Сайт арқылы ақша табу

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Осыдан он жыл бұрын қазақ тілді сайттар бірлі-жарым ғана болса, қазір жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетті. Қазақ тілді сайттардың тақырыбы да сан-алуан. Олардың арасында жеке адамдардың блогы, түрлі тақырыптық сайттар, кәсіпорындар мен мекемелердің сайттары бар.

Сайт не үшін қажет?

Қазақ тілді интернет, яғни, қазнетті пайдаланушылардың көбі сайт деген тек түрлі ақпарат алу үшін ғана қажет дүние деп санайды. Шындығында сайттың қызмет ауқымы өте кең және мүмкіндігі де зор. Уақыт өткен сайын сайттың қолдану аясы кеңейіп, мүмкіндік шеңбері артып барады.

Сондықтан болар, бүгінде жеке блогын немесе сайтын ашып алғысы келетіндер көп. Тіпті, Қазақстанда «блоггерлер ассоциациясы» деген қоғамдық ұйым да құрылды. Яғни, сайтты пайдаланушылар бүгінде ғаламтор арқылы берілетін ақпаратта негізгі рөл атқаратын әлеуетті топқа айналды деп айтуға болады.

Сайт – бұл сіздің ғаламтор деп аталатын әлемдік ақпарат кеңістігіндегі өзіңіздің кішкентай ақпарат тарату аумағыңыз. Мұны үлкен қаладағы өзінің жер телімі бар адаммен салыстыруға болады. Егер сіздің меншігіңізде баспанаңыз немесе жер теліміңіз болмаса, пәтер жалдап тұрсаңыз, онда өзіңізді сол қаланың толыққанды тұрғынымын деп санауыңыз қиын.

Сол сияқты интернетте өз сайтыңыз болмаса, онда әлемдік ақпарат кеңістігінің толыққанды мүшесімін деп айта алмайсыз. Сіз ары кеткенде, ақпаратты пайдаланушы ғанасыз. Ал қазіргі заманның ең жаңа мақалы: «ақпаратты билеген – әлемді билейді». Егер қолыңызда ақпарат құралы болса, онда сіз сол арқылы ықпалыңызды басқаларға жүргізе аласыз. Олай болмаған жағдайда, өзіңіз басқалардың ықпалында боласыз.

Сайт сізге не береді?

Кез келген адам белгілі бір саланы жақсы білетін сарапшы болып табылады. Ол сіздің жұмысыңызға қатысты кәсіби сала ма немесе жәй көңіл көтеру үшін пайдаланатын ермек пе, бәрібір. Мәселен, сіз гитарамен ән саласыз делік, Бұл – сіз үшін жәй ермек болуы мүмкін. Дегенмен, егер сіз гитараны жақсы тартып, тәуір ән салатын болсаңыз, сол өнеріңіздің қыр-сырымен өзгелерді таныстыруға болмай ма.

Мұндай өнеріңізді ортаға салудың бірден-бір жолы – сайт. Өзіңіздің сайтыңызды ашыңыз да, сол арқылы гитараны қалай тартып, ән салуға болатыны жайында бейне немесе дыбыстық сабақтар түсіріңіз, мақалалар жазыңыз. Ондай сабақты көріп, тыңдайтындар, мақаланы оқитындар аз болмасы анық.

Сол сияқты, егер сіз дәрігер, не болмаса мұғалім болсаңыз, өз мамандығыңызға сай сайт ашып, өзіңіздің тәжірибеңізбен бөлісуіңізге болады. Бұл бір жағы ермек болса, екінші жағынан сіз ішіңіздегі бұғып жатқан кәсіби біліктілігіңізді түгел ашып, көрсетуге мүмкіндік аласыз. Сол арқылы өзіңіз дамисыз, өзгелерге де пайдалы ақпарат бересіз.

Мен өткен жылы «Мен инвестормын» деген қазақша блог ашып, бір жылдай жүргіздім. Сол кезеңде 300-ге тарта мақалалар жаздым. Шынын айтқанда, өзім алғашында жоспарлағаннан да артық игілік таптым. Ең алдымен, өзім біршама жетік білетін салалардың жұмысы туралы жазу арқылы білімім мен біліктілігімді онан әрі жетілдірдім. Содан кейін, осы салаға қызығатын көптеген оқырмандар таптым.

Сайт сіз үшін уақытыңызды қызықты және тартымды өткізуге негіз жасайтын нәрсе ғана емес, сонымен бірге сайт арқылы өте жақсы ақша да табуға болады. Сайтпен ақша табудың әдіс-тәсілдері жайында алдағы мақаламызда жан-жақты тоқталмақпыз. Блогымыздағы жаңалықтарды жіберіп алмаңыз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика