Мақсатқа жетудің қарапайым тәсілі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Егер шындыққа тура қарап айтар болсақ, адамдардың көпшілігі алдарына нақты мақсат қоймай, бүгінгі күннің өлшешімен тірлік кешеді. Ондай жандар әдетте тамағы тоқ, киімі бүтін, жұмысы бар болса, соған қанағат етіп, «таңғы ас тәңірдің мойнында» деген пиғылмен өмір сүреді. Ондай адамдар әдетте ешқашан, ешқандай биік нәтижелерге жете алмайды.

Мақсат дегеніміз не?

Адамдардың көбінің мақсатсыз өмір кешетінін айтып кеттік. Десе де, мақсатсыз тірлік кешіп жатқандардың өзі бұл шындықты мойындамайды.  Иә, саналы адам болғасын мүлдем арман-мақсатсыз өмір сүреді деуге болмайды. Тіпті, ақылы толыспаған жас сәбиде де арман-мақсат болады. Олар тәтті жегісі, ойнағысы, үлкендерге еркелегісі, басқа достарында жоқ ойыншық алғысы т.т. келеді. Бұның бәрі шындығында арман-мақсат.

Ал жоғарыда айтып кеткен бүгінгі күннің өлшемімен тірлік кешіп жатқан жандарда да сол сәбидегі  сияқты нақтыланбаған, бұлыңғыр арман-ниеттер болады. Олар да жалақысы көбірек жұмыс тапқысы, жақсы үйде тұрып, молшылықта өмір сүргісі, денсаулықтарының жақсы болуын, т.т. қалайды. Бірақ, бұның бәрі нақты емес, бұлыңғыр, «шіркін солай болса жаман болмас еді-ау» деген сияқты арман-қиял түріндегі мақсаттар.

Осы арада «мақсат деген не?» деген сауалға нақты жауап беріп, мақсат туралы пікіріміздің басын ашып алу қажет. Арман-қиял түріндегі «шіркін, солай болса ғой» деген пиғылдағы және күн сайын сыртқы жағдайлардың әсерімен өзгеріп отыратын бұндай ниет – мақсат емес. Мақсат – ол нақты жүзеге асыруды ойлап, жоспар түрінде жасалған және оған жетсем мынадай жетістікке ие боламын деген нақты оймен бекітілген арман-ниет.

Енді осы тұрғыдан алып қарасақ, адамдардың 90 пайызының нақты мақсаттары жоқ деп айтуға болады. Олардың бәрі жоғарыда айтқанымыздай «шіркін солай болса» деген арман-қиял түріндегі бұлыңғыр мақсат-ниеттің жетегінде жүреді және олардың мақсат-ниеттері үнемі өзгеріп отырады. Адамдардың 90 пайызының өмірде ойларына алғандары орындалмай, биік нәтижелерге жете алмай жатуының бірден бір және негізгі себебі осы дейді өзін өзі дамыту ғылымының білгірі Брайан Трейси.

Мақсатқа жету үшін не істеу қажет?

Брайан Трейси мақсатқа жетудің мынадай қарапайым және жұрттың бәріне қолжетімді тәсілін ұсынады. Айта кету керек, осы тәсілді пайдаланған мыңдаған, миллиондаған адам ойға алған мақсаттарына жеткенін өмір тәжірибесі көрсетуде. Яғни, бұл  ойдан шығарылған теория емес, өмірде жұмыс істейтін және нақты нәтижеге жеткізетін тәсіл.  Енді осы тәсілді кеңірек баяндайтын уақыт келгендей.

Оқушыларға арналған қалың дәптер немесе блакнот сатып ал дейді Брайан Трейси. Бұл тәсілдің ең басты шарты – осы. Қойын дәптерді алдыңыз. Енді таңертең ертерек тұрып, жұмысқа барар алдында асықпай отырып, әлгі дәптерге ойыңызға алған 10 мақсатыңызды жазыңыз.  Егер сіз бұрын мұндай шаруамен айналыспаған болсаңыз, қандай мақсат жазамын деп басыңызды ауыртуыңыз мүмкін. Тіпті, жазумен айналыспаған пенделердің он мақсатты жазып шығуы да екіталай. Сондықтан сіздің назарыңызға  үлгі-мысал ретінде мынадай 10 мақсатты ұсынамын. Оны пайдаланасыз ба, жоқ па – ол өз еркіңізде және сіздің масқатыңыз бұдан гөрі, басқаша болуы  мүмкін.

1 Айлық табысымды жыл соңына дейін 2 есеге арттырамын;

2 Тапқан табысымның 20 пайызын ай сайын депозитке салып, көбейтіп отырамын;

3 Қосымша бірнеше табыс көзін жасаймын: ол үшін интернет арқылы жұмысыма кедергі келтірмей қосымша табыс табатын мүмкіндіктерді қарастырамын;

4 Өзімді интелектуалдық  жағынан жетілдіремін, ол үшін бизнес, инвестиция туралы кітаптарды күн сайын үзбей оқитын әдетті қалыптастырамын, айына кем дегенде 1 кітап оқып отырамын;

5 Ағылшын тілін меңгеремін, бұл болашағыма үлкен көмегін тигізеді, сондықтан күн сайын уақытымды бөліп, ағылшын тілі курсында оқитын боламын;

6 Жұмыс істеп, жақсы табыс табу үшін денсаулығым жақсы болуы керек, сондықтан денсаулықты нығайтуға үнемі көңіл бөлетін боламын, ол үшін күнде ерте жатып, ерте тұрамын, таңертең 20-30 минут дене жаттығуын жасаймын, күніне 1-2 сағат таза ауада серуендеймін, салауаттылықты ұстанамын;

7 Табысқа жетудің тағы бір кілті – адамдармен жақсы қатынаста болу, сондықтан бірге қызмет істейтін әріптестеріммен, туыс-бауырларыммен, тамыр-таныстарыммен, тіпті көшеде кездейсоқ кездескен адамдармен де жылы сөйлесіп, ұрыс-керістен аулақ боламын;

8 Алдағы 2-3 жылдың ішінде табысымды 10 есеге дейін көтеріп, бақуаттылыққа қол жеткіземін. Ол үшін қосымша табыс көздерін жасаймын, депозитке ақша саламын, құнды қағаздар сатып аламын, сөйтіп, табысымды көтеру жолдарын үнемі қарастырып, соны іске қосып отырамын;

9  Табысымды көтеру үшін қашықтан оқыту арқылы қазіргі заманғы бірнеше интернет мамандықтарды игеремін: атап айтқанда – МЛМ бизнесті жүргізу, әлеуметтік желілермен жұмыс істеп, клиенттер тарту, әріптестік бағдарламаларға қатысып, табыс табуды меңгеру, т.б.

10 Уақытымды әрдайым тиімді пайдалануды үйренемін, ол үшін: тамақтану, демалу тәртібін белгілеп, соны сақтаймын, пайдалы ақпараттар алуға уақыт бөлемін, өзімді жетілдіруге көңіл бөлемін, салауаттылықты ұстанамын, пайдасыз бос уақыт өткізуден бас тартамын, күн сайын, апта соңында және ай соңында жеткен жетістіктерім туралы өзіме есеп беріп отырамын.

Түйін: Сіздің назарыңызға ұсынып отырған  бұл қарапайым тәсіл кез-келген адамның қолынан келетін шаруа. Сіз күн сайын таңертең ойыңызға алған 10 мақсатыңызды жазып шығасыз. Келесі күні дәптердің екінші бетіне тағы жазасыз. Жазып жатқанда алдыңғы күнгі жазғандарыңызға қарамау қажет. Яғни, ойсыз көшіріп алмаңыз. Күн сайын ойланып отырып, 10 мақсатты жазып отырыңыз. Бір айдың ішінде ойыңыз нақтыланып, қандай мақсат екендігі анық көрінетін болады. Бұл мақсаттар енді сіздің санаңыздың терең түкпіріне еніп, түйсігіңіз арқылы сізді сол мақсаттарға жетуге итермелейді және мақсатыңызға жеткізетін адамдармен, мүмкіндіктермен табыстырады, жетелейді. Содан күндердің күнінде ойға алған мақсаттарыңыздың қалай орындалғанын өзіңіз де білмей қаласыз дейді Брайан Трейси. Бұған сеніп, қабылдайсыз ба, жоқ па – ол өз шаруаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика