Шындыққа тура қарап үйрен

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Адамдардың көбі жалғандықты ажырамас серігі етіп, сонымен өмір ақылкешеді. Олар тіпті, өздерінің жалған айтып, жалғандыққа байланғандарын да сезбейді. Басқа түгілі, өздеріне өздері жалған айтып, сол жалғандықты шын деп сезінеді. Бір қарағанда, ондайлардың өмірі жеңіл сияқты сезілгенмен, шындығында ауыртпалықтан көз ашпайды және ең өкініштісі, бір жасаған қателіктерін мың рет қайталаумен өтеді.

Шындық адамға не береді?

Өзіңіздің абырой-беделіңізден айрылып қалармын немесе басқа да залалдары тиер деген оймен айналаңыздағыларға жалған айтқаныңызды түсінуге болар, ал өзіңізге өзіңіз жалған айту – бұл енді құрдымға құлаудың ең қатерлі жол.

Енді осы  өзіне өзі жалған айтатындардың өздеріне қаншалықты залал келтіретініне келейік. Мәселен, арақ ішіп, соның кесірінен достарынан, қызметінен, отбасынан айрылып немесе оларды ренжітіп жүретін адамның өзгелерді де, өзін де алдайтын уәждері болады. Ол: «арақты көп ішпеймін, маскүнем емеспін, достармен кездескенде ішуге неге болмайды, денсаулығым көтерсе, ақшам болса, көңіл көтергеннің не оғаштығы бар?» деген сияықты себептерді санасына әбден сіңіріп алады да, арақтан бас тартуды еш ойламайды.

Жоғары білімі бар қырықтан асқан отбасылы жігіт бізбен өткен жылы бірнеше ай қызметтес болған еді. Арақты әкесінің ақысы кеткендей ішеді екен және жоғарыда айтқандай, өзін өзі жұбататын уәжі де бар. Соның салдарынан талай рет қызметтен кетіпті. Бізде де көп тұрақтамады. Таяуда оны тағы көрдім. Сақалы өскен, киімі жүдеу. Жұмыс жоқ дейді. Бірақ сөзіне қарап арағын ешқашан тастамайтынын және ол туралы мүлдем ойламайтынын анық сездім.

Ал егер осы жігіт өзін өзі алдамай, бір сәт шындыққа тура қарап: «Апырым-ай, менің жасап жүргенім не осы? Не отбасында, не жұмыста береке жоқ, осының бәрі арақтың кесірі ғой. Қой, бұны тастайын» десе, санасына ой түсер еді. Келе-келе ол бұны іштей анық сезініп, содан ерік-жігер тауып арағын қояр еді.

Бұл жалғыз араққа қатысты ғана жай емес. Адамның бойындағы басқа да кемшіліктерден шындыққа тура қарап үйренген жан оңай айрыла алады. Мәселен, зинақорлық, темекі шегушілік, өтірік-өсекке үйірлік, ұрлық, т.б.

Өзіңізді алдамаңыз

Шындыққа тура қарап үйрену үшін күнде бес минут уақыт тауып, айнаға қарап отырып, өз кемшіліктеріңіз жайында ойланыңыз. Сізді ешкім көріп тұрған жоқ, ешкім естімейді және не ойлағаныңызды да ешкім ешқашан білмейді. Ендеше қысылмай, еркін өзіңізге өзіңіз бойыңыздағы кемшіліктер жайында түгел  айтып, шындыққа тура қарауды үйреніңіз.

Тәтті өтіріктен, ащы шындық жақсы. Өйткені, шындық сіздің бойыңыздағы олқылықтарыңызды дәл көріп, оны қалай жоюға болатынына көз жеткізуге жәрдемдеседі. Ал, өтірік  керісінше  кемшілікті бүркемелеп, өзіңізді алдаусыратуға, сөйтіп, кемшілікті онан әрі жалғастыруға итермелейді.

Түйін: сіз өз мінез-құлқыңыз бен әрекеттеріңіз, өміріңіз жайында айнаға қарап отырып, шыншылдықпен ойлап көрдіңіз бе? Көрмесеңіз, күнде солай бес минут жасауға үйреніңіз. Сонда сіз айнадан өз бейнеңізді дәл көріп, танитын боласыз. Олқылықтарыңызды тауып, одан құтылуға тырысасыз. Ал, оның болашағыңызға тигізер ықпалы аз болмасы анық.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика