Түс түлкінің тезегі ме немесе түстің астарында қандай құпия бар?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

бақытАдамзат баласының бойындағы құпиялардың ішіндегі ең шешімі жұмбақ тылсымның бірі – түс. Түс көрмейтін адам жоқ, бірақ екінің бірі түске сенбейді және оны дұрыс жорып, түстің астарындағы ақиқатты түсіне білмейді. Содан болар, түске жұрттың көбі материалист ғалымдар айтқан мидың шаршауынан туған жай деп қарайды.

Түстің астарындағы тылсым.

Қасиетті Құранда түс жорушы Жүсіп пайғамбар туралы сүре бар. Ағаларының қысастығынан туып өскен жерінен кетіп, Мысыр қаласында өмір кешкен Жүсіп пайғамбар Жаратқанның еркімен түс жору қабілетіне ие болады. Ол осы қасиеті арқылы пірғауынның көзіне түсіп, мемлекеттік беделді қызмет атқарады.

Түстің адамның болашағы туралы ақпарат беретіндігін Құран теріске шығармайды. Яғни, түстің астарында болашағымызға қатысты нақты ақпарат бар екен. Қазір ғылым табысқа жетудің бар кілті түйсікте (подсознание) деп айтып жүр. Түс дегеннің өзі адамның ұйықтап жатқан кезінде түйсік арқылы ақпарат алуы болса керек.
Осыған орай, түйсік арқылы алынған ақпарат біздің болашағымыз туралы және өмірімізге үлкен әсер ететін жайлар жайында ақпараттар беретін сияқты. Дегенмен, түс ақпаратты тікелей бермейді, оны рәміздік негізде береді. Яғни, түстің өз тілі бар.

Түс арқылы болашақты болжауға бола ма?

Егер сіз түстің тілін білетін бослаңыз, яғни оны жори алсаңыз, болашағыңызды болжайтын боласыз. Бұл – күмәнсіз. Бұлай деп үзілді-кесілді айтуыма себеп болатын жай бар. Енді соған тоқтала кетейін.
Мен 1992 жылы республикалық «Қазақстан мектебі» жорналында қызмет істедім. Түскі астан кейін жұмыс кабинетінде аздап көз шырымын алып алатынмын. Күзге салым болуы керек. Орындықтарды қатарластырып қойып, сонда жатып көз шырымын алмақ болдым.
Кенет түс көрдім. Тіпті, түс емес, өңімдегі сияқты. Мен вокзалдан шығып келеді екенмін, пойыз ақырындап қозғалып, содан кейін шапшаңдығын арттырды. Сол сәт «қап, қалып қойдым ғой» деп өкіндім. Өң мен түстің арасындағыдай жағдайда болған бұл оқиғаға сол кезде онша мән бермеген едім.
Арада екі айдай өткенде жаңа жыл қарсаңында Торғайға жұмысқа кеткен танысым үйіне шақырды. Жаңа жылда бірнеше күн демалыс болады, содан барсам барып қайтайын деп ойладым. Вокзалға келсем, кассаның алды ығы-жығы. Билет алудан күдер үзген мен сапардан бас тартуды ойлғанмын. Кенет алдыңғы жақта тұрған біреу, «Арқалыққа баратын адам бар ма, бір билет бар дейді» -деді. Мен жанталаса ұмтылып, әлгі билетті алдым.
Содан күтпеген жайдан көңілім өсіп, вокзалдан шыға берген едім, бір таныс кездесе кеткені. Хал-жайымды сұрап, әңгімелесіп тұрып қалдық. Самбырлаған диктор әлдене деп хабарлап жатты. Кенет перронда тұрған пойыз ақырын қозғалып, содан кейін шапшаңдығын арттырды. «Бұл қай пойыз?» дедім танысымнан. «Алматы-Қостанай» дей ме деді ол. «Қап, менің пойызым ғой, қалып қойдым-ау» деп өкіндім.
Әлгі танысым сол арада такси ұстап, бірінші Алматыға баруға кеңес берді. Оның айтқанын істеп, бірінші Алматыға барғанымда, пойыз вокзалға енді келген екен. Содан үлгірдім. Қызығы сол, осы сапар менің өміріме күрт өзгеріс әкелді. Сол сапардың себебі болып, келесі жылы Атбасар қаласында ашылған қазақ газетіне қызметке ауыстым. Осылайша, көрген түсім өміріме әкелетін өзгеріс туралы ақпарат берген болып шықты.

Түсті жору.

Жақсы түс көрсеңіз кім көрінгенге айта беруге болмайды дейді. Егер жаман жорыса, жақсы түсіңіздің өзі болашақта жаманға айналады деген бар. Әсіресе, түсті қалжыңдаса беретін құрдастарға немесе басқа таныстарыңызға айтудан сақ болғаныңыз жөн.
Түс байыпты нәрсе. Сондықтан қандай түсті де жақсылыққа жорып, жақсылықтан үміт күткен жөн.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика