Сайтан адамды неге азғырады (жалғасы)

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

25Материалдық элементтерден тұратын дөрекі тәні жоқ ақыл, зерде және жалған эгодан тұратын нәзік тәнді сайтан үшін тіршілік қорегі, яғни тамағы – төменгі өлшемдегі лас эмоциялық қуат болып табылады. Мұндай қуатты өндіруші бірден-бір нысан – адам. Сондықтан, сайтан үшін адам тіршілік негізі, қорек көзі.

Сайтан адамды қалай алдайды?

Буддашылар мен иогтардың – өзін-өзі тану жолына түсіп, рухани практикамен айналысатындардың арасында «толымды сана» деген түсінік бар. Мұндай рухани практиканың ең соңғы нәтижесі де сол толымды санаға қол жеткізу болып саналады. Ал толымды сана дегеніміз не?

Барша әлемді жаратушы Алланың білім нұры әлемдегі жанды, жансыз заттардың бәрін көктей өтіп, оларды өз уысында ұстап тұр. Ол жанды-жансыз заттар арқылы қиқымдалып бөлшектеніп кеткен сияқтанғанмен, шын мәнінде бүтін қалпын ешқашан жоғалтпайды. Білім нұры – бұл тіршілік жаратылған кездегі әу бастағы таза сана.

Адамда алғашында сондай таза сана болған. Ал кейін ол ластанып, материалдық дүниенің ықпалымен кірленді. Яғни, рухани сана материалдық дүниенің қоқыс кірімен ластанып, адамды өзін мәңгі жан емес, өткінші тәнмін деп санауға мәжбүрледі.  Құран мен Інжілдегі Адам ата мен Хауа ана жайлы аңыз да соны айғақтайды. Алғашында уайым-қайғысыз және ауру мен кәріліктің, ажалдың дәмін татпайтын мәңгі ғұмыр иесі болған Адам ата мен Хауа ана сайтанның азғыруына түсіп, тиым салынған жемісті жейміз деп жұмақтан қуылады. Бұл аңыздың астарындағы мән – бұл тек екі тіршілік иесі – Адам ата мен Хауа анаған ғана қатысты емес, жалпы адам баласына қатысты жай және ол адамның алғашқы рухани толымды санасынан айрылып, материалдық фәни дүниенің ықпалына түсуімен байланыстырылады.

Енді тағы да осы аңызға назар аударып көріңіз. Жұмақта уайым-қайғысыз тірлік кешіп жатқан Адам ата мен Хауа ананы сайтан қалай алдап еді? Мына жемісті жеуге Алла сендерге неге тиым салды? Өйткені оны жеу арқылы дүниені ақылмен танып білесіңдер, Алла сендердің білімді болуларыңды қаламайды, сондықтан, осылайша ойсыз өмір сүруге мәжбүрлемек дейді сайтан.

Адам ата мен Хауа ана «шынында да бұл тиымның астарында бірдеңе бар шығар» деген оймен және бойларын билеген әуестікті жеңе алмай сайтанның тіліне ергендерін сезбей қалады. Яғни, сайтан адамды теріс әрекеттерге «осыны жасасаң мынадай игілікке кенелесің» деген жалған уәдемен мәжбүрлейді. Бұл тәсілді сайтан Адам ата мен Хауа ана заманынан бері еш өзгеріссіз сол қалпында әлі күнге дейін қолданып келеді және оның нәтижесі де өте жоғары.

Жалған уәдеге алданғандардың табары – өкініш

Сайтанның арбауына түсіп жүрген пенделерді сіз бен біз күнде көріп, естіп, олармен араласып, тіпті өзіміз де солардың қатарында жалған уәдеге арбалып жүреміз. Бірақ, солай екен-ау деп ешқашан ойлаған емеспіз. Осының бәрін бейне өз ақылымызбен және қалауымызбен жасап жатқан сияқтанамыз.

Мәселен, араққа салынған маскүнемді алып қараңыз. Бұны ол сайтанның азғыруымен жасап жатырмын деп санамайды. Арақты өз қалауыммен ішемін, арақ үшін отбасымнан, жұмысымнан, бедел-абыройымнан өз еркіммен айрылдым деп ойлайды маскүнем. Шындығында ол «арақ ішсең көңілің көтеріледі, уайым-қайғыдан арыласың, батыл, жігерлі адамға айналасың, ол және тәбетіңді ашады, іштегі зиянды заттарды тазалайды, яғни денсаулыққа пайдалы» деп адамның ақыл-есін алады. Шындығында санаға енген мұндай ақпараттар адамның өзінен, яғни өзінің мәңгілік рухани табиғатынан келіп тұрған жоқ, ол нәзік тәнді сайтанның адам санасына сырттан енгізген теріс ақпараты.

Бұны сайтан қалай жүзеге асырады? Нәзік тәнді сайтан біз көрмейтінді көреді. Яғни, ол адам ойын көріп, біліп тұрады. Ойдың материялық қуат екендігін бүгінгі ғылым да растайды. Ойды өлшейтін құрылғы да бар. Міне, сол ойды сырттай бақылап, көріп тұратын сайтан, адам ойының өлшеміне еніп, яғни  радиотолқын диапозонына енген сияқтанып, содан кейін адам миына өз қалауымен басқа ақпараттарды енгізе бастайды. Арақ ішсең мынадай-мынадай игілік табасың деп азғырады сайтан. Адам бұл ойдың қайдан келіп жатқанын сезбейді және оны өзім ойлап тұрмын деп санайды. Осылайша, құрыққа түскен пенде араққа салынады.

Зинақорлық, мансапқорлық, атаққұмардық,  ақшақұмарлық, құмар ойындарына елігушілік – бәрі де адамның өзіне де, айналасындағыларға да залалын тигізетін жаман әрекеттер және оның бәрін адам сайтанның азғыруымен жасайды.

Бұрмаланған шындық

Жоғарыда айтып кеткеніміздей, Алла әу баста жаратқан таза сана, яғни толымды сана адамды Жаратқанның заңымен өмір сүруге, күнадан аулақ болып, өзіне де, өзгелерге де тек пайдасын тигізетін игі істер жасауға құлшындырады. Бұндай жағдайда адам бойынан жоғары өлшемдегі таза  эмоциялық қуат шығарады. Ал ондай қуат сайтан үшін азық болып табылмайды. Сондықтан, сайтанға адамның жоғары деңгейдегі таза эмоциялық қуат өндіріп, сол қуаттың ықпалында болуы еш пайдасыз.

Осыған орай, сайтан адамның дүниетанымын, өмірлік көзқарасын өзгертетін, теріс ақпараттарды санасына сіңіруге тырысады. Бұл әртүрлі жолдармен іске асып жатады. Оны жекелеген сайтани тіршілік иелері немесе үлкен қауым болып бірлесе жүзеге асырады. Яғни, сайтани тіршілік иелері үшін өмірлік маңызы бар бірден-бір әрекет – ең басты тіршілік көзі саналатын лас қуат өндіретін адам баласының санасын өзгертіп, оларды теріс бағытқа түсіру.

Бұндай ақпараттар қазір құпия болудан қалған және ол туралы интернет арқылы сіз өте көп ақпараттар  алуыңызға болады. Сайтани тіршілік иелерін атауға  ғылыми негіздегі эгрегор деген термин қолданылып жүр. Сайтан, яғни эгрегор – бұл үсті-басын түк басқан мүйізі бар тіршілік иесі емес. Ол бөгде планеталарда, оның ішінде жердің өзінде басқа параллел өлшемдерде тірлік кешетін жоғары интеллектуалдық деңгейдегі нәзік тәнмен өмір сүретін түрлі формадағы тіршілік иелері. Олардың түрлері өте көп.

Біздің бүгінгі қоғам – бұл сайтани түсінікпен бұрмаланған және солардың ықпалындағы өркениет болып табылады. Өзіңіз байыппен қарасаңыз бұған анық көз жеткізу еш қиын емес. Мәселен, қасиетті Құранда басқа бас, көзге көз деген ұғыным болса, яғни кісі өлтірген адам өлім жазасына кесілуі қажет делінсе, қазіргі сайтани түсінікке негізделген заң – бір, тіпті бірнеше адамды азаптап өлтірген қылмыскерді де өлім жазасына кеспейді.

Еркек пен еркектің жақындасуы дәстүрлі діндердің бәрінде үлкен күнә және арсыздық саналса, бүгінде көптеген алдыңғы қатарлы Батыс елдері гейлердің отбасы құрып, еркін өмір сүруіне заң жүзінде рұқсат беріп қойды. Өсімқорлық күна делінсе, қазір банк қызметі экономиканың ең негізгі тұтқасы болып отыр. Осындай мысалдарды онан әрі де көптеп келтіруге болады.

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика