Күнделікті өміріңізді реттеу арқылы игілікке қол жеткізесіз

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өзін жетілдіруЖаратқан барша әлемді, жанды-жансыз заттардың бәрін үлкен реттілікпен, белгілі бір жүйемен жаратқан. Күн мен түн, жыл мезгілдері қатаң реттілікпен ауысып отырады. Жан-жануарлардың, өсімдіктердің тірлігінде де үлкен реттілік бар. Тек адам ғана Алланың осы заңдылығына бағынбай, өз қалауынша бейберекет өмір сүреді.

Бейберекет тірлік берекесіздікке бастайды

Адамдардың көбі көңілі қалаған іспен айналысып, жоспарсыз, реттеусіз бейберекет өмір кешеді. Ондайлар көңілі қалаған уақытта ұйықтап, тамақ ішеді, денсаулығына залалды екендігін біле тұра арақ ішіп, темекі тартады. Осыған орай, ондайлардың әрекетінің нәтижесі де өзіне залалын тигізетіндей жаман болып келеді.

Ұйықтау, тамақтану тәртібін сақтамағандықтан, түрлі аурулар бой көтеріп, ұйқы бұзылады, ал ұйқы бұзылғандықтан адам өзін күндіз жұмыс істейтін уақытта әлсіз сезініп, жұмыс қабілеті төмендейді. Дұрыс жұмыс жасамағандықтан, жұмысы өнбейді, соған орай табысы азаяды.

Ал арақ ішіп, темекі тартатын адамдар арақ пен темекіге біраз ақшасын шығын ететіндігі өз алдына, денсаулығын нашарлатып, еңбек ету қабілеті төмендейді. Оның да салдары жоғарыда айтқанымыздай залалды болып шығады.

Ісім алға бассын десеңіз, өміріңізді реттеңіз

Күнделікті шаруаларыңызды жоспармен ойластырып жасау арқылы сіз бұрын қолыңыз бармай жүрген көп жұмыстарыңызды бітіріп, ісіңіз өрге басады. Қойын дәптерге, болмаса күнделік дәптерге сол күні жасайтын істеріңізді ретімен жазып қою – бұл көп уақытты, күшті талап етпейтін жеңіл шаруа.

Күнде таңертең «бүгін не істеймін?» деп өзіңізге сауал қойып, атқаратын шаруаларыңызды рет-ретімен қойын дәптеріңізге жазып алыңыз. Мәселен: 1 – кешкілік 22.00-де ұйқыға жатып, таңертең 5.00-де тұру; 2-мұздау суға шомылу; 3- таңертеңгілік дене жаттығуы (30-40 минут); 4 – таза ауада жаяу серуендеу (30-40 минут); 5 – ағылшын тілін немесе интернет-бизнес курстарын оқу (интеллектуалдық даму – 1-2 сағат).

Бұл қатып қалған жоспар емес, оны қалауыңызша өзгертіп, өзіңіздің ыңғайыңызға қарай бейімдеп жасауыңызға болады. Дегенмен, онда денсаулығыңызды нығайтуға, интелектуалдық жағынан дамуға, материалдық игіліктеріңізді молайтуға жағдай жасайтын пайдалы шаруаларды қамтуыңыз шарт.

Өмірді реттеу адамға не береді?

Мен 18 жасқа дейін басқа замандастарым сияқты бейберекет тірлік кештім. Түн ортасына дейін теледидар көріп, демалыс күндерінде сағат 10-11-ге дейін ұйықтайтынмын. Тамақты да қалаған кезімде жей салатынмын. Нәтижесінде тәбет деген болмады, кейде түн ортасында ұйқымнан оянып кетіп, таң атқанша көз іліндіре алмайтынмын.

Ал әскерге барған соң күнделікті өмірім реттеушілікке түсті. Кешкілік 22.20-да ұйқыға жатып, таңертең 6.20 –да оянамыз. Таңертеңгі, түскі, кешкі тамақты белгіленген уақытта ішеміз. Нәтижесі: тамаққа деген тәбетім күшейгені сонша берген тамағын әп сәтте тақыл-тұқыл тауысып қоятынмын және әрдайым тамақ аз болып қалды деп ойлайтынмын. Ұйқыға жатқан сәтте бірден қатып ұйықтап, таңертең «подьем» деген команда естілгенде ғана оянатынмын.

Ұйқы мен тамақтың қадірін әскер қатарында жүргенде ғана сезгендей болдым. Бүгінгі күнге дейін мен үшін солдат ботқасынан дәмді тамақ жоқтай. Майысып қалған алюмини тостағанға салынған ботқа мен темір күрешкеге құйылған грузин шәйінің дәмі әлі күнге таңдайымнан кетпейді.

Бейберекеттік адам өмірін сұрықсыздандырып, жалқау, бойкүйез, аурушаң етеді. Бұның бәрін өз басымнан өткергендіктен, соңғы он жылдың ішінде мен күнделікті өмірімді қатаң реттеушілікке бағындырдым. Оның әдетке айналғаны сонша, қазір өзім белгілеген дағдыны бұзу маған еш мүмкін емес сияқты сезіледі.

Нәтижесі: ауру дегенді, ауруханаға баратын жолды, дәрі-дәрмекті ұмыттым, тамаққа тәбетім жақсы және жақсы ұйықтаймын. Оған қоса, күн сайын көптеген пайдалы шаруаларды жасаймын, күнде кешкілік бітірген істерімді ой елегінен өткізіп отырамын. Бұл – жадыны (память) жақсартады және пайдалы іспен айналысуға ынталандырады.

Түйін: егер сіз күнделікті өміріңізді реттемей, жоспарсыз, жүйесіз бейберекет тірлік ететін болсаңыз, қойын дәптер ашып, күнделікті өміріңізді өз қалауыңызша және мүмкіндігіңізге қарай: 1) денсаулығыңызды нағайтатын, 2) интелектуалдық жағынан дамытатын, 3) материалдық жағадйыңызды жақсартатын шаруаларды атқаруға бағыттап, жоспарлауды әдетке айналдырыңыз.

Сонда ойыңызға алған шаруаларыңыздың бәрі орындалып, көп ұзамай тірлігіңіздің алға басқанын көресіз. Бұның еш қиындығы жоқ және көп уақытыңызды алмайды. Оның есесіне бұл өміріңізді 100 пайызға өзгертеді. Бұл – АҚИҚАТ.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика