Ислам дін ретінде жойыла ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Біз өмір сүріп жатқан фәни дүниеде, яғни материалдық әлемде ештеңе де мәңгілік емес. Ақылмен байыптап қарайтын болсақ, аспан да, жер, күн, жұлдыздар да уақыты келгенде жойылады. Бұл туралы Құранда аят бар және қазіргі ғылым да материалдық дүниенің белгілі бір уақыт өткенде түгел жойылып, содан кейін қайта пайда болатынын дәлелдеп отыр. Осы тұрғыдан алып қарағанда, барлық дәстүрлі діндер, оның ішінде ислам діні де уақыты келгенде жойылуы тиіс.

Құран бір түнде жоғалады

Сахабалардың бірі Хузайф ибн аль-Яман Пайғамбардан естіген мынадай сөзді айтады: «Алланың елшісі айтты «Ислам киімнің бояуы кеткені сияқты ақырындап жоғала береді, адамдар ораза дегеннің не екенін, намаздың не екендігін, хадждың не екенін, садақа қалай берілетінін ұмытады. Сол кезде Алланың қасиетті кітабы бір түнде жоғалады – осылайша кітаптың бір де бір аяты қалмайды. Тек қартайған кемпір-шалдар: «Біз үлкендерден «Алладан басқа тәңір жоқ» дегенді естіген едік, біз де солай деуші едік» дейтін болады».

Пайғамбардың өзі айтқан осы сөзден ислам дінінің бүгінде фанатизм деп аталатын дертпен ауыратын өздерін ислам дінінің ұстыны санайтын сәлафи, уахаби сияқты ағым өкілдері айтатын «ислам діні мәңгілік дін» дегендерінің жалғандығын ұғуға болады. Яғни, басқа да діндер сияқты уақыты келгенде ислам діні де жоғалады.

Исламның жойылуының белгілері

Құранда «Сендер бір кезде бір ғана үмбет едіңдер, кейін араларыңа жік түсті» деген аят бар. Ерте заманда адамдар түгел бір ғана дінді ұстанып, бір дінмен өмір кешкенін осыдан аңғаруға болады. Дегенмен, барша адамға ортақ ол дін уақыт өте келе бұрмаланып, жоғалған сияқты. Бұдан ұғарымыз: мына фәни жалғандағы барлық жанды-жансыз заттар сияқты дін де уақыты келгенде өшіп, жоғалады.

Белгілі бір заттың жоғалуы үшін оның ескіріп, тозуы, мүжіле келе алғашқы тұрпаты мен көлемінен айрылуы қажет болады және осы белгілерге қарап әлгі заттың жойылып бара жатқанын түсіну еш қиындық туғызбайды. Бұл заңдылық дінге де қатысты екенін бағамдаймыз. Дәстүрлі діндердің жойылатынын оның бұрмаланып, түрлі ағымдарға бөлшектенуінен, дінді ұстанатын адамдардың теріс әрекеттерге бой алдырып, сол арқылы діннің қадір-қасиетін кетіруден бағамдауға болады.

Мәселен, орта ғасырларда христиан діні Батыс елдерінің ең басты және ресми діні болды. Діни билік иесі болып табылатын Рим папасының құдыреттілігі сонша, ол Еуропа мемлекеттерінің патшаларын тағайындайтын болды. Дін ең үлкен жер иесіне айналды және дін қызметкерлері саясатқа араласып, ең құдыретті адамдар санатына енді. Ал христиан дінінің бұрмалануы негізінде оның қадір-қасиетінің жоғалуынан ақырындап адамдар діннен теріс айнала бастады. Капиталистік қоғамның орнығуымен христиан діні бұрынғы ақпалынан айрылып, енді бірінші орынға ғылым шықты. Қазір христиан елдеріндегі храмдар мен шіркеулер жаппай жабылуда. Адамдар арасында дінсіз атеистік ұстанымды ұстанатындар саны көбейген және христиандар арасында басқа діндерді ұстанатындар саны да арта түсуде.

Ислам дінінде де соңғы жылдарда құлдырау белгісі анық байқалуда. Діни сарапшылардың мәліметінше, қазіргі күні исламда жүзге тарта түрлі бағыттар бар. Әсіресе, сәлафизм, уахабизм сияқты ағымдар ислам дініне айтып жеткізгісіз үлкен залалдарын тигізуде. Осы ағымдарды ұстанушылар әлемнің әр түкпірінде жазықсыз жандардың өмірін қиған лаңкестік әрекеттер жасап, ислам дінінің қадір-қасиетін әбден түсіріп жатыр.

Ислам адамдар үшін қатерлі дінге айналды

Ислам діні соңғы кезде Қазақстанға да кеңінен еніп, дінді ұстанатындар саны еселеп көбейді. Мешіттер саны жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай жер-жерден жарыса бой көтеруде. Намаз оқитындар арасында тіпті, мектеп оқушылары да бар. Қажыға баратындар саны жыл санап артып келеді. Құрбан айты елімізде ресми мереке ретінде күнтізбеге қызыл түсті бояумен енгізілді.

Ислам діні де басқа дәстүрлі діндер сияқты адамдарды бауырмалдыққа, қайрымдылыққа, кешірімшілдікке, сабырлылыққа уағыздайтын, имандылыққа үндейтін дін. Яғни, ислам дінін ұстанатын адамдардың бойында жоғарыда аталғандай имани жақсы қасиеттер орнығуы тиіс. Дегенмен де, жағдай бұлай болмай тұр. Керісінше, қазір адамдар қауғитып сақал қойған діндар жігіттер мен аузы-бастарына дейін қара матамен тұмшалап алған діндар әйелдерден қорқатын болды. Өйткені, дәл осындай діншілдер әлемнің әр түкпірінде діни түсінік түгілі, қарапайым адами түсінікке жат лаңкестік жаман әрекеттер жасауда.

Қазақстанда ислам дінінің қадірінің кеткені соншалық, көп адамдар әлеуметтік желілерде дінге тіл тигізіп, жаман сөздер айта бастады. Ислам діні адамдарды топастандырады, прогресс пен ғылым-білімнен аулақтатады дейтін сөздер көп естілетін болды. Бұның бәрінің астарында ислам дінін ұстанушылардың жасап жатқан теріс әрекеттері мен теріс түсінігі жатқаны анық. Яғни, ислам діні Пайғамбарымыз айтқандай киімнің бояуының кеткеніндей ақырындап құрып, жоғалып бара жатқандай. Осылай жалғаса берсе, күндердің күнінде ислам діні толықтай жойылып, ол туралы адамдар арасында аңыз сияқты әңгіме ғана сақталатын кез келуі әбден мүмкін.

#Дін #Тылсым дүние

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика