Оқымаса ой тоқырайды

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

интуицияАдам ағзаларының бәрі ұдайы жұмыс істеп, өзіне жүктелген міндетті орындауға бейімделген. Ал ол міндетті орындамаған ағза көп ұзамай семіп, жұмыс жасау қабілетінен айрыла бастамақ. Адам ағзасының ішіндегі ең күрделі жұмыстарды атқаратын және ең көп жұмыс жасайтын – ми. Егер мидың сондай шексіз мүмкіндіктерін пайдаланбай, оны жетілдірмесе, ми қатып-семіп өз міндетін орындау қабілетінен айрылмақ.

Не биікке көтерілесіз, не төмен құлдырайсыз

Адам миы кез-келген ең жаңа қуатты комппьютерден жүздеген, мыңдаған есе күрделі және жұмыс істеу мүмкіндігі де жоғары. Үш миллиардқа жуық клеткалардан тұратын адам миының мүмкіндігі шынын айтқанда шектеусіз. Онсындай өте күрделі және мүмкіндігі жоғары «компьютерді» қаңтарып бос қою ақылға сыйымда ма?

Енді сіз жан-жағыңызға зер салып қарап байқаңыз. Адамдар миларының мүмкіндігін қаншалықты пайдаланып жатыр. Осындай өте күрделі «компьютерді» жәй ойын ойнап, уақыт өткізуге пайдаланып жатқандар көп. Олардың бар жасайтын шаруалары: өздерінің қызметтік жұмыстарын атқарып, қалған уақытта көңіл көтеру, демалу, отбасында болып, отбасылық міндеттерін атқару сияқты істерден аспайды.

Адамның интелектуалдық деңгейі екі бағытта қозғалыста болады: егер сіз миыңызды дамытып, танымыңызды әрдайым кеңітуге назар аударсаңыз, интелектіңіз жоғары қарай дамиды, ал егер күнделікті тірліктің әуенімен кетіп, таным дүниеңізді кеңейтуге мүлдем көңіл бөлмесеңіз, интелектіңіз төмен қарай құлдырайды. Не жоғары көтерілесіз, не төмен құлдырайсыз, басқа жол жоқ.

Тойымды білмейтін таным көкжиегі

Өзін өзі дамыту ілімінің білгірі саналатын американдық Брайан Трейси аптасына бір кітап, айына 4, ал жылына 50 кітап оқиды екен. Бұл оның ұзақ жылдардан бері ұстанып келе жатқан айнымас әдеті. Осылай жасау арқылы ол таным көкжиегін ұдай кеңейтіп, бизнес пен өзін өзі жетілдіру саласының білгірі болып қалыптасқан. Ол жыл сайын ондаған елдерде болып, мыңдаған, тіпті миллиондаған аудиторияда өз тәжірибесі мен білімі туралы айтып, лекция оқиды. Әрине, тегін емес, сол үшін қомақты сыйақы алып отырады.

Өткен ғамсырдың 80-ші жылдары ҚазМУ-де оқып жүргенімде Бақтажар Мекішев деген оқытушы болды. Сол айтатын: «отыз жасқа дейін мың кітап оқымаған адам адам емес» деп. Бала кезімде мен кітапты шағып оқыдым. Аптасына Трейси сияқты бір емес, 4-5 кітап оқып тастайтынмын. Осылай есептеп қарасам, 30 жасқа дейін әлгі ұстазымыз айтқандай мың кітапты оқыған екенмін.

Дегенмен,адам жасы ұлғайған сайын мүмкіндіктері де шектеліп, ынта-ықыласы да кеми түсетін сияқты. Бүгінде мен кітапты онша көп оқымаймын. Дегенмен, интернет арқылы өзімді қызықтыратын өзін өзі жетілдіру, эзотерика, инвестиция, бизнес сияқты салалар бойынша пайдалы ақпараттарды үнемі алып тұрамын. Ол ақпараттардың біреуі электронды кітап түрінде немесе мақала болса, басқалары видеосабақ болып келеді. Бірнеше сайттарым бар және сайт құрылымы, оны жетілдіру мәселесі де мені қызықтыратындықтан, үнемі сол жайында пайдалы ақпараттар алып, осы саладағы білімім мен біліктілігімді жетілдіріп отырамын.

2000 жылдың басында облыстық газетке жұмысқа келгенімде бірге қызмет істеген өзім қатарлы бірнеше азамат компьютерді үйренбей, теруші қыздарға ауызша айтып жаздыруды әдетке айналдырған еді. Олар әлі күнге дейін компьютермен жұмыс істей білмейді. Ал сол кезде үйреніп алған мен қазір компьютерді жақсы меңгеріп қалдым. Яғни, жаңалықтан қашпау қажет екен.

Таным көкжиегін кеңейтудің шын мәнінде шегі де, шеті де болмайды. Өйткені, адам миының мүмкіндігі шексіз. Ендеше соны пайдаланып, өзіңізді үнемі жетілдіруге көңіл бөлсеңіз, әрдайым биікке көтеріліп, мамандығыңыздың кәсіби шебері боласыз және қызмет бспалдағымен жеңіл көтеріліп, жалақыңыз да көбейеді. Яғни, өмірде табысқа жету үшін таным көкжиегіңізді кеңейтіп, миыңыздың мүмкіндігін пайдалануыңыз қажет.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика