Шынайы өмірде сиқыр бар ма және оны игеруге бола ма

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамдардың сиқырға деген көзқарасы әрқашан кереғар жағдайда болды. Дәстүрлі діндердің бәрі дерлік сыйқыр күнәға бастайтын теріс әрекет деп санап, айыптайды. Орта ғасырларда христиандар сыйқыршылық жасағаны үшін тірідей өртеп жіберетін. Ал  соған қарамастан, көп адамдар сыйқырға сенеді және сыйқыршылық осыған орай әлемнің көп өңірлерінде белең алды. Бір адамдар сыйқыр деген ойдан шығарылған нәрсе деп сенімсіздікпен қараса, енді біреулер оған құлай сеніп, тіпті, сыйқыршылардың қызметін пайдалануға ынталы болады.

Бүгінгі ғылым мен жаратылыс заңдары көптеген құбылыстарды толық мәнінде түсіндіріп бере алмайды. Бұның өзі ертеден адамдардың санасында қалыптасқан табиғаттан тыс күшке деген сенімді туғызады. Оған қоса, адамдар табиғаттан қажетін жан қинамай дұғаның, яғни сыйқырдың күшімен оңай алғылары келеді. Жалпы, сыйқыр деген түсінік адамдар жануарлардан бөлініп, саналы адам сатысына өткен кезден басталады десек, артық айтқандық болмайды.

Дәстүрлі діндер сыйқырды қанша теріске шығарса да, шын мәнінде сыйқыр мен дін бір-бірімен астасып кеткен.  Ислам, христиан сияқты бір Құдайға табынатын дәстүрлі діндер қалыптаспаған ежелгі заманда  дін мен сыйқыр біртұтас болды. Яғни, сыйқыр мен дін бірге болды. Осы орайда, әлі күнге дейін сақталған мұсылмандар арасындаға тасаттық дәстүрін алып қарайық. Адамдар мал сойып, Құдайға жалбарынып, жаңбыр сұрайды. Содан кейін кенет аспанда бұлт пайда болып, жаңбыр жауа бастайды.

Ислам  және христиан сияқты әлемге өте кең таралған дәстүрлі діндерді ұстанушылар арасында қанша тыйым салынғанына қарамастан, сыйқыр ғасырлар бойы өмір сүріп келді. Бұл әсіресе, адамның ақыл-санасына әсер ететін дуалаудан анық көрінеді.  Мұсылман елдерінде әйелдердің ер адамды және керісінше, ер адамдардың әйелдерді дуалатып, өзіне қаратып алуға  ынталы болу әрекеттері ертеден бері өмір сүріп келеді.

Біздің Ақиқат сайтында дуалауға байланысты бірқатар мақалалар жарияланған еді. Осыған орай, телефон шалып, хабарласып, біреуді дуалап беріңіз деп өтініш айтқан адамдар болды. Мен өзімнің дуа жасай білмейтіндігімді және бұл қауіпті құбылыс екендігін айтқаныма қарамастан, ол адамдар өз пікірлерін өзгертпейтіні сөздерінен анық байқалып тұратын. Осыған қарап, адамдар арасында сыйқырға деген сенімнің қаншалықты жоғары екенін бағамдауға болады.

Бүгінде ғылым біршама зерттеп, қандай құбылыс екендігін анықтауға әрекет етіп жүрген гипноз құбылысын да сыйқырға жатқызуға болады. Адамдарды ұйқылы-ояу күйге түсіру арқылы, оны өз әміріне бағындыратын гипноз құбылысын теріс мақсаттарға пйдаланатындар аз емес. Тіпті, гипнозды бай-бақуатты адамдардың ақшасын ұрлау мақсатында пайдаланатын кәсіби ұрылар әлемнің әр өңірлерінде кезедседі екен. Олардың ұсталмайтыны, жазаға тартылмайтыны ұрлықтың бұл түрінің ерекшеліктеріне байланысты. Ең алдымен, гипноздалған адам өзінің ақшасын кім және қалай ұрлағанын да білмейді. Оның санасынан гипноздаушы қажетті ақпараттарды түгел алып тастайды да, енді ол  гипноздаушы адам туралы ештеңені есіне түсіре алмайды.

Африкалық тайпалар арасында кең таралған вуду қуыршағы арқылы қастасқан адамына ойына келген жамандықты жасау құбылысы туралы ақпараттар аз емес. Өкініштісі сол, вуду қуыршақтарын пайдаланушылар қазір әлемнің әр елдерінде кездеседі. Осындай тәсіл арқылы олар қастасқан адамына түрлі қастандық әрекеттер жасап, тіпті өлтіре де алады екен.

Түйін: Бүгінгі ғылым мен техника шарықтап дамыған заманда да адамдардың көбі сыйқырға сенеді және оны пайдалануға ынталы жандар да аз емес. Осының өзі сыйқыр деген құбылыстың барлығын және ол біздің санамыздан тыс өмір сүретінін дәлелдейді. Ел арасында таралған түрлі ақпараттарға талдау жасап қарайтын болсақ, осы құбылысты пайдаланудың пайдасынан гөрі залалы көбірек тиетінін бағамдауға болады. Өйткені, сыйқырды адамдар көбіне қара басының мүддесі үшін және өзге адамға залалын тигізу арқылы пайдалануға  ұмтылады. Бұның өзі карма заңына сай, жаман әрекеттің салдары да жаман болатынын дәлелдейтін теріс әсері арқылы анық байқалады. Яғни, бұл құбылысты теріс мақсатқа пайдалану ең алдымен оны жасаған адамға және оны пайдаланған жанға теріс әсерін тигізеді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика