Сайтанға жанын сатқандар

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

шәйтанРесейде Мәскеудің діни академиясының бұрынғы қызметкері Кураевтің павославие шіркеуін жемқорлық пен гомосексуализм жайлаған деп айыптауына байланысты жанжал өріс алуда. Оның айтынша, Қазандағы діни семинарияның басшысы оқушы бозбалаларды зорлап келген.

Дін қызметкерлерінің арасындағы күнакарлықтар

Осыдан біраз жыл бұрын мешіттің сол кездегі имамының үстінен намазхандар арыз жазып, Алматыдан арнайы тексеруші келді. Ол жиын өткізіп, сонда әлгі имамның мәселесі талқыға түсті. Діни білімі бар, білдей мешіттің имамының үстінен жұрттың айтқан сөздерін естігенде сенер-сенбесімді білмей қайран қалдым.

Шығып сөйлеушілердің айтуына қарағанда әлгі имамның істемеген нәрсесі жоқ. Пара да алған, мешіттің қаржысын жымқырған, оны айтасыз мешіттің ішінде, өзінің жұмыс бөлмесінде техникалық қызметкер келіншекпен зина да жасапты. Осындай айқай-шумен басталған жиынның соңы төбелеске ұласты. Төбелескен кім дейсіз ғой? Имам мен оны қызметінен кетіру керек дегенді ұйымдастырып жүрген жас қари жігіт.

Дін қызметкерлерінің арасындағы осындай естір құлаққа ерсі жайлардың шет жағасын көріп, бірнеше рет куәсі болуға тура келді. Ал енді ондайлар жайында БАҚ-та біраз айтып, жазды. Әсіресе, мұндай жайлар 90-шы жылдары белең алып кеткен еді. Сол тұста тіпті, жас келіншекпен құшақтасып билеп жүрген білдей бір облыстың өкіл имамының суреті де жарияланған.

Мұндай сорықылықтар тек ислам дінінің өкілдеріне ғана емес, христиан, иудей сияқты дәстүрлі діндердің қызметкерлерінің арасында да жиі көрініс беретіндігі жайлы БАҚ айтып, жазуда. Мәселен, АҚШ-тың өзінде ғана балалары монахтар тарапынан зорлыққа ұшыраған ата-аналардың талап арыздары бойынша жылына 1 млрд доллардан астам ар-ождан шығынын талап еткен сот шешімдері шығады екен.

Жоғарыда айтып кеткеніміздей дін қызметкерлерінің арасындағы арсыз жақындық православие шіркеуінде де белең ала бастаған сыңайлы. Кураевтың айтуынша, ол бүгінде әр жерден көрініс беріп қалатын осы клеңсіздік жайында діни басшылыққа мәлімдеймін деп қызметінен кеткен.

Дінге күйе жағу

Дәстүрлі діндердің арасында өкінішке орай, дін атын былғайтын жаман әрекет жасайтын дін өкілдері көбейіп кетті. Ондайлар бұрын да болған, дегенмен соңғы кезде жағдай ушығып бара жатқан түрі байқалады. Сондайлардың кесірінен мыңдаған жылдық тарихы бар ислам, христиан сияқты дәстүрлі діндердің атына күйе жағылуда.

Басқаны былай қойғанда, өздерін ислам дінінің ұстыны сияқты көретін әсіре діндарлардың экстремистік әрекеттерін алып қарайық. Жазықсыз бейбіт адамдардың қанын төгіп жатқан ондайларды мұсылман деп емес, жалпы адам деп айтуа ауыз бармайды.

Бүгінде Сирияда, Иракта, Ауғанстанда өздері сияқты мұсылмандарды өлтіріп, үй-жайынан, туып өскен мекенінен бездіріп, босқынға айналдырып жатқан «мұсылмандарды» мұсылман деп айтуға бола ма? Олар өздері сияқты ет пен сүйектен жаартылған адамдарды – әйелдерді құлдыққа салып, сатып, сатып алып жатыр. Телекамераның алдында қолға түскен жазықсыз жандарды бауыздап өлтіру – мұсылманға ғана емес, ақыл-есі түзу адамға жат нәрсе емес пе.

Ал жас ер балалар мен бозбалаларды зорлайтын католик немесе православие шіркеуінің қызметкерінің әрекеті естір құлаққа ерсі жағдай. Өкініштісі сол, мұндай арсыздықтардың бәрі дін атын жамылып жасалып жатыр.

Арсыздық неге діндарлар арасында көп?

Кеңес заманында бір шаруалармен аудандық ішкі істер бөлімінде болған едім. Сонда көзге оғаш бір көрініс еріксіз назарымды аударды. Көк жағалылардың бірі кіріп, бірі шығып жатқан мекеменің дәл алдында бір маскүнем қорылдап ұйықтап жатты.

Қызығы сол, милиционердердің бір де бірі әлгіге назар аудармайды. Көшеде сәл ғана қисаңдаған біреу болса, жағадан ала кететін милиционерлердің әлгі жаман-жәутік киінген маскүнемге назар аудармауының себебі оның қалтасында ақшасының жоқтығы екені анық. Жақсы киінген, ақшасы бар адамның аузынан арақ иісі шығып тұрса болды милицияға сүйретін көкжағалыларды сол кезде жиі кездестіретінбіз.

Дін қызметкерлерінің намаз оқитын, діни рәсімді ұстанатын тақуалардың арасында күнакарлықтың белең алуына да осыған ұқсас жай себеп болып жатқан сияқты. Құранда «аса алдаушы» деп аталған сайтан деген бар және ол адамзат қоғамына асқан белсенділікпен ықпал етіп, білек сыбанып жұмыс жасап жатыр. Бұны қайдан байқауға болады?

Сайтан зинақор, қылмыскер, маскүнем, нашақор сияқты ардан безген пенделерге жуымайды. Өйткені, ондайлар тозаққа баратын жолды өздері-ақ іздеп табады. Ібіліс намаз оқитын, дінге жақын адамдарға және дін қызметкерлеріне кенедей жабысып, оларды түзу жолдан тайдырғанша қыр соңдарынан қалмайды.

Бір намазханға жүз, мың сайтан жабысып, балағынан тартады. Оған төтеп беру үшін үлкен рухани қуат және Аллаға деген нық сенім керек. Күдіз-түні Жаратқанды еске алып, өзін қорғауын жалбарына сұрап дұға жасау қажет. Өкініштісі сол, дінге бой ұрған адамдардың арасында мұндай рухани күш те, нық сенім мен Алланы әрдайым еске алып жалбарына дұға жасау да кездеспейді. Сондықтан, ондайлар сайтанның жемтігіне оңай айналады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика