Рухани білім не үшін керек?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

даналықБһагавад Гитада адам екі түрлі қуаттан: материалдық қуат — тән және рухани қуат – жаннан тұрады деп айтылады. Осындай екі қуатты бойына сыйғызған адамда тәни қажеттіліктермен бірге рухани қажеттіліктер де болады. Мәселен, тәнге ұйқы, тамақ және жыныстық жақындық сияқты тән арқылы қол жеткізуге болатын қажеттіліктер тән болса, жанға кітап оқу, кино көру, музыка тыңдау тәрізді рухани қажеттіліктер тән.
Адам осы екі қажеттіліктің тепе-теңдігін сақтай отырып қана дұрыс дамый алады, яғни бақытты тірлік кешеді. Ал біз тек тәніміздің мұқтаждығына ғана көңіл бөліп, сол арқылы бақытқа жетеміз деу қателік болмақ. Өйткені, саналы адамға тәни қажеттіліктермен бірге рухани қажеттіліктер де керек.

Рухани қажеттілік бізге не береді?

Адам тамақсыз, ұйқысыз өмір сүре алмайтыны белгілі, ал музыка тыңдамай, кітап оқымай-ақ тіршілік етуге болады емес пе? Иә, дегенмен де, рухани қажеттіліктерді қанағаттандырмаған адам ақырындап төмен құлдырап, дөрекілене бастамақ. Егер ол рухани қажеттіліктерді қаперіне алмайтын болса, тағы адамның деңгейіне дейін құлдырайды.

Өркениетті адам мен тағы адамның арасында қандай айырмашылық болатыны кім кімге де белгілі. Беліне бір жапырақ тері байлап алған жабайы адам балықты немесе аңды тірідей жейді, үңгірде, болмаса сабаннан тұрғызылған күркеде өмір кешеді. Мұндай жандардың аңнан айырмашылығы оншалықты көп емес. Осындай жағдайда өмір сүретін пендені бақытты деп кім айта алады?
Сондықтан, бақытты тірлік кешу үшін де рухани қажеттіліктерімізді көбірек қанағаттандыруға көңіл бөлуіміз шарт. Мәселен, театрға барсаңыз бір серпіліп, көңіліңіз көтеріліп қалады. Ал жаныңыз қалаған жақсы әндер орындалған концертті тыңдасаңыз үлкен рахат сезіміне бөленесіз.

Рухани білім қалай келеді?

Әрбір саналы адамның бойында тухани қажеттілікке дегшен құлшыныс болғанымен, оны саналы түрде дамытпасақ, ол жоғалып кетеді. Осы орайда, рухани білім алу қажеттілігі әрбір адам үшін ауадай керек нәрсе болып табылады. Рухани біліміміз неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көбірек рухани рахат ала аламыз. Ал ол өз кезегінде өмірде өзімізді жақсы сезініп, бақытты болуымызға жағдай жасамақ.
Жалпы білім беретін мектептерде ән-күй, сурет салу, әдебиет сияқты арнайы пәндер оқытылғанымен, жалпы алғанда онда баланың рухани деңгейін жоғарылатуға оншалықты жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейді. Осыған орай, рухани білімді әр адам өз бетінше алуы қажет болады.
Рухани білімнің ең биік шыңы – дін білімі. Діни білім алып, діни шарттарды ұстанатын адамның бойында имандылық қасиет орнығады және ол нәпсіге берілмей, ақыл-ойын бақылау арқылы Жаратқанның бергінен қанағат тұтып, бақытты тірлік кешуге мүмкіндік алады.

Рухани білім алу үшін арнайы дайындық қажет.

Бақыт дегеніміз байлық, биік мансапқа қол жеткізу, болмаса атақ-даңқымызды шығару, әйтпесе арақ-шарап ішіп, бей-берекет жыныс жақындығына берілу емес. Мұндай жолмен сіз ешқашанда шынайы бақытқа жете алмайсыз. Тән арқылы келген рахат өткінші және адамның санасында терең із қалдырмайды.
Керісінше, рухани рахат ұзаққа созылады және санаңызда терең із қалдырып, шынайы рахат сезіміне бөлейді. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары университетте оқып жүрген кезімде республикаға аты танымал дрижермен кездесуге бардым. Әлемнің көп елдерін гасрольдік сапармен аралаған ол Батыс елдерінде классикалық музыкаға деген ынтаның зор екендігін айтып, 4-5 сағатқа созылған концертте адамдар қыбыр етпей отырып, музыканы зор ынтамен тыңдайтынын әңгімеледі.
Классикалық музыканы тыңдау үшін арнайы музыкалық білім қажет. Сондай-ақ, намаз оқу немесе ораза ұстау кезінде де тақуа адам айтып жеткізгісіз рахат сезіміне бөленеді. Бұл үшін де арнайы дайындық, яғни діни шарттарды қатаң ұстап жүру қажет болмақ.
Тән арқылы алынатын рахаттың бәрі қолжетімді, қарабайыр және өткінші болып келеді. Ал адамды терең сезім рахатына кенелдіретін рухани қажеттіліктерге жету үшін арнайы дайындық қажет болады. Сондықтан да, әр адам рухани жағынан жетілуге жете көңіл бөлсе, сонда ғана бақытты тірлік кешпек. Болмаса, тән арқылы берілетін өткінші, қарабайыр рахатпен шектелген пенде ешқашан шынайы бақыттың дәмін сезіне алмақ емес.
«Ақиқат» блогынан сіз рухани білім алуға қажетті пайдалы ақпараттарды көптеп таба аласыз. Сондықтан, блогтағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика