Сәлафилер ұлттық құндылықтарымызды құртуды көздейді

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Мұсылмандар үшін қасиетті ай саналатын Рамазан айы басталар тұста Ақтөбеде орын алған лаңкестік оқиға барша қазақстандықтарды күйзелткені шындық. Өйткені, көптеген жазықсыз жандардың қаны төгілді. Ал қолдарына қару алып, қасиетті айдың қарсаңында қан төккендердің өздерін «мұсылманбыз»  және бұл әрекеттерін «кәпірлерге қарсы күрес» деп санайтындықтары ақылға қонбайтын жай. Өзге дінді ұстанушыларды былай қойғанда, өздерінің ұстанымдарымен келіспейтін мұсылмандарды да «кәпірлер» тобына кіргізіп қоятын әсіре діншіл – уахабшылар деген кімдер, олардың көздегені не және сондай теріс жолға түскендерді райынан қайтару үшін не істеу қажет деген мәселелер төңірегінде Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік діни бұрмалаушылықтаруниверситетінің аға оқытушысы, профессор, дінтанушы Ғалымтай Төлепбергенмен ой бөліскен едік.

-Уахабшылар деп аталатын, кейде сәлафи деп айдар тағылған бұл діни ағым біздің елімізге қалай келді? Осы жайында не айтар едіңіз?

-Кеңестер Одағы ыдырап, еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін кеңес заманындағы темір шымылдық алынып, алыс-жақын шет елдерден түрлі ақпараттар ағылды. Олардың арасында жақсылары да, жамандары да бар еді. Сол кездегі заңдарымыздағы солқылдақтықты пайдаланып, түрлі ағымдарды ұстанатын уағызшылар қаптап келіп жатты. Атеистік тәрбиені саналарына сіңірген отандастарымыздың арасында дінге бет бұрып, әртүрлі ағымдарға ілескендері көп болды.

Уахабшылар да біздің елімізге сол тұста енді. Алғашында жылы сөзімен, мешіт салып, адамдарды имандылыққа ұйытқан болып жүріп, ақырындап жұрттың санасын улап, ұлттық құндылықтарымыздан айыра бастады. Жалпы сәлафиттер екі топқа бөлінсе, консервативті ұстанымдағы тәкбіршілдер дегеннің жұмысына елімізде сот арқылы тиым салынған. Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотында 2014 жылдың 8 тамызында тәкбіршілдерге қарсы қылмыстық іс қаралып, сот шешімімен бұл ағым еліміздің қауіпсіздігіне қатер төндіреді деп бағаланып, жұмысына тиым салынған болатын.

Ал біршама жұмсағырақ ағым деп саналатын мадхалидтер әлі күнге дейін жұмысын заң жүзінде жалғастырып келеді. Бұл ағым Мадхали деген араб теологының атымен аталып, мемлекеттік заңдармен ымыраласуына байланысты қауіпсіз ағым ретінде бағалануда. Рас, мадхалидтер өздері тұратын мемлекеттің конституциясы мен заңдарын мойындап, оған мойынсұнуды жақтайды. Дегенмен, олар уахабшылық діни ұстанымдарын ұлттық құндылықтармен ауыстыруға күш салады. Бұл жолды ұстанушылар қазақтың ұлттық дәстүрлері мен сенім-нанымдарын түгел теріске шығарып, оның орнына исламдық ұстанымдарды қояды. Әруаққа табынуға, қабірдің басына барып зиярат етуге болмайды деп, ұлттық дәстүрлерімізді түгел теріске шығарады. Мадхали бағытындағы сәлафидтердің ұстанымының қауіптілігі мынада: олар ғасырлар бойы қалыптасқан біздің ұлттық құндылықтарымызды түгел жойып, оны ислам шариғатымен ауыстырмақ. Сәлафилердің Пайғамбар заманындағыдай шолақ дамбал киіп, сақал қоятыны, әйелдерін бастан-аяқ матамен бүркеп тастайтыны, қазақы дәстүрлердің бәрін «ширк» деп ондай әрекет жасаушыларды «кәпір» атандыратыны – бәрі осы ұстанымның жемісі. Сондықтан тәкбіршілер қандай қатерлі болса, мадхалидтер сондай қауіпті.

-Кеше дін істері жөніндегі комитеттің төрағасы Ғалым Шойкин Қазақстанда 15 мыңдай сәлафит ұстанымын ұстанушылар бар  дегенді айтты. Біздің облысымыздағы жағдай қандай?

-Дін істері жөніндегі комитет төрағасының айтқаны нақты дерек емес, болжамды көрсеткіш қой. Әбуев деген дінтанушы ғалым еліміздегі сәлафиттік сайттарға күн сайын 80 мыңдай адам кіріп, оқиды деген мәлімет келтірді. Осыдан байқалып отырғандай, теріс ағымды ұстанушылар мен оған қызығушылар саны біршама көп екендігі аңғарылады. Ал біздің облысымыздағы жағдайға келсек, құзырлы органдардың мәліметі бойынша 900-дей сәлафи ағымын ұстанушылар бар. Батыс, Оңтүстік облыстармен салыстырғанда біздің өңірдегі діни ахуал біршама тұрақты десек те, бұл ағымды ұстанушылардың өте белсенділікпен уағыз жүргізетінін ескерсек, олар тарапынан келер қатер бар.

Ресми деректерге назар аударсақ, теріс ағымды ұстанатындардың орташа жасы 14-45 жас аралығы екен. Яғни, белсенді өмір сүретін жастағы азаматтарымыз осындай теріс ағымның жетегіне ілесуде. Оңтүстік, Батыс облыстарында кейбір мектеп оқушылары жұма намазына бару үшін сабақтан босатуды сұрап шағымдануы көп жайды аңғартады. Сәлафи ағымын ұстанатындар әдетте әсіре діндар болып келеді. Олар басқа дінді ұстанушыларды былай қойғанда, өздерінің ұстанымына сай келмейтін әрекеттер жасайтын мұсылмандарды да «кәпір» санап, сын көзқараспен қарайды.

-«Діни экстремизм» деп ат қойып, айдар тағып жүрген теріс ағымды ұстанушылықпен қалай күресуге болады деп ойлайсыз?

-Жасыратыны жоқ, біздің еліміз де өзгелер сияқты экстремистердің қанды оқиғаларының куәсі болды. Сондықтан да, біз әсіре діндарлардың еліміздің қауіпсіздігіне қаншалықты қатер төндіретінін жақсы білеміз. Десек те, біздің құқық органдарымыз экстремизмнің себебімен емес, тек салдарымен ғана күрес жүргізуде. Істің болары болып, бояуы сіңіп қойғасын ғана құзырлы органдарымыз қылмысқа қатыстыларды ұстап, заң шеңберінде жазаға тартып жатады. Күні кеше Ақтөбеде болған оқиға қылмыстың салдарымен емес, себебімен күресу қажеттігін анық көрсетіп берген жоқ па.

Менің мамандығым тарихшы болғанымен, дін саласын жетік білемін. Әлемдік деңгейде діни экстремизмнің қазіргі жайы тарулы ақпараттар алып отырамын. Бүгінде қоғамымызға тереңдеп еніп, тамыр жайып үлгірген сәлафизм деген кесапатпен күресу үшін ең алдымен, олардың негізгі ұстанымы, көздеген мақсаты, адамдарды тартудағы амал-тәсілдері жайында жан-жақты біліп алу қажет. Египет, Сирия, Ливия елдеріндегі жағдайларға назар аударып көріңізші. Ливия мұнайы бар, бақуатты мемелкет еді. Әсіре діндарлар ұйыған тыныштықты бұзып, әп-сәтте соғыс алаңына айналдырды. Қазір бұл елде байлық та, бірлік те, бейбітшілік те жоқ. Халқы қайыршылыққа түсті, күнкөріс қамымен көп адамдар теңіз асып Батысқа бақыт іздеп босып жатыр. Міне, осының бәрі сәлафиттердің қолымен жасалған сойқандар.

Сәлафизмнің түпкі негізі уахабизм қайдан шығып еді? Ол ағылшын үкіметінің кезінде арабтардың арасына ірткі салып, отарлап алу үшін қолдан жасаған теріс ағымы емес пе. Әбділ Уахаб деп аталатын дінбұзардың қолымен жаңа діни ағым ойлап шығарып, оны қаржыландыру арқылы ағылшындар араб еліне ірткі салды. Сол қолдан жасалған діни ағымды ислам діні деп айтуға бола ма? Уахабизмнің дін исламға үш қайнаса сорпасы қосылмайды.

Бұл діни ағымның түпкі масқаты соғыс арқылы ақша табу, яғни баюдан басқа ештеңе емес. Ал әлемдік жиһад деген ұран сол түпкі пасық мақсатты бүркеудің амалы ғана. Бұны тек осы ұйымның басында тұрған көшбасшылар ғана біледі. Ал олардың айтқанына сеніп, адасқан қарапайым жандар шынымен ислам діні үшін кәпірлермен соғысып жүрміз ден ойлайды. Назар аударсыңыз, діни экстремизм көбіне мұнайға бай елдерде бой көрсетуде. Оның астарында әсіре діндарлардың пасық пиғылы жатқаны анық байқалады.

Сәлафизмді таратушылар адамдардың санасындағы әлсіз жақтарын өте жақсы білетінін және соны шебер пайдаланатынын аңғаруға болады. Мұнайлы өңір саналатын еліміздің батыс аймақтарында экстремистер өте белсенді жұмыс жүргізуде. Олардың адамдарды сендіріп, өз жақтарына тартудағы аргументі мығым: «мұнайдың үстінде отырып, сендер неге кедейшілік тауқыметін тартасыңдар, бұның себебі сендердің елдеріңді кәпірлер басқаруда, мұсылман билікке келсе, бәрі бақуатты болады» -дейді олар. Қазақтарды ұлттық құндылықтарынан, атадәстүрінен, туған туыс-бауырларынан бездіретін сәлафиттердің қармағына түскендер өздерінің ақшаға құныққан біреулердің қолындағы жансыз қуыршаққа айналғандығын мүлдем сезбейді.

Сәлафизмді күштік құрылымдар арқылы жеңуге болмайды. Онымен күресте ғылым, білім, тәрбие, әлеуметтік сала – бәрін кешенді түрде пайдалана білуіміз қажет. Яғни, осы салаларда үлкен жұмыстар жүргізу керек. Ең алдымен, ұлттық құндылықтарымызды насихаттап, салтымыз бен дәстүрімізді, тілімізді дамытуға күш салу қажет болады. Үштілділік дегенге өз басым қарсымын. Біз ең алдымен, ана тілімізді – қазақ тілін жақсылап меңгеріп алайық. Содан кейін жоғалтып алған ұлттық дәстүрлерімізді қайта жаңғыртайық. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы атадәстүрін сақтай отырып, мұсылман болды. Қазақтың ұлттық тәрбиесі ислам шарттрарымен үндесіп жатқан жоқ па. Біздің бабаларымыз ерте заманда-ақ құқықтық қоғам орнатып қойған. Қызға қырық үйден тиым салып, ауылдың текебай тентектерін ақсақалдары жөнге түсіріп отырған. Соның арқасында қылмыстан аулақ болып, үйлеріне құлып салынбаған.

-Мектептерде дінтану сабақтары жүргізілуде. Оның балаларды теріс ағымның қатерінен сақтауда қаншалықты рөлі бар?

-Бүгінде мектептерде жүргізілетін «Дін және зайырлылық негіздері» деп аталатын сабақ  жалпы әлемдік діндерден қысқаша мағлұматтар берумен шектелген. Әрине, мұндай сабақты жүргізу қажет. Дегенмен, жас ұрпақты теріс ағымдардың қармағынан түсіп қалудан сақтаймыз десек, қатерлі ағымдар жайында тереңірек оқыту қажет деп ойлаймын. Ол үшін тарих пәнінің негізінде қатерлі ағымдар жайында жан-жақты мағлұматтар беруге көңіл бөлген жөн. Жалпы, тарих арқылы мәдениетті де, өнер мен ғылым-білімді де оқытып жатамыз ғой. Ендеше дінтануды да тарихтың құрамында оқытсақ, балаларымызды теріс ағымдардан сақтауға игі ықпалы болар еді. Меніңше, дінтану сабақтарын тек мектепте ғана оқытып қоймай, барлық арнайы орта білім орындары мен жоғары оқу орындарында да оқытқан дұрыс. Міне, сонда жас ұрпақты тәтті тілмен, жалған уәделермен алдап-арбап жатқан теріс ағымдардың ықпалы әлсірейді.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика