Тәнді шынықтыру

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

денсаулық«Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген сөз бар. Ауырмаудың ең сенімді және қолжетімді тәсілі- тәнді шынықтыру. Шынықтыру дегеніміз – бұл адам ағзаларын суыққа немесе ыстыққа, тағы да басқа сыртқы ортаға ақырындап бейімдеу арқылы оның түрлі ауруларға қарсы тұру қабілетін арттыру жолындағы әрекеттер.

Шынығудың түрлері

Тәнді шынықтыру – денсаулықты жақсарту жолындағы тәжірибе арқылы анықталған тәсіл. Шынықтырудың негізі суық, ыстық немесе салқын темпаретураға күнделікті қайталанып отыратын жаттығулар арқылы тәнді бейімдеу болып табылады. Күнделікті жаттығу барысында адам тәні ақырындап сыртқы ортаға бой үйретеді. Шынығудың нәтижесінде адамның денсаулығы нығайып, түрлі ауруларға қарсы тұру қабілеті күшейеді және өзін сергек сезініп, жұмысқа ынтасы артады.

Адам ағзаларын шынықтырудың түрлері сан алуан. Әрбір адам өзіне жағатын, ұнайтын шынығу тәсілін таңдап алып, айналыса алады. Таза ауада спорт ойындарымен ойнау, суға шомылу, су құйыну, күнге қыздырыну – осылардың бәрі де адам ағзаларын ақырындап шынықтырып, сол ортаға бейімделуіне ықпалын тигізеді. Таза ауада спорт ойындарын күн сайын біраз уақыт ойнап отырсаңыз, көп ұзамай онсыз жүре алмайтындай сезіне бастайсыз. Осындай ойыннан кейін өзіңізді бойыңызға қуат құйылғандай өте сергек сезінеріңіз анық.

Суға шомылу да сол сияқты. Күн сайын жабық бассейнге немесе су тоспасына шомылуды әдетке айналдырған адам көп ұзамай оған әбден бой үйретіп алатыны сонша, онсыз жүре алмайтындай болады.

Мұздай су құйынудың пайдасы ұшан теңіз. Бірақ тәніңізді оған қалыптастыру үшін алдымен жылымшы судан бастап, ақырындап суыта беріңіз және бұл әдетті қысы-жазы тастамай, үзбей жасауға тырысыңыз. Сонда нәтижеге жетеріңіз күмәнсіз.

Тәнді шынықтырудың тағы бір тәсілі – жалаң аяқ жүру. Жалаң аяқ жүру арқылы сіз тәніңіздің иммундық қуатын еселеп арттырып қана қоймай, бойыңыздағы түрлі дерттерден де арыласыз. Өйткені көптеген қуат нүктелері табанға орналасқан және жалаң аяқ жүру арқылы сол қуат нүктелерінің белсенділігін арттыруға мүмкіндік жасалады.

Мұздай суға шомылу

Адам ағзаларын ауруға қарсы тұруға шынықтырудың ең тиімді тәсілі – мұздай суға шомылу. Әсіресе, қыстың суық күндерінде мұз ойықтарға шомылудың беретін пайдасы көп. Дегенмен де, «морж» болу үшін алдымен біраз дайындықтан өту қажет болады. Тәніңізді мұздай суға үйрету үшін алдымен жылымшы сумен жуынып, содан кейін ақырындап мұздай суға көшу қажет. Мұздай суға тәніңіз әбден үйренгеннен кейін ғана мұз ойықтарға шомылуға болады.

Су – өмірдің қайнар көзі. Барлық тіршілік судан нәр алады. Адам ағзасының тоқсан пайызын су құрайды. Сондықтан су арқылы шынығудың пайдасы зор. Мұздай суға шомылу сіздің бойыңыздағы барлық дертті жойып, сергектік пен күш қуат береді.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика