Мақсатқа жетудің кепілі – жоспарлы жұмыс жасау
Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
Блогымызда барлық іс-әрекетімізді, жалпы өмірімізді жоспарлап отырудың қаншалықты игі әсерінің болатындығы туралы бұрынырақта жазған болатынбыз. Бұл тақырыпқа қайта оралуымызға бір оқырманымыздың өтініші себеп болды. Яғни, аталмыш тақырыпқа деген қызығушылық бар екендігі байқалады.
Адамдардың басым көпшілігі жұмыстарын, жалпы өмірін еш жоспарсыз жүргізеді. Ондай адамдардың тірлігін жалпылама былайша сипаттауға болады: таңертең оянып, таңғы асын ішкен соң жұмысқа асығады. Содан басшылардың тапсырмасын орындап, күнделікті ағымдағы жұмыстардың ықпалымен кешке дейін уақыт өткізеді.
Жоспар санамыздағы ретсіздікті тыяды.
Жұмыстан үйге келген соң теледидар көреді немесе тамыр-таныстарына қонаққа барады, әңгіме дүкен құрып, түн ортасы ауа демалуға жатады.
Алдарына нақты мақсат қойып, соған жетемін деп саналы түрде ұмтылмайтын ондай жандар ешқашан биіктерге көтеріле алмайды. Жөпелдеме кездейсоқ бақ құсы қонып, әлденеге жете қалғанның өзінде оны ұстап тұру, онан әрі жетістігін дамытуға қабілет-қарымы жетпей жатады.