Ислам дінінің үш діңгегі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Егер сіз ислам дінін ұстайтын болсаңыз, міндетті түрде осы үш негізді басшылыққа алуыңыз қажет. Егер олай жасамасаңыз, онда істеген әрекеттеріңіз, орындаған діни парыздарыңыз түгел құмға сіңген судай жоқ болады. Яғни, сіз жасаған әрекет босқа кетеді.

Бұл үш діңгек: шариғат, тарихат және мағрифат деп аталады. Енді осыған аздап тоқтала кетелік. Шариғат – бұл ислам дінін ұстанушылардың ережесі іспетті. Онда нені айтуға болатыны немесе болмайтыны, нені ішіп-жеуге болатыны және тиым салынатыны, нендей әрекет жасау парыз және міндет болып саналатыны, нендей әрекеттен бойды аулақ ұстау қажеттігі нақтыланған. Бұл діни ереже-шарт. Егер сіз бұл ереже-шартты ұстанбасаңыз, оны ескермесеңіз, жасаған тағат ибадаттарыңыздан түк пайда болмайды. Мысалы, мұсылман баласына өтірік айтуға, өтірік куә болуға, балағаттауға, ұрыс-керіске баруға болмайды. Мұсылман Алланың атын атап баыздалған малдың етін және мұсылман үшін адал деп саналған тағамдарды ғана жейді, доңыздың етін жеуге, және Алланың атын атамай бауыздалған мал етін жеуге, иттің, мысықтың, есектің және басқа жануарлар мен аңдардың етін жеуге тиым салынады. Мұсылман баласына намаз оқу, ораза ұстау, хажға бару, садақа беру парыз етілген, зина жасау, кісі өлтіру, ұрлық істеу, қиянат жасау – күнә арқалататын жаман әрекеттер болып табылады.

Осы аталандардың бәрі шариғат деп аталатын діни ереже-шарттарда нақтыланған. Сонымен бірге тарихат деген бар. Ол – тағат ибадатты ынта-ықыласпен орындау. Тарихатты сақтамасаңыз онда сіздің жасаған тағат ибадаттарыңыздан еш пайда болмайды. Өкінішке орай, мұсылманбыз деп жүргендердің көбі шариғатты біледі және сақтауға тырысады да, тарихат дегенді мүлдем ескермейді. Олар намазды жүрдім-бардым, ықылассыз орындайды, намаз уақытында әлденелерді ойлап тұрады.

Қазір психология ғылымында адамдардың өз әрекеттерінің 80 пайызын санасыз, автоматты түрде орындайтыны дәлелденген. Егер сіз бір әрекетті күнде қайталайтын болсаңыз, біраз уақыттан соң әдетке айналып, енді оны еш ойланбастан, автоматты түрде орындай бастайсыз. Бұндай әрекеттер әдетте қалай болса солай орындалады және сапасыз болады. Адам өз әрекетін саналы түрде орындап, оған жете көңіл бөлсе ғана, ол әрекет сапалы болып шығады. Намаз да солай. Күнде намаз оқып жүрген мұсылман жайнамазды жайып қойып, судырата жөнеледі. Ол бәрін автоматты түрде санасыз орындайды. Сондықтан, бұл әрекеттің сапасы болмайды. Сапасыз әрекеттің нәтижесі болмайтыны белгілі.

Қазіргі күні мешітке барып намаз оқитын адамдардың 90 пайыздан астамы осылай намазды санасыз түрде, қалыптасқан әдетке сай оқиды. Намаз оқып тұрғанда басқа нәрсені ойлап тұрады. Соған орай, осылайша оқылған намазға сауап жазылмайтыны өз алдына, адам осы әрекеті арқылы апарадха, яғни дінді қорлауға жол береді. Ал дінді қорлау үлкен күнә әкеледі.  Намазын оқып, оразасын ұстай жүріп адам сауап алудың орнына күнә арқалайды, жүрегі тазарып, бойында имани қасиеттер орнығудың орнына, жүрегі қатайып, бойына тәкаппарлық, мақтаншылық, нәпсіқұмарлық, ашушаңдық, жеңілтектік, дүниеқоңыздық, т.б. жаман қасиеттер орныға бастайды. Бұндай теріс жолға түсіп кетпеу үшін білім, яғни діни ілім-білімді меңгеру қажет.

Сонымен, жоғарыда айтып кеткеніміздей, дінде табысқа жеткіңіз келсе, ислам дінінің үш діңгегі болып саналатын ШАРИҒАТ, ТАРИХАТ және МАҒРИФАТ дегенді қатаң сақтау қажет болады. Ал бұл үш діңгектің тым болмағанда біреуін назардан шығарып алсаңыз, онда жасаған ибадаттарыңыз далаға кетеді.

Қазіргі күні ересектермен бірге, мектепте оқитын балалар да намаз оқып, ораза ұстайтын болды. Сырт қарағанда бұндай өзгеріске қуану қажет. Жас ұрпақ дін жолына түсіп жатса, онда қоғамымыздың ертеңгі болашағы жарқын болады деуге негіз бар. Теория жүзінде солай, яғни адамдардың басым көпшілігі дінге жүзін бұрса, ондай қоғамда имандылық орнығып, жаман әрекеттер азаяды, осыған орай қоғам жан-жақты дамуға мүмкіндік алады. Ал қазір бәрі керісінше болып тұр. Ислам дінін ұстанатын адамдар, оның ішінде жастар қатары көбеюде, бірақ қоғамда қылмыс, зинақорлық, маскүнемдік пен нашақорлық белең алып барады. Бұның бәрі ислам дінінің жоғарыда айтылған үш діңгегі саналатын шарттарды дұрыс ұстанбаудың нәтижесі.

Қазақта «көтере алмайтын шоқпарды қарыңа байлама» деген сөз бар. Егер сіз ислам дінін ұстанғыңыз келсе, шариғат пен тарихатты, оған қоса мағрифат деген шарттарды толықтай ұстанып, дінге шындап көңіл қоюыңыз шарт. Олай жасамайды екенсіз, онда дұрысы діннен аулақ жүрген. Өйткені, дінді ұстана жүріп сіз пайда емес, керісінше залал табасыз, бойыңызда имани емес, сайтани қасиеттер орнығып, теріс жолға түсесіз. Бұл сізге керек пе?

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика