Күнә дегеніміз не?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Дәстүрлі діндердің ережелеріне сай, күнә деген – бұл дінде белгіленген шариғат заңдарына қайшы келетін әрекеттер, яғни Алланың заңдарын бұзу. Мемлекеттің заңдарын бұзу заң шеңберіндегі жауапкершілікке ұшыратса, Алланың заңдарын бұзу да күнә болып саналып, бұл дүниеде жаман карма арқалау арқылы түрлі қиындықтарға тап болу, ал бақи әлемде тозақ отына өртену түрінде жазаға тартылады екен.

Жалпы алғанда, күнә деген ұғымның ауқымы біз ойлағаннан біршама кеңдеу. Діни шарттарға қайшы келетін істермен бірге адамдарға залал тигізетін жаман істер де күнә болып табылады. Мәселен, дәстүрлі діндерде, оның ішінде ислам дінінде қызмет бабын пайдаланып пара алу, мемлекет қаржысын жымқыру түріндегі жемқорлық туралы нақты түсініктер жоқ. Соған қарап,  өзіміз өмір кешіп жатқан қоғамда қылмыс болып саналатын бұндай әрекеттер күнә емес екен деуге болмайды. Бұл әрекеттер басқаларға залалын тигізеді екен, онда ол күнә болып табылады.

Сонымен, күнә дегеніміз: шариғат заңдарына қайшы келетін әрекеттер мен өзгелерге залал тигізетін істер деуге болады. Бірақ та, бұл да күнә ұғымының толық мәнін ашпайды.

Бір жолдас жігіттің баласы «мен ұрлық істемеймін, арақ ішпеймін, зина жасамаймын, бала-шағамды адал еңбегіммен асырап жүрмін, ешқандай күнәм жоқ» деді. Мемлекеттің заңдарын бұзбаса, басқаларға залалын тигізбесе, адал еңбегімен күн көрсе – бұны күнәдан аулақ таза болу деп түсінетіндер бар. «Мен не бүлдіріп қойыппын сонша, қандай күнәм бар, күнадан тазамын» дейді ондайлар. Шынында солай ма?

Жаратқан пенделерін табиғи қалпына, яғни Алланың мәңгі ажырамас бөлшектері, яғни қызметшілері  кейпіне оралулары үшін дінді жаратып, сол дін арқылы пенделерін Өзіне қызмет етуге ынталандырған. Бұл – мәселенің бір жағы. Ал, оның екінші жағы – адам баласы барша тіршілігі үшін Жаратқанға 100 пайыз қарыздар болғандықтан, оның ақысын төлеу парыз болып табылады. Осы орайда, әрбір адам өзі ұстанатын дәстүрлі дін шеңберінде Жаратқанға қызмет ету шарттарын орындауы арқылы мойнындағы туған кезден, өлгенге дейін созылатын қарыздарын өтейтін болады.

Бұны қарапайым тілмен былай түсіндіруге болады: Егер сіз жайлы пәтерде тұрсаңыз, алған түрлі коммуналдық қызметтеріңіз үшін ақшасын төлемесеңіз, онда құзырлы ұйымдар сот арқылы сізді қарызыңызды төлеуге еріксіз мәжбүрлейтін болады. Сол сияқты Алланың алдындағы парыздарымызды өтемегендігіміз үшін де, біздің мойнымызға қарыз түріндегі күнә жазылады екен. Сондықтан «мен ешкімнің ала жібін аттаған емеспін, адал өмір сүремін, ешқандай да  күнәм жоқ» деген пікір қате ғана емес, зиянды да. Өйткені, сіз Жаратқан берген тән мен ақыл-ой, сезім, күш-қуат арқылы өмір кеше жүріп, оның ақысын төлемесеңіз, бұл заң бұзушылық, жалпақ тілмен айтқанда қылмыс. Ал қылмыскер жазасын алуы тиіс.

Сонымен, күнә дегеніміз әрбір дәстүрлі дінді ұстанушыларға шариғат заңы арқылы белгіленген талаптарды бұзу және діни парыздарын орындамау екен. Шариғат талаптарын сақтап, діни парыздарын орындап жүрген адамды мемлекеттің заңдарын сақтайтын адаммен салыстыруға болады. Мемлекет заңдарын сақтап, оны бұзбайтын жан еркін өмір сүреді, мемлекетпен ара қатынасы дұрыс болады. Сол сияқты, Жаратқанның белгілеп берген шариғат заңдарын сақтап, діни парыздарын орындаған адамда ешқандай проблема болмайды.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика