолыңызды қойып, алақандарыңызды түйістіріңіз.

Түйіскен алақандарыңызды бір-бірімен қатты сығымдаңыз және босатыңыз. Бұл жаттығу 10 рет қайталанады.

Саусақтарыңызбен бір-бірін сығымдап, қайта босатыңыз. Осылайша 10 рет қайталаңыз.
Енді бір мезгілде алақаныңызбен және саусақтарыңызбен сығымдап, қайта босатыңыз. Бұл да 10 рет қайталанады.

Алақандарыңызды қосқан қалыпта екі қолыңызды төбеге қарай көтеріңіз. Содан кейін алақандарыңызды ажыратпаған күйде төмен түсіріп, бетіңізден бастап беліңізге дейін бейне өзіңізді екіге жарғандай сызық бойымен төмен жылжытыңыз. Бір-біріне сығымдалған саусақтарыңыз денеңізге параллель бағытта ұсталады. 10 рет қайталаңыз.

Түйіскен алақаныңыздың саусақтарын төмен қарата ұстап, кіндігіңізден аяғыңыздың ортасына қарай созыңыз. Алақандарыңыз ашылмаған қалыпта ұсталады. 10 рет қайталаңыз.
Алақандарыңыз түйіскен қалыпта қолыңызды басыңыздан асыра көтеріп,, содан кейін төмен түсіре аяғыңызға дейін қозғалыс жасаңыз. Доға бойынша жасалатын бұл қозғалыс 10 рет қайталанады.

Түйіскен алақаныңызды көкірек тұсыңызға қойып, жоғары төмен қозғалыс жасаңыз (20-30 см. көлеміндегі қашықтықта қозғалады).
Түйіскен алақаныңызбен және табандарыңызбен алға, кейін қозғалыс жасаңыз. 10 рет қайталанады.

Қортынды жаттығу

Алақандарыңызды және табандарыңызды түйістірген қалыпта шалқаңыздан жатқан күйі көздеріңізді жұмып, денеңізді босатыңыз. Саусақтарыңыз төбеге қаратылып, денемен перпендикуляр қалыпта ұсталады. Қозғалыссыз осы қалыпта 5-10 минут жатыңыз.

Бұл жаттығулар миыңыздың сол және оң жақ жарты шарларының қызметін реттестіруге, тепе-теңдігін қалпына келтіруге көмектеседі. Сондай-ақ, ол жүректің жұмысын жеңілдетететін дененің терблеліс қозғалысына оң әсерін тигізеді. Соның арқасында қан айналамыңыз жақсарып, ас алмасу қызметі қалыпқа келеді, денедегі улы заттар тазартылады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика