Ислам дініндегі көп әйел алушылық жайы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

гаремЖалпы, көп әйел алушылық ертеден бар және көп халықтарды кездесетін дәстүр. Бұндай дәстүр ислам діні келмей тұрған заманда да арабтардың арасында болған. Осыған орай, ислам дінінде көп әйел алушылыққа рұқсат беріледі. Пайғамбарымыздың бірнеше әйел аландығы белгілі. Бірақ, оның астарында Пайғамбарымыз нәпсіқұмар екен деген мағына жатқан жоқ, ол бұны ислам дінін тарату үшін жасады. Ірі тайпа басшыларымен немесе беделді тұлғалармен жақын болудың бірден-бір сенімді шарты – құда болу еді. Пайғамбарымыз да осы орайда, жаңа ғана қалыптаса бастаған ислам діні қауымдастығын күшейту мақсатында кейбір беделді тұлғалармен немесе ру басшыларымен құда болуға мәжбүр болды.

Дегенмен де, кейін келе мұсылмандар ислам дінінде көп әйел алуға рұқсат етілгендігін пайдаланып, өздерінің нәпсіқұмарлықтарын бүркемелеу үшін бұны мұсылманның бір парызы сияқтандырып алды. «Мың бір түн» ертегісін оқып қарасаңыз, халифалар мен сұлтандардың, байлардың гаремдері болатындығы айтылады. Бұл ертегінің бәрі түгел ойдан шығарылмағандығы, онда ерте замандағы тарихи жағдайлардың көрініс беретіндігі тарих ғылымынан хабардар әркімге де аян. Сол кезден бастау алған гарем дегендер мұсылман елдерінде қазірде де бар. Оның мәні неде?

Гарем деген – бұл бай-бақуатты адамның әйелдері мен күңдеріне арналған мекен-жайы. Ол үлкен сәулетті сарай немесе сырты қоршалған оқшау ғимарат болуы мүмкін. Оның ішіне еркек атаулыдан тек гаремнің қожайыны ғана кіре алады. Онда әйелдер немесе піштірілген әтектер ғана қызмет етеді. Гаремдегі әйел саны  байдың қаншалықты дәулеттілігіне байланысты болмақ. Мәселен, 13-ші ғасырда өмір сүрген Хорезм шахы Мұхамедтің гаремінде 400-дей әйел болыпты. «Мың бір түн» ертегісіне сенсек, Харон Рашид халифаның гаремінде 360 әйелі, әр әйелдің 10 кәнизәгі, яғни күңі болған. Бәрін қосқанда бас-аяғы 4 мыңдай әйел болған. Бүгінгі араб шейхтарының гаремі бұлармен салыстырғанда біршама жұтаңдау деседі. Олардың гаремінде 40-50, әрі кетсе жүзге тарта қыз-келіншек болатын көрінеді.

Ал, енді осы жайды ақылға салып байыптап көріңіз. Бір еркек 400 әйелді қалай қанғаттандыра алады? Бұл мүмкін бе? Ол үшін Қажымұқан бабамыз сияқты салмағы 150 келі тартатын, атан өгізді иығына салып арқалап жүре алатын балуан болуы қажет. Сондай алып күштің өзімен Қажымұқан бабамыздың өзі 400 әйелді емес, ары кетсе 10 әйелдің көңілін таба алар еді. Ал, күш қуаты қарапайым жұрттан өзгеше емес, Хорезм шах 400 әйелді қалай қанғаттандырды екен? Бүгінгі шейхтар жүз қыз-келіншектің көңілін қалай тауып жүр?

Ғылым-білімнен хабардар қазіргі оқырманға адамның, оның ішінде әйел мен ер адамның мүмкіндіктерін айтып, түсіндіріп жату артық. Оқу бітіріп, бір ауданда аудандық газетте бірнеше жыл қызмет істедім. Жатақханада тұратынмын. Осы жатақханаға Есіл қаласынан кәсіптік училищеде оқитын төрт қыз практикаға келіп тұрды. Жастары 15-16 шамасындағы қыздар арақ ішеді, темекі тартады және зина жасайды екен. Соны білген аудан орталығында тұратын жастар кеш болса жатақханаға келіп, таң атқанша шықпайды. Әжетхана далада. Шыға қалғанымда (жаздың күні болатын) сыртта темкі тартып, әңгіме-дүкен құрып тұрған қалың шоғыр ер адамдарды көремін. Олардың арасында бойдақтары да, үйленген, пәлен баланың әкесі болған жігіт ағалары да бар. Төрт қыз жататын бөлменің терезесі ашық. Кезек күткен әлгі еркектер сол терезе арқылы кіріп, босаған қыздың төсегіне жатады. Осылай күнде таң атқанша қызойнақ бір үзілмейді. Бір қыз бір түнде 10-15 еркектің құмарын қандырады. Әлгі қыздар жатақханада екі жетідей болды және бұл оқиға сол екі жетіге жалғасты.

Әйелдердің физиологиялық мүмкіндігі ондаған, тіпті жүздеген ер адамның құмарын қандыруға жетеді. Ал, ер адамдар олай жасай алмайды. Сіз күн сайын он қызбен жататын, осылай апталар бойы үзбей жыныс жақындығына бара алатын ер адамды білесіз бе? Жоқ. Ендеше, неге ер адамдар көп әйел алуға құмар? Бәрі ашкөздіктен, яғни нәпсі адамдардың ақыл-ойын билеп, өз мүмкіндігін ескермей, біреудің көзі жақсы, біреудің өзі жақсы деп көрінгенге көз сүзгізіп қояды. Ал, нәпсісін тыйып, оны бақылай алатын иманды жан жалғыз жарымен бақытты тірлік кешеді. Ол ештеңеге алаңдамайды да, жарынан басқаға көз де сүзбейді.

Ислам дініндегі көп әйел алуға рұқсат дегенді желеу етіп гарем ашып, ондаған, тіпті жүздеген қыз-келіншекті жинап, оларды қамап ұстау – бұл нәпсқұмарлықтың нағыз есуас үлгісінен басқа түк те емес. Шындығында, гаремдегі қамауда жатқан қыздардың көбі қожайынмен ары кетсе бір түнді өткізіп, онан кейін еркек көрмей қартаяды. Осылайша, қанша әйел ашкөз есуас пенделердің кесірінен өмірлерін қамауда өткізеді.

Дінді бұрмалап, өзге дінді ұстанушылардың бәрін кәпір атандырып, барша әлемге ислам үстемдігін орнатуға шақырып жүрген әсіре діндар жихадшылар Сириада қыз-келіншектерді жезөкшеге айналдырып, бірер апта құмарын қандырған соң талақ етіп, басқа біреуге беріп, әйелдерді адам емес, құмарларын қандыратын машина ретінде пайдалануда. Сирияда ғана емес, мұндай сорақылықтар мұсылманның басқа да елдеріне тарап, ол зайырлы мемлекет саналатын Қазақстанда да көрініс берді. Ислам дініндегі талақ деген шартты желеу етіп, бір әйелмен бір жеті тұрып, құмары қанған соң талақ етіп, екіншісіне беріп, қыз-келіншектерді осылай жезөкшеге айналдыратындардың барлығы туралы олардан қорлық көрген әйелдер  ақпарат құралдары арқылы айтып, жазды.

Өкінішке орай, діндегі басқа да бұрмалаушылықтар сияқты көп әйел алуға және талақ рәсіміне қатысты орын алып жатқан келеңсіздіктердің бәрі адамдардың сайтан-нәпсілерін ауыздықтай алмай, соның құлақ кесті құлына айналуынан туған күнакар әрекеттер екендігі ақыл-есі дұрыс әрбір жанға алақанға салғандай көрініп тұрған ақиқат жай. Бұны тек нәпсінің құлы болып, соны ақтап алу үшін дін атын жамылып жүрген көкірегінде дерттері бар, көздерін надандық шелі басқан  пенделер ғана білмейді.  Шын мәнінде жихад дегеніміз – бұл өзге дінді ұстанушыларға қарсы емес, нәпсіге қарсы күрес екендігін пайғамбарымыз ашық айтып кеткен. Бірақ, көздерін надандық шелі басып, нәпсінің құлына айналған пенделер Пайғамбардың сөзіне құлақ аспайды.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика