Нәпсі құрбандары

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

нәпсіКүні кеше ақпарат құралдарында Астанада бес жастағы қыз баланы зорламақ болған жерінде қолға түскен отыздағы жігіт туралы айтып, жазды. Кәмелетке толмаған жас балалар мен қыздарды зорлаушы педофил деп аталатын азғындардың қатары жыл санап көбейіп барады. Бұның себебі неде?

Санасын сайтан билегендер

Мектепте оқитын туған қызын екі жылдан бері зорлап келген «әке» ұсталып, 24 жылға сотталды. Бұл – Батыс Қазақстанда болған оқиға. Ал өскемендік тағы бір «әке» кәмелетке толмаған туған қызын зорлап, тіпті жүкті қылып қойған. Ол 17 жылға бас бостандығынан айрылды.
Көз көріп құлақ естімеген мұндай оқиғалардың көбейгені сонша, қазір ондайға жұрт онша селт етпейтін болған. Осыдан бірнеше жыл бұрын Көкшетауда қырғыз елінен келіп, жалданып жұмыс жасап жүрген тепсе темір үзетін жігігіт 8 жастағы ер баланы зорлап, сотталды.

Шынын айтқанда, тіпті хайуан жасай алмайтын арсыздықты жасайтын мұндай екі аяқты «хайуандар» қатары жыл санап көбейіп барады. Парламентте бірқатар депутаттар сондай педофил деп аталатын ар-ұяттан жұрдай екі аяқты «хайуандарды» ең ауыр жазаға кесу, тіпті хирургиялық жолмен әтектеу жазасын қолдану жайында бастама көтерген еді. Бірақ, олардың үніне басқалар құлақ аса қоймады.

Жасыратын не бар, қазір нәпсіні қанағаттандырғысы келген пендеге мүмкіндік көп. Үлкен қалаларды былай қойғанда, шағын ауылдарда да тәнін саудаға салатын жезөкше дегендер көбейді. Онан қалды, ешқандай міндеткерлік жүктемейтін азаматтық неке дегендер де жетерлік. Осындай ашыналық байланыста өмір сүріп жатқандар басқаны былай қойғанда зиялы қауым өкілдері арасында баршылық.

Бірақ, соның бәріне қарамастан, нәпсінің құлына айналған пенделер өзегін жарып шыққан өз қыздарын немесе бес-алты жастағы нәрсестені зорлап, ар ұялар іс жасайды. Ондайлар бірлі-жарым болса, жә одан келер қатер жоқ деп қоя салуға болар еді. Бірақ жыл санап ар-ұяттан айрылған педофилдер қатары қалыңдап барады.

Аллаға құл болмасаң, нәпсіге құл боласың

Арсыздықтың құрдымына құлаған бұндай азғындардың көбеюіне ең алдымен адамдар арасындағы имандылықтың азаюы себеп болып отырғаны даусыз ақиқат. «Құдайдан қорықпағаннан қорық» деп қазақ тектен текке айтпаған.

Бұл пікірімізді дәлелдеу үшін мына жайға назарыңызды аударғым келеді. Егер сіз денсаулығыңыз үшін күн сайын жүгіретін бослаңыз, алғашында қиналғанмен, кейін келе әбден үйренгеніңіз сонша, бес-он шақырымды оңай жүгіретін боласыз. Яғни, шынығасыз.
Егер сіз кез-келген спорттың түрімен, болмаса басқа да нәрсемен айналысып, жаттықсаңыз, белгілі уақыт өткеннен кейін белгілі бір нәтижеге жетесіз. Бұл – ақиқат.

Сол сияқты егер сіз дәстүрлі діндердің бірін ұстанып, шариғат жолымен жүретін болсаңыз, белгілі уақыттан кейін ақыл-ойыңызды бақылап, басқаруды меңгере бастайсыз. Кез-келген дәстүрлі дінде тиым салынған әрекеттер мен ішіп-жеуге болмайтын тағамдар және атқаруға тиіс міндетті парыздар бар.

Мәселен, ислам дінін ұстанушылар қаласын-қаламасын күнінен бес уақыт намаз оқып, дәрет алады. Қасиетті рамазан айында 30 күн ораза ұстайды. Қайыр-садақа береді. Сондай-ақ, таза мұсылман харам тағамдарды – Алланың атын атап сойылмаған мал еті мен шошқаның етін, арақ-шарап өнімдерін тұтынбайды. Зина жасамайды, құмар ойындарынан аулақ болады.

Егер сіз ислам дінінің осы шарттарын толық орындап жүретін болсаңыз, ақыл-ойыңызды бақылап, басқаруды меңгересіз. Яғни, бұл ақыл-ойды бақылап, басқару жаттығулары. Ақыл-ойын басқара білген адам ешқашан нәпсіге бой алдырмайды. Мейлі, қандай сұлу, сымбатты қыз-келіншек болсын, тіпті өз еркімен сізді зинаға шақырсын, жүрегіне имандылық ұялаған таза мұсылман ондайға ешқашанда бармайды. Бұл – ақиқат.

Ал діннен аулақ пенде не істейді? Ол ұйқысы келсе күндіз бе, түн бе қарамай ұйықтайды, шошқаның еті ме, бақа-шаян ба – тамағынан өткеннің бәрін талғамай ішіп-жейді. Арақ-шарап дегенді көңіл көтеру құралы санайды. Азаматтық неке (шындығында ашыналық байланыс) дегенді женлеу етіп, қалаған адамымен қалағанынша зина жасайды.

О дүниеге, қияметке, құдайға сенбейтіндіктен, ондай адамда ашқандай қымсыну, ұялу, қорқу деген болмайды. Яғни, ойына не келсе соны жасайды.

Егер сіз Алланың құлы болғыңыз келмесе, онда НӘПСІНІҢ ҚҰЛЫ БОЛАСЫЗ. Педофил дегендердің бәрі НӘПСІНІҢ ҚҰЛДАРЫ. Оларда ар-ұят та, намыс та, адамдық қасиет те жоқ. Олар нәпсінің құлақ кесті құлына айналған. Нәпсі үшін ондайлар ештеңеден тайынбайды. Өз қыздарын, болмаса бес жастағы нәрестені зорлап, өмірін ойрандау ондайларған түк те емес.

Педофил дегендері құрту үшін оларды ұзақ мерзімге соттап, әтектеу сияқты жазаларды қолдану еш көмегін тигізбейді. Ең алдымен, оның себебін жою, яғни тамырына балта шабу қажет. Ол үшін имандылық тәлім-тәрбие мемлекеттік деңгейде идеологиялық саясат түрінде жүргізілгені жөн. Имандылықты басты қағидат еткен елде ғана азғындық етек алмайды.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика