866 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

көзілдірікБүгінде көзілдіріксіз өмірді көз алдымызға елесете алмайтындай болдық. Оны бес жастағы баладан бастап, тоқсандағы қарияларға дейін киеді. Біреу сән үшін, енді біреу күн көзінен қорғайды деп, ал басқалары көру қабілетінің нашарлығынан киеді. Қалалар мен үлкен елді мекендерде қаптап кеткен оптикаларды былай қойғанда, көзілдірік сатып тұрғандар қара базарларда да жыртылып айрылады. Ағы, қарасы, көгі, жасылы дейсің бе, көркі көз жауын алатын бірінен бірі өтетін тамаша көзілдіріктерді көргенде еріксіз қызығасың. Қызығасың да бағасы онша қымбат емес сондай көзілдіріктің бірін сатып аласың. Бірақ, оның ақырының денсаулығымызға қаншалықты қатер төндіретіндігін екінің бірі елеп, ескере бермейді.

Ғалымдардың айтуынша қазір өткен ғасырға қарағанда көзге түсетін салмақ 40 пайызға артқан. Ұйқыдан көзін аша сала теледидарды қосып, жаңа күнін қаптаған телеканалдардан беріліп жатқан түрлі хабарларға қадала қараудан бастайтын адамдар көздеріне  қаншалықты салмақ салып жатқанына мүлдем назар аудармады. Жұмыс бөлмесінде таңертеңнен кешке дейін компьютер алдында отыратыныңыз өз алдына, арасында газет-жорналға қарап, одан қалды ұялы телефоныңызды айналдырып, әйтеуір көз жанарыңызға дамыл таптырмайтыныңыз анық.

Жанарға түсетін жүктеменің көбеюінен болар, көздері нашар көретіндер қатары уақыт өткен сайын еселеп артып келеді. Көзіңіз нашар көре бастаса барар жеріңіз көз дәрігері болатыны белгілі. Ал, олардың сізге қолданар жалғыз емі – көзіңіздің көру дәрежесін анықтап, соған орай көзілдірік жазып беру ғана. Алғаш көзілдірік киген кезде нашарлай бастаған жанарыңыз қайта ашылғандай өзіңізді тамаша сезініп қалатыныңыз бар. Бірақ бұл уақытша және өткінші сезім. Келе-келе көзілдіріктің қолайсыздықтарын сезе бастайсыз. Мұрныңыздың үстіне қондырған көзілдірік қан қысымын арттырады дейді ғалымдар. Сондай-ақ тек алдыңызға қарап жүретіндіктен көздің қарашығын қозғалысқа келтіретін бұлшық еттері семе бастамақ. Содан сіз көп ұзамай біреу атыңызды атап шақырса, бар денеңізбен бұрылатын күйге жетесіз.

Жә, бұл қолайсыздықтардың бәрі ештеңе емес, ең сұмдығы көзілдірікті тастамай киіп жүрген адам берер жылдан соң көзінің онан әрі нашарлағанын сезіне бастайды. Соған орай дәрігер оған минус, не плюс екінің орнына үшінші, одан кейін төртінші көзілдірікті киюге ұсыныс жасайды. Осылайша, көзілдірікке әбден еті үйренген пенде минус 10, тіпті 15-інші көзілдірік киетін жағдайға жетеді. Көзілдірігін шешсе-ақ, көз алды бұлдырап ештеңе көрмейтін жағдайғға жеткен шерменде көзілдіріксіз орнынан қозғала алмастай болады. Яғни, көзілдірік атты кесапатқа әбден байланады. Бұл – көзілдірік киіп жүргендердің көпшілігінің басынан кешетін жайлар.

Көзілдіріктің осындай қолайсыз жақтарына орай, соңғы кезде линза киюге ден қойғандар қатары артып келеді. Линзаның артықшылығы сол, тек алдыңызға емес, жан-жағыңызға қарауға да мүмкіндік береді, осыған орай, көз бұлшық еттері де сембейді. Әрі көзілдірік сияқты киіп, алып жатпайсыз. Рахат. Линзаның да түр-түрі бар. Көк, қара, жасыл дейсіз бе, қалағаныңызды киіп, қызылды-жасылды тірліктің қайнаған ортасында қызық қуып жүруіңізге болады. Бірақ, бұл «рахаттың» бағасы қарапайым көзілдірікке қарағанда біраз қымбат. «Екі көзіңіз» 3 мың теңге тұрса, қажетті арнайы сұйықтық контейнері 2 мың теңге. Ал, оны 2-3 ай сайын ауыстырып отыратыныңыз тағы бар. Шынын айтқанда, бұл жалғыз жалақымен отырған бюджет мекемесінің ортақол қызметкерінің қалтасына тым ауыр түсетін «рахат».

Дегенмен де, соңғы жылдары бағасының қымбаттығына қарамай линза алушылар қатары өсе түсуде. Бірақ, линза дегеніңнің де олқы тұстары жетіп артылады екен. Американың Огайо штатының мамандары линзаны үзбей киіп жүретін әрбір жүз адамның онының көзінің мөлдір қабатына зақым түсетіндігін, ол кейін келе жараға айналып, су қараңғы соқырлыққа дейін жеткізетіндігін анықтаған.

Көзге түсетін салмақ уақыт өткен сайын көбейіп барады, ал көз дәрігерлерінің көру қабілетін жақсарту үшін бізге берер жалғыз кеңесі көзілдірік, не болмаса линза кию ғана. Сонда не істемек керек?

Бұл тығырықтан шығудың жолын Новосібір университетінің профессоры Владимир Георгиевич Жданов өзінше ұсынады. Прфессор Ждановтың айтуынша, көру қабілеті төмендеген адамға көзілдірік кигізу осыдан 160 жыл бұрын неміс ғалымы Герман Генгольфтің ұсынған тәсілі екен. Генгольфтің пікірінше, көз фотопарат обьективі сияқты. Адам алысқа қарағанда көз қарашығы кейін жиырылып, ішіне енеді де алыстан көруге мүмкіндік жасайды. Ал, газет оқығыңыз келсе, онда көз қарашығы алдыңғы жаққа қарай жылжып, соның нәтижесінде жақыннан көруге мүмкіндік тумақ. Осыған орай, Генгольф алыстан және жақыннан көрмейтіндерге плюс, не минус көзілдірік кигізу арқылы оның көру қабылетін қалпына келтіруге болады дегенді ұсынған. Міне, осы тәсіл бір жарым ғасырдан астам уақыт бойы еш өзгеріссіз пайдаланылып келеді.

Ал, Генгольфтен елу жыл кейін американдық көз дәрігері Уильям Гейц Генгольфтің тұжырымдамасының мүлдем қате екендігін, көзілдірік кию адамның көз жаанрын қалпына келтірмейтіндігін, керісінше көз қарашығын қозғалысқа келтіретін бұлшық еттердің семіп қалуына, сөйтіп көз жарнарының онан сайын нашарлауына соқтыратындығын дәлелдеген. Ол осы жайды отыз жылдан астам уақыт бойы зерттеп, көздің бұлшық еттерін қалпына келтіретін қарапайым жаттығулар кешенін жасайды. Шынын айтқанда, Гейц бұл жаттығуларды жергілікті үндіс тайпаларынан алады.

Бүгінде новосібірлік профессор Ждановтың жалпақ Ресейге тілі жеткенше айтып және оны нақты тәжірибе жүзінде қолданып жүрген тәсілі де осы Гейцтің көз жанарын қалпына келтіруге арналған қарапайым жаттығуларын пайдалану. Біраз жылдардан бері көз жанарын қалпына келтірумен айналысып келе жатқан Ждановтың айтуынша, осы жаттығуларды қолдану арқылы минус, не плюс 10-15-ші көзілдірік киетін, көзілдірікісіз жүріп-тұра алмайтын адамдар бірнеше айдан соң көзілдіріктен құтылып, жанарлары жарқырап шыға келген. Оны айтасыз, туа бітті қитарлықтан, енді басталып келе жатқан катаркта деген көз ауруларынан да жазылып, құлан таза айығып кеткендер көп болған.

Бүгінде көру қабілеті нашарлап, көзілдірікке байланғандар аз емес. Егер қарапайым жаттығулар арқылы көз жаанрын қалпына келтіруге болатын болса, неге жұрт соны пайдаланбайды? Бақсақ бақа екен дегендей, адамның қос шырағын қалпына келтіретін бұл тамаша тәсілді пайдалануға кедергі келтіріп отырған жай бар екен. Ол – ақша, ақша болғанда мол ақша табуға деген ынтызарлық. Көзі тірісінде талай зағиптардың көз жанарын қалпына келтіріп, өз пікірін іс жүзінде дәлелдеген Гейцтің тәсілін көміп тастаған американдық кәсіпкерлердің құлқынын тескен ақша болғандығы анық. Қазір жыл сайын көзілдірік сатудан әлем елдері жүз миллиард доллардан астам табыс табады екен. Көзілдірік шығаратын қаншама кәсіпорындар бар, оны сатумен айналысатын компаниялар мен фирмалар, одан қалды қара базарларда көзілдірік сатып нәпақасын тауып жатқандар қаншама. Оларға сіздің көзіңіздің жарқырап көріп кетуі мүлдем қажетсіз. Керісінше, көзілдіріксіз жүре алмастай күйге түсіп, жыл сайын жаңасын сатып алып жатсаңыз, кәсіпкерлерге керегі де сол.

Профессор Жданов көз жанарын қалпына келтіру жөніндегі лекцияларын оқу үшін талай телеарналардың табалдырығын тоздырыпты, бірақ бірде-бірі рұқсат етпеген. «Тек Кемеров губерниясының губернаторы Аман Төлеев қана түсіністікпен қарап, өзі мені алып жергілікті телеарнаға барып, бір сағат уақыт беруді тапсырды, кейін ол хабар Кемеров телеарнасы арқылы әлденеше рет қайта қайталанып берілді» дейді профессор Жданов. Бүгінде Ресейде профессор Ждановтың тәсілімен айналысып, көзілдірікті тастап толыққанды өмір сүріп жатқандар көп және олардың қатары жыл санап артып келеді.

Өткен жылы бір таныс жігіттің көзіне операция жасап, сәтсіз жасалған операциядан кейін көзі мүлдем көрмей қалды. Оның көңілін сұрап барғанымда қатты күйзеліспен «тағы да операция жасаймыз дейді, егер ол сәтсіз болса су қараңғы соқыр болатын шығармын, ондай өмірдің қажеті қанша» деген еді. Әйтеуір сәтін салғанда екінші  операция сәтті өтіп, оның көзі көретін болды.

Ақмола облысының аумағында ғана көздері мүлдем көрмейтін 1330 зағип бар екен. Ал, көзілдіріксіз жүріп-тұра алмайтындар қаншама? Жоғарыдағы көзілдірікке қатысты айтылған жайлардан адам үшін ең қымбат – қос шырғамызды аман сақтап, жарық дүниенің қызығын көргіміз келсе көзілдірік, линза сияқты жасанды «көздерден» аулақ болып, Жаратқан берген табиғи қалпымызды сақтағанымыз жөн-ау деген ой түиіндеуге  болатындай.

 

Артық салмақтан арылу, сұлу, сымбатты болып, өзіңізді әрдайым сергек сезіну, аурулардан аулақ болып, денсаулықты нығайту, халық емшілігі - осылардың бәрін сіз мына сайттан таба аласыз (сілтемені басып сайтқа кіріңіз): https://eatsdiet.ru/

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика