Стресстен құтылудың амалы – оны бақылып, басқаруды үйрену

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бүгінде стресс деп аталатын дерт адамзат үшін ең қатерлі және белең алған аурулардың бірі болып отыр. Оның белең алғандығы сонша, тіпті стресспен ауырмайтын пенде жоқ десе болады. Қазір стресс адамдардың күнделікті табиғи ахуалына айналып бара жатқандай. Осындай жағдайда адамдардың жүйкесін жұқартып, өмір алдымызға қойған кедергілердің алдында қауқарсыз ететін, ар-намысымыздың аяқ асты болып, тапталуына ұшырататын осы қатерлі дерттен толайым құтылу – барша жұрттың арманы екендігі анық.

Стрессті басқару.

Стресс туралы ілімнің негізін салушы Ганс Сельенің айтынша, стресс деген өлген адамдарда ғана болмайтын адамның табиғи ахуалы. Сондықтан да, стресстен қалай құтыламын деп оның жолын қарастырып уақыт өткізудің жөні жоқ. Ең дұрысы, стрессті өмірлік құбылыс ретінде қабылдап, оны бақылау және басқаруды үйрену қажет.

Стрессті бақылап, басқаруға жасалған ең алғашқы қадам – ниеттен басталады. Бәрі де сіздің ниетіңізге байланысты болмақ. Мәселен, егер сіз стрессті жүйкеңізді жүндей түтіп, құрдымға құлататын қатерлі дерт деп қабылдап, одан құтылудың жолы дәрі-дәрмек қабылдау немесе арақ-шарап ішу, зина жасау, т.б. жолдармен көңіл көтеру деп түсінсеңіз, онда стресс мойныңызға мықтап мініп, өмір бойы жаныңызды кеміретін құтылмас дертке айналады.

Керісінше, сіз стрессті табиғи ахуал деп қабылдап, ол әкелген түрлі қиындықтарды өмір алдыма қойған жасанды кедергі деп түйсініп, қиындықты жеңу арқылы биіктерге көтеріліп, бақытқа жетемін деп ойлайтын бослаңыз және мұның бәрін қызықты ойын түрінде қабылдасаңыз, онда стресс сізге шақырылмаған қонақ сияқты құбыжық болудан қалады.

Ганс Селье дәлелдегендей, стресс деген дерт адамның ежелден қалыптасқан табиғи ахуалы болса, одан құтылуды ойлап бас қатырудың еш жөні жоқ. Ең бастысы, ол бізге кедергісін келтіріп, өмірімізді тамұққа айналдырмас үшін бәрін ойын ретінде қабылдап, өмір алға қойған түрлі кедергілерден өтудің амалдарын қарастырғанымыз жөн. Осындай көңіл-күйі ахуалында біз кедергілерді жеңіп қана қоймай, стресс аталатын дерттен де құтылып, ойға алған арман-мақсаттарымыздың биіктеріне көтеріле алмақпыз.

Ырғақты тыныс алу – стресстен құтылудың тиімді жолы.

Стресс дерті белең алған кезде адам әлсіреп, жүйкесі жұқарады және ол өрши келе депрессия деп аталатын қатерлі деңгейге көтеріледі. Ондай сәтте өмірден түңілген пенде өзіне қол жұмсауға дейін баруы ықтимал. Сондықтан, стрессті бақылап және басқарып үйренудің маңызы өте зор.

Мұның ең тиімді тәжірибеден өткен тамаша тәсілі – ырғақты тыныс алу. Ол үшін молдасыңызды құрып ыңғайлы отырыңыз. Содан кейін жүрек соғысыңызға назар аударыңыз. Көп ұзамай жүрегіңіз қалыпты соғып, тыныс алу қалыпты ырғаққа түседі.

Міне, сол кезде сіз жүрек соғысыңыз бен тыныс алу жиілігін басқаруға көшіңіз. Ол үшін алдымен жүрек екі рет соққанда демді тартып, төрт рет соққанда демді шығарыңыз. Содан кейін оның жиілігін үш және алты ретке жеткізіңіз. Яғни, жүрегіңіз үш рет соққанда дем тартып, алты рет соққанда шығарыңыз.

Ақыр соңында жүрек төрт рет соққанда дем тартып, сегіз рет соққанда шығарыңыз. Осындай ырғақтылықты сақтап, бірнеше минут отырған соң жаттығуды аяқтаңыз. Бұл сізге не береді? Ең алдымен жүйкеңізді тыныштандырады. Бойыңызға күш құйылғандай өзсіңізді сергек және жақсы сезінесіз. Егер стресс деп атаалтын дерт дендеп, жүйкеңіз жұқарса, өмірден түңіліп, құлазушылыққа бой алдырсаңыз, онда отыра қалып, бірнеше минуттық ырғақты тыныс алу жаттығуын жасаңыз. Ол сізге міндетті түрде көмектеседі.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика