Періште мен сайтан

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ертеректе шыққан шет елдік «Ангел и бес» (Періште мен сайтан) деген фильм болды. Сайтан мен періште дін қызметкерін екі жақтап біреуі күнаға азғырса, екіншісі сауапты, иманды әрекеттерге насихаттап тартысады. Осы фильмдегі тартыс әр пенденің басында болып жатады. Дәстүрлі діндердің бәрі де бұны растайды. Ислам дінінде адамның бір иығында періште, екінші иығында сайтан отырып, екеуі екі жақтан азғырады деген түсінік бар.

Рухани және материалдық қуат

Веда ілімінің қайнар көзі саналатын Бһагавад Гитада адамды аралық қуат деп атайды. Олай болатын себебі, адам Жаратқанның екі түрлі қуатының ықпалында болады екен. Біріншісі – рухани қуат, екіншісі – материалдық қуат. Адам өмірінің барлық кезеңінде оның санасына осы екі қуат үнемі ықпалын тигізіп отырады.

Бһагавад Гитада Құдайдың табиғаты рухани екендігі айтылады. Рухани қуат – бұл мәңгілік. Барша тіршілік иелері Ұлы Бүтіннің, яғни Жаратқанның мәңгі ажырамас бөліктері болып табылады. Құдай теңіз болса, тіршілік иелері сол теңіздің тамшылары іспетті. Теңі суы мен тамшы суының арасында сапалық жағынан ешқандай айырма болмайды. Бірақ, теңіз тамшысы теңіз суының бір кішкентай бөлігі болғандықтан, теңізге мәңгі тәуелді және теңіз суының құрамында тұрғанда ғана су сапасын сақтайды. Ал тамшы теңізден бөлінген сәтте кеуіп кетіп, су деген табиғи сапасынан айрылып қалады.

Тірі жан да сол сияқты. Жан, яғни рух Ұлы Рухтың құрамында тұрғанда ғана рухани сыйпатын сақтайды, ал бөлінген сәттен бастап, ондай сыйпатынан айрылып қалады. Рухта үш түрлі сыйпат бар: ол – мәңгілік, білімге толы және жан рахатына бөленген, яғни қайғы-мұңсыз. Адам өзін рух, яғни жанмын деп сезінген кезде осы үш қасиет жан-жақты толық ашылады.

Рух Ұлы Бүтінге немесе Жаратқанға құлшылық еткенде содан қуат алады. Құдайға беріліп құлшылық ету ғана рухани қуатты күшейтіп, ақырсында адам өзінің мәңгілік жан екендігін түйсінеді және Жаратқанмен байланысы қалпына келеді.

Сайтанның тұзағы

Адамның бойындағы рухани қуат Құдайға құлшылық ету арқылы қоректеніп, күшейетін болса, фәни немесе материалдық қуат керісінше, адамның Құдайдан аулақтап, осы дүниенің игіліктеріне деген құлшынысы артқанда қуаттанып, күшейе түседі. Осыдан ислам дінінде айтылған адамның бір иығында сайтан, бір иығында періште отырып, сайтан Құдайдан бездіруге азғырса, періште Жаратқанға құлшылық етуге шақыратыны анық көрінеді.

Ақша, байлық, дүние-мүлік, отбасының қызықтары, мансап, атақ, той-думан, арақ-шарап, құмар ойындары, еркек пен әйелдің төсек жақындығына құштарлығы сияқты адамдар үшін осы фәнидің қызығы саналатын нәрселердің бәрі – пендені Жаратқаннан аулақтатып, материалдық қуаттың ықпалында ұстайды.

Сайтан дегеніміз түрі қорқынышты құбыжық емес, шындығында ол адамның санасына ұдайы әсер етіп отыратын материалдық қуат. Енді жан-жағымызға ой көзімен қарайтын болсақ, пенделердің көбі осы материалдық қуаттың ықпалына түсіп, бес күнгі қызықты қуып жүргенін көреміз. Тіпті, қауғитып сақал қойып, мешіттен шықпайтын өздерін таза мұсылманбыз деп жүргендердің өздерінің сөзіне, әрекетінен ақшаға, байлыққа, нәпсіге, мансапқа, атаққа құмарлық анық байқалады. Яғни, олардың көбі материалдық қуаттың ықпалына түсіп, Құдайды тек анда-санда жәй ауызға алғаны болмаса, рухани қуаттың не екендігін мүлдем ұқпайды.

Түйін: Сіз өз ойыңыз бен сөзіңіздің, әрекетіңіздің қай бағытқа  бағдарланғанын шындыққа тура қарап таразылап көріңіз. Егер бойыңызда байлыққа, нәпсіге, атаққа, той-томалаққа, арақ-шарапқа қызығушылық болса, онда сіздің материалдық қуаттың ықпалында жүргеніңіз. Материалдық қуат санасын билеген пенде тойымды білмейтін нәпсіге құл болып, бар өмірін осы фәнидің қызықтары мен игіліктерін табуға жұмсайтын болады. Ондай пенде өзінің мәңгілік жан екендігін мүлдем ұмытады. Ал бұндай түсінік адамға екі дүниеде де тыныштық пен бақыт әкелмейді, керісінші азап пен тауқыметке ұрындырып, бақи дүниеде тозақтың азабын тартқызады. Сондықтан бойыңызда осындай қасиеттер болса, одан бас тарту әлі де кеш емес. Жаратқанға жүзіңізді бұрып, сайтанның азғыруына ермеңіз.   

#Дін #Тылсым ілім

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика