Ислам дініндегі сопылық ағымы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ислам дінінің тарихына ой жіберіп қарайтын болсақ, сопылық ағымы өз бастауын сонау сахабалар заманынан алатындығын бағамдаймыз. Құраннан барлық сауалдың жауабын табуға болады дейді. Осыған қарап, ислам діні кейбіреулердің айтатынындай, тек этикалық нормалар жинағы емес, ол барша тіршілік туралы түсінік беретін әмбебап ғылым.
Барша адамдардың ғалым болмайтыны сияқты кез-келген мұсылман дін ілімінің білгірі бола алмайды. Ғалым болу үшін сіз аспирантураға түсіп оқып, ғылыми жетекшінің көмегімен белгілі бір тақырыпты зерттеп, жаңалық ашуыңыз шарт. Содан кейін сізге ғылым кндидаты немесе докторы атағы беріледі. Сол сияқты ислам діні ғылымында да сопылық ағымы аспирантураның міндетін атқарады.

Сопылық ислам дінінің ағымы ма, әлде құрамдас бөлігі ме?

Бүгінде ислам дінінің бөлшектеніп, түрлі теріс ағымдардың көбеюіне орай, ислам діні ғылымы, яғни сопылық та өзінің бұрынғы маңызын жоғалтып алды. Осыған орай, сопылық туралы оларды теріс ағым деп түсіндіретін теріс көзқарас қалыптасуда. Бұған сондай-ақ, сопылық ағымы ұстаздары негізін қалаған шәкірттік сабақтастық тізбелерінің үзіліп қалуы да кері ықпалын тигізіп отырғандай.

Ислам діні жоғарыда айтқанымыздай, адамдарды теріс әрекеттен сақтандыратын этикалық нормалар жиынтығы емес, табиғат, тіршілік туралы толыққанды түсінік беретін әмбебап ғылым. Ғылымның дамып, биік деңгейге көтерілуі үшін онымен айналысатын білікті ғалымдардың болуы шарт. Сол сияқты ислам дінінде сопылардың рөлі де сарапшы ғалымдардың рөліне ұқсайды.

Тіпті, пайғамбарымыздың заманында-ақ ислам дінін бөлшектеуге ұмтылушылар бой көтергені белгілі. Ислам дінінің ғалымдары,яғни дін ілімін жетік меңгерген сопылар сондай теріс көзқарастарға тойтарыс беріп, діннің тазалығын сақтауға атсалысты. Шығыстың жеті жұлдызы атанған атақты Сағди, Жәми, Науаи, Низами сияқты ақындардың бәрі де сопы болған және олар соңдарына діни мазмұндағы көптеген құнды еңбектер қалдырған.

Осыларды саралай отырып, сопылық ислам дінінің ажырамас бөлігі екендігін бағамдауға болады. Ғылым ғалымдарсыз дамымайды, сол сияқты ислам дінінің тазалығын сақтау, оның мән-мазмұнын ашу – сопылық ағымның міндеті.

Сопылық жол неден басталады?

Ғылымға жолдың мектептен, мұғалімнен сабақ алудан басталатыны сияқты, сопылы жол да ұстазға, яғни пірге қол тапсырудан басталады. Пір ислам діні ғылымы саласында биікке қол жеткізген ғұлама ғалым болуы шарт. Шәкірт оған қол тапсырған соң, ұстаздың көмегімен ұзақ жолға шығады.

Сопылық ағымда нәтижеге қол жеткізудің тәсілі – медитация, яғни зікір болып табылады. Лә иләха илалла – Алладан басқа тәңір жоқ деген қасиетті сөзді үнемі қайталау арқылы шәкірт ағыл-тегіл келіп-кетіп жататын ой ағымын тоқтатып, бар назарын зікірге аударады. Алғашында дауыстап, содан кейін іштей қайталау арқылы ой ағымында бір бағыттылықты қалыптастырған шәкірт бей-жайлықтан арылып, ой шоғырлауды меңгереді.

Өткен ғасырларда өмір сүрген бір египеттік сопы «қарапайым адамдар үшін тәубе – күнәдан арылу болса, сопы үшін тәубе ақыл-ойдың ауытқушылығын тоқтату» -дейді. Осыған қарап, ақыл-ойды шоғырлаудың ислам діні ғылымын игеруге ниет еткен шәкірт үшін қаншалықты маңызды екендіігн бағамдаймыз.

Шәкірт күніне 4-6 сағат, тіпті онан да көп уақыт зікір айтып, ақыл-ойын шоғырлау техникасын меңгереді. Медитацияда нәтижеге жетудің құралы – жеректің тазалығы болып табылады. Тәкаппарлық, өзімшілдік, дүниеқоңыздық, нәпсіқұмарлық, мансапқорлық сияқты дерттерден арылу үшін шәкірт жұрттан аулақ жападан жалғыз күн кешеді, ерікті түрде диуана болып, қайыр сұрайды, тек тіршілікті сақтауға қажетті мөлшерде ғана тамақтанып, ескі киім киінеді. Бір сөзбен айтқанда, барлық дүниауи қызықтардан баз кешіп, тек Аллаға ғана тәуелді болады.

Сопылықтың жолы, осы жолға түскен шәкірттің қандай биіктерге көтерілетіндігі, бойында қандай қасиеттер пайда болатындығы туралы блогымызда алдағы уақытта жан-жақты жазатын боламыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика