Міндетті орындау міндет

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

денсаулықӘр адам дүниеге келген кезінен бастап мойнына көптеген міндеттер жүктеледі. Өзін жарық дүниеге әкелген ата-анасының, дос-жарандарының, ағайын-туыстың, ауылдастарының, көрші-қолаңның, ұстаздарының, өзі еңбек ететін ұжымның, Отанының алдындағы міндеттер бар. Бір сөзбен айтқанда, адам өле-өлгенше мойнына көптеген міндеттер арқалайды.

Міндетіне адал адамды Алла да ұнатады

Ведалық ілім бойынша «дхарма» деген түсінік бар. Оның мәні мынада – әр адамның мойнына жүктелген көптеген міндеттер болады және оны орындау арқылы пенде Жаратқанның разылығына бөленсе, керісінше орындамау күнәларға жол ашып, екі дүниедегі өмірін қиындатпақ.

Өз дхармасын, яғни міндетін адал орындаған адам шариғат жолымен жүріп, діни парыздарын атқармаса да, бұл дүниенің игілігін татып, бақи дүниеде де жұмақтан нәсіп бұйырмақ. Керісінше, пендешілік міндеттеріне назар аудармай, тек діни шарттарды ғана орындаумен шектелетін жанның жасаған тағат ибадаттары күнәсінен тазарта алмайды.

Өз міндетіне адалдық деген не? Менің әкем қарапайым еңбек адамы болды. Төрт сыныптық қана білімі бар, газетті ежіктеп әрең оқитын. Дегенмен, ол кеңшардың абыройлы диқаны болды. Жақсы еңбегі аталып өтіп, көтерме сыйлықтар, біраз медальдер алды. Арақ ішпейтін, темекі тартпайтын және отбасын қамтамасыз ету үшін жан аямай маңдай терін төгіп адал жұмыс жасады. Адал жар, сүйікті әке, жастарға үлгі аға, үлкендерге кішіпейіл іні бола білді.

Ол кісі көршілермен өте жақсы қарым-қатынаста болды. Жетім-жесірлерге үнемі қолдан келген көмегін көрсететін. Әр жұма күні кешкі тамақтан соң бәрімізді отырғызып қойып, өзі білетін құран аяттарын оқып, әруақтарға бата жасайтын. Біреу қайтыс болса, оның қабірін қазуға өзі сұранып баратын.

Міндетін дұрыс атқармау адамды аздырады

Өз міндеттеріне адал қарамайтын пенделерді бүгінде қай-қайсымыз да күнделікті өмірде жиі көріп, тоқайласып жүреміз. Мәселен, өзіне сеніп тапсырған мемлекеттік жоғары лауазымды қызметті қарақан басының мүддесіне пайдаланып, мемлекет қаржысын ұрлайтын, пара алатын шенеуніктерді өз міндетін адал атқарып жатыр деуге бола ма?

Сондай-ақ, әйел-баласын тастап, жас қыз-келіншектердің соңында кеткен, бала-шағасына көмектеспейтін, тіпті алимент төлеуден жалтаратын «көкек әкелерді» өз міндетіне адал деп айтуға ауыз бармайды. Қартайыған ата-анасын қаңғытып тастап, қара басын күйттеп кеткендерді, құдай қосқан көршілері мен ауылдастарының мал-мүлкін ұрлайтындарды, әйел бала шағасының көзін ала беріп, зина жасайтындарды, тапқанын бала шағасының аузынан жырып араққа салатындарды міндетін дұрыс орындап жүр деуге болмайды.

Алла мойнымызға жүктеген көптеген пендешілік міндеттерімізді дұрыс орындамасақ, ақырындап азғындықтың құрдымына құлдырап, өтірікші, зинақор, маскүнем, парақор, қылмыскер сияқты жаман қасиеттерге бой алдырмақпыз. Мұндай жаман қасиеттерді бойына сіңірген пенделердің бұл дүниеде қиындықтарға тап болып, өлген соң тамұққа түсіп, тозақ отына өртенері анық.

Егер екі дүниенің де игілігін татамыз десеңіз, онда Жаратқан жарық дүниеге келген сәттен бастап мойныңызға жүктеген барлық пендешілік міндеттеріңізді орындауға адал болыңыз.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика