Совет адамы

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Негізгі мемлекеттік тілі – орыс тілі болған және өзге одақтас республикалар екінші деңгейдегі аймақ болып саналатын, өзге ұлттар да екінші сортты болып есептелетін сол тұста көп сөздер орысшадан өзге тілдерге аударылмай сол күйінде берілетін. Бұл да кеңестік жүйе қалыптастырған ұлыорыстық шовинистік  саясаттың бір көрінісі еді. Сол кезде қазақшасы «кеңес» деп аударылатын «совет» сөзі орысшадан сол күйінде аударылмай берілді. Міне, сол жетпіс жылдан астам үстемдігін жүргізген кеңес билігі тұсында санасы қасаңданған «совет адамдары» деген топ қалыптасқан еді.

Советтік түсінік

Менің балалық, жастық шағым сол кеңестік заманда өтті.  Сондықтан болар, ол заманды кітаптан оқып, кинодан ғана көретін қазіргі жастарға қарағанда біршама жақсы білемін деп айта аламын. Бүгінде кеңес заманын армандап, КСРО деп аталатын мемлекетті қайта орнатқысы келіп жүретіндер аға ұрпақ арасында аз емес. Олардың жағдайларын түсінуге болады, өйткені, саналарына берік сіңген кеңестік түсініктен арылмаған «совет адамдары» ақша билеген нарық заманына бейімделе алмай қойды.

«Байлық – мұрат емес, кедейлік – ұят емес» деп саналатын кеңес заманындағы адамдар ақшаға қызықпайтын және ереңгі күнді ойлап бастарын ауыртпайтын. Олар бүгінгі күннің өлшемімен өмір кешті және «бәрін партия мен үкімет біледі» дегенді саналарына берік сіңірді. Ол кездегі ең басты құндылық – ішіп-жеу, орден-медаль алу, басқа да марапаттарға ие болу, мансапқа қол жеткізіп, креслоға отыру болып саналатын.

Коммунистік партияны біраз жыл басқарған бүгінгі жастар атын да, затын да білмейтін Леонид Брежнев деген кісі орден-медальді басынан табанына дейін тақты. Ол кісінің атын қазақтар тіпті, әнге де қосып жіберді. Атақтан, сыйлықтан, марапаттан кенде болған жоқ. Міне, сол заманда қалыптасқан атаққұмарлық, мансапқорлық, ысырапшылдық, яғни тойшылдық деген жаман қасиеттер әлі күнге дейін аға ұрпақ өкілдерімен бірге қоғамымыздың айнымас көрінісіне айналып келеді. Жағымпаздық деген де сол заманда өте күшті болатын.  Ерінбегеннің бәрі қазына мүлкін дорбалап, арбалап, вагондап ұрлап жататын. Қазіргі жемқорлық, парақорлық, мансапорлық, атаққұмарлық, жағымпаздық деген жаман құбылыстардың бастауы сол кеңес дәуірінен келгендігі даусыз.

Қазіргі заман адамы

Кеңестік темір шымылдық алынып тасталған соң тәуелсіздік алған еліміздің шекаралары ашылып, шет елдерге барып келу оңайлай түсті. Одан қалды алыс-жақын шет елдерден түрлі ақпараттар ағылды. Интернет бүгінде әлемді мидай араластырып жіберді. Осылардың бәрі кеңестік идеологияны санасына сіңірмеген жастардың мінез-құлқын, көзқарасын, дүниетанымын түгел  өзгертті.

Қазіргі заман адамы деген кімдер? Мансапқа табынбайтын және құлшынбайтын, атақ-даңқ, марапат дегенді қажетсінбейтін, мансап үшін әлдекімдердің табанын жалап, жағымпазданбайтын,  әр тиынын есептеп, ертеңгі күнін ойлайтын, оқуға, білімі мен кәсіби біліктілігін көтеруге көп көңіл бөлетін адам, міне қазіргі заман адамының бойындағы жекелеген қасиеттер осылар.

Мен кәсіпкерлікпен айналысып, жақсы табыс табатын біраз жас жігіттерді білемін. Олар қарапайым киінеді,  кеуделерін соқпайды, қарапайым, кішіпейіл, ақшаларын орынды жұмсайды және әрдайым білімі мен біліктілігін жетілдіруге, таным көкжиегін кеңейтуге құлшынып жүреді.

Мынаған назар аударып қараңызшы: қазіргі бәсеке деген шарықтап кеткен нарық заманында егер әрдайым уақыт талабынан қалмай білім, біліктілігіңізді дамытып, алға жылжып отырмасаңыз, әп-сәтте шаң қауып қалатыныңыз анық. Сондықтан еш босаңсуға болмайды. Совет адамдары сияқты «партия мен үкімет өлтірмейді» деп тапқан азын-аулақ жалақыңызды ішіп-жеуге жұмсап, бүгінгі күнмен өмір сүрсеңіз, ертең аш қалуыңыз әбден мүмкін. Яғни, капиталистік  қоғамның басты талабы – Аллаға, содан кейін өзіңе сен. Мемлекет аштан өлтірмейді деген кеңестік түсінікті санадан мүлдем өшіріп таста.

Қазіргі заман адамы үшін ең бастысы – жақсы жалақысы бар жұмыс табу немесе кәсіпкерлікпен айналысып бақуаттылыққа жету, өзін материалдық жағынан толық қамтамасыз ету, бір рет берілетін өмірде жер, ел көру, адам сияқты демалу, пікірлес жандармен қарым-қатынастан, жаны сүйген іспен айналысудан рахат алу. Ал жалақысы жоғары жұмыс табу үшін кәсіби мықты маман болу шарт, кәсіпкерлікпен айналысуға да білім мен біліктілік, тынбай еңбек ету, іздену қажет. Бұның бәрін жүзеге асыру үшін совет адамдары сияқты арақ ішіп, темекі тартып, жалқаулыққа салынбай, салауаттылықты ұстану, уақытпен санаспай еңбек ету, әрдайым өзіңді кәсіби жағынан жетілдіру қажет болады.

Мына нәрсе ақиқат: Совет адамы мен қазіргі заман адамының арасы аспан мен жердей, яғни от пен су сияқты. Олар ешқашан бірін-бірі түсінбейді және ешқашан тіл табысып, бірге өмір сүре алмайды. Өзін өзі дамыту саласының білгір сарапшысы Бақытбек Нұрсиланың айтқан «40 жасына дейін баспаналы бола алмаған адам адам емес» дегенін совет адамы ешқашан мойындамайды және түсінбейді. Бұл қазіргі заман адамдарына қарап айтылған сөз, өйткені қазіргі заман адамы, заман талабына бейімделген, 40 жасына дейін жәй пәтер ғана сатып алып қоймай, зәулім коттедж тұрғызып, тұрмысын әлдеқашан дөңгелетіп алған адам.  Бірақ, өкініштісі сол, жастардың бәрі қазіргі заман адамдарындай ойлап, әрекет етпейді және аға ұрпақ өкілдері арасында да қазіргі заманға бейімделгендер аз емес. Бір сөзбен айтқанда, заманға бейімделу жасқа қарамайды, әр адам өз болашағына өзі жол салады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика