«Секреттің» құпиясы
Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:
«Секрет» фильмі бүгінде жұртшылыққа кең танылған бестселлерге айналды. Бұл фильмнің ерекшелігі сол, ол адамдардың өмірге деген көзқарастарын өзгертуге үлкен ықпалын тигізеді. Ресейде, әлемнің басқа да бірқатар елдерінде дәл осы «Секрет» фильмінің ықпалымен үлкен бір қозғалыс құрылып, жұмыс істуде. Бұл фильмнің құпиясы неде?
Адам өмірін өзгертетін фильм
Адамзат соңғы ғасырларда дін мен құдайды екінші орынға сырып тастап, ғылымды алға шығарды. Табиғаттың төл перзенті болып саналғанмен де, ғылыми ұстаным бойынша адам барша әлемнің әміршісі және Маркстің сөзімен айтқанда еңбек ету арқылы ол әлемді қайта жаңғыртуда. Дегенмен де, квантты физиканың дамуымен бұндай ғылыми көзқарас соңғы кезде біраз өзгеріске ұшырады. Ғалымдардың өздері табиғаттан тыс бір құдыретті күштің барлығын, оның адам санасына үлкен ықпал ететіндігін түйсіне бастады. «Секрет» фильмі ғылымдағы дәл осындай өзгерістерді негізге ала отырып, адам өмірін өзгертуге арналған. Оның маңыздылығы да осында.
Байлыққа жетудің жолы – нық сенім
Материалистік түсінікті санаға сіңірген пенделер байлыққа, молшықққа жетудің бірден бір амалы – ақ тер, көк тер болып жұмыс істеу деп санайды. Шындығында, уақытпен санаспай ауыр бейнет ететіндер керісінше сіңірі шыққан кедейлік шегінде өмір кешеді. Ал саусағының ұшын ғана қимылдатып, өзгелерге әмір берумен айналысатындар керісінше күн санап байыған үстіне байып жатыр. Мұның себебі неде?
Бәрі де түйсікке (подсознание) байланысты дейді «Секрет» фильмінің авторы. Түйсік арқылы сіз өміріңізді қалаған бағытқа өзгертіп, ойыңызға алған мақсаттарыңыздың бәріне жете аласыз. Фильмнің кейіпкерлері өмірде үлкен жетістіктерге жеткен және сондай нәтижеге түйсіктің арқасында жеткен жандар. Олардың нақты тәжірибеге негізделе айтқан сөздері еріксіз ойландырады. Ой жору (визуализация) дегеннің көмегімен ойыңа алған арманыңа қол жеткізуге болады деген фильм авторы мен кейіпкерлерінің сөзінің шындыққа жанасатындығын өз басым нақты өмірде бастан кешкенімді айта кеткім келеді.
Ой жорудың құдіреті
1980-ші жылдардың соңы еді. Оқуды жаңа бітіріп келіп, аудандық газетте қызмет етіп жүргенмін. Газетіміз қазақша-орысша шығатын. Қазақ газетінде редактордың орынбасары мен аудармашы болып істейтін мен екеуміз. Қазақ газеті негізінен орысшаның аудармасы болып саналады. Орынбасар бір-екі аударманы алып қалады да, қалғанын түгел маған береді. Бас алмай жұмыс істеймін.
Менен екі еседей артық ақша алатын орынбасар мұрнын шұқып жұмыссыз қол қусырып отырады. Соның әбден ызасы өткен болса керек бір күні ұйқыға кетер алдында қиялға берілдім. Өзімді сол орынбасардың кабинетінде, соның креслосында отырғандай сезіндім. Бұл жәй қиял емес, бір сәт шындық сияқтанып кетті. Мұндай жаттығумен қанша уақыт айналысқаным есімде жоқ. Содан біраз уақыт өтті. Бұрын аралары жақсы болған редактор мен орынбасар неге екені белгісіз текетіреске түссін. Қысқасы, не керек орынбасар қызметтен кетіп тынды.
Оның орнына ойламаған жерден жұмыс істегеніме бір жыл ғана болса да мені қойды. Сөйтіп, сонау көктемнің кешіндегі қиялым нақты жүзеге асып, орынбасардың кабинетінде, оның креслосына қалай отырғанымды өзім де сезбей қалдым.
«Секрет» фильмінің кейіпкерлері ойша жорудың құдыретіне шек келтірмейді. Бірақ ол қиял түрінде ғана болмауы тиіс, яғни сол ойыңның жүзеге асатынына нақты сенуің шарт. Нәтижеге жетудің кілті де нық сенім болса керек.
«Секрет» фильмін мына сілтеме арқылы көре аласыз:
http://my.mail.ru/mail/maksat-raimzhanuulu3/video/_myvideo/7.html