Тағдырды өзгертуге бола ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Біз өз өміріміздің қожасымыз деп қанша көкірегімізді кергенімізбен, өмір жолы өз дегенін жасап, кейде үш ұйықтасақ түсімізге кірмеген жайларға тап болып жатамыз. Сондайда, тағдыр деген бар, бәрі тағдырдың басқа салғанымен болады екен деп ойлайтынымыз рас. Шындығында тағдыр бар ма және тағдырды өзгертуге бола ма?

Тағдыр деген не?

Біз бұл сауалдың жауабын ойлап, ешқашан бас қатыра қоймасақ та, тағдыр деген жұрттың бәріне түсінікті ұғым. Адамдардың көбі тағдырға сенеді. Бірақ олар сол тағдыр дегеннің өзі не, ол қалай, қайдан пайда болады деп ойлана қоймайды. Біз тағдыр туралы жан-жақты біліп алмасақ, онда өмір өзі салып берген таптаурын сүрлеумен жүруден басқа лажымыз қалмайды.

Тағдыр туралы түсінікті біз Құраннан, Інжілден аз-маз тапқанымызбен, нақты және толымды ақпаратты Бһагавад Гитадан табамыз. Енді сол Бһагавад Гита тұжырымдаған тағдыр туралы қысқаша айтар болсақ, тағдыр деген – біздің өткен өмірімізде жасаған жақсы-жаман әрекеттеріміздің салдары.

Құранда кімде кім біреуге жақсылық жасаса, өз пайдасына, жамандық жасаса өз зиянына деп айтылған. Яғни, біз болашағымызды бүгін өзі қолымызбен жасаймыз. Егер сауапты жақсы істер жасасақ, онда болашағымыз жарқын болмақ. Керісінше, адамдарға қиянат жасап, күнәлі істермен айналыссақ, онда ертеңіміз ауыртпалыққа толы болады.

Тағдыр деген – салыстырмалы сөзбен айтар болсақ, бұл кәдімгі компьютердің бағдарламасы іспетті. Ислам дінінде адамның екі иығында екі періште отырады, біреуі оның жасаған жақсы ісін, екіншісі жаман әрекеттерін жазып отырады деген ұғым бар. Яғни, өмірде біздің жасаған жақсы-жаман әрекеттерімізге орай тағдыр жолымыз айқындалады.

Тағдырды өзгертуге бола ма?

Тағдыр – бұл қатып қалған нәрсе емес. Компьютердің бағдарламаларын үнемі өзгертіп, жетілдіріп отыратыны сияқты, адам өз тағдырын өзгерте алады. Бәрі оның жасаған әрекетіне тікелей байланысты. Яғни, тағдырды іс-әрекет арқылы өзгерте аламыз.

Ертеректе екі жас жігіт алыс елге бір жұмыспен барыпты. Олар шаруалары біткен соң туған қалаларына қайтқалы тұрғанда біреулерден сол маңайда деревняда тұратын көріпкел жұлдызшы туралы естиді. Екеуі көріпкелге барып, болашақтарын біліп алғылары келеді.
Жұлдызшы екі жігіттің біріне «сен бай, патша боласың» деп қуантады. Екіншісіне, «сен бір жылдың ішінде өлесің» дейді. Патша боласың деген жігіттің қуанышы қойнына сыймаса, өлесің деген жігіт керісінше қайғы-қасыретке бөленеді.

Туған қаласына келген соң патша боласың деген жігіт алаңсыз ойын-күлкіге салынады. Ол кім көрінгеннен қарыз алып, оны арақ-шарапқа жұмсап, көңіл көтереді. «Ертең байығасын қайтарамын» деп қарызын да қайтармайды. Ал екінші жігіт бар дүниені тәркі етіп, құдай жолына түседі. Ол осылай жасап, тым болмаса о дүниедегі жағдайымды жақсартайын деп ойлайды.
Арада бір жыл өтеді. Баийсың деегн жігіт сол бұрынғы кедей қалпында қалады, өлесің деген жігіт те өлмейді. Содан бір күні олар кездесіп «мынау жұлдызшы өтірікші екен, айтқаны орындалмады, барып осыны бетіне басайық» дейді. Сөйтіп олар жолға шығады.

Ұзақ жүріп, жұлдызшы тұратын деревняға жақындай бергенде бай боласың деген жігіт аяғы әлденеге шалынып етпетінен жығылады. Қатты ашуланған ол аяғына оратылған нәрсені жұлып алып, лақтырып тастағысы келеді. Дегенмен, тот басқан шынжыр қозғала қоймайды. Ол жерді қазып, шынжырды тартып қалғанда, қақпақ ашылып, астынан қуыс көрінеді.

Қуыстан ол қобди тауып алады. Оны ашқанда іші толған інжу-маржан мен алтын теңгелер екен. Соны көріп есінен тана қуанған ол «жұлдызшы біліп айтқан екен» деп мәз болады. Қобдидағы байлығын қарап, тамашалаған жігітті сол маңнан өтіп бара жатқан біреу көреді. Ол ниеті қара жан екен.
Қазынаға кенелген әлгіні көргенде қызғанышы қозып, ту сырттарынан келіп, екеуін қанжармен сұлатып салып, байлығын олжалауды ойлайды. Дегенмен, қарақшыны дер кезінде байқап қалған екінші жігіт оған тап береді. Арпалысып жүргенде қарақшының қанжары оның кеудесін сызып кетеді. Бірақ жігіт одан қарулы болып шығып, қарақшы қанжарын тастай қашады.

Екі жігіт бұдан кейін еш кездейсоқ жайға ұрынбай жұлдызшының үйіне келеді. Олар болған жайды баяндайды. Сонда жұлдызшы «сен патша болуың керек еді, бірақ күнәлі істерге салынып, жақсы сауаптарыңның көбін жоғалтып алғандықтан, бір қобди қазынамен шектелдің, ал сен өлуің керек еді, бірақ жақсы сауапты істеріңмен күнәларыңды жойып, соның салдарынан қарақшының қанжары жүрегіңе қадалмай, тек кеуде тұсыңды сызып қана өтіпті» -дейді.

Тағдырды өзгерту үшін жақсы, сауапты іс жасау қажет.

Тағдырды өзгертудің жолы әрекет десек, егер біз жаман әрекет жасасақ, жоғарыдағы әңгіменің кейпкері сияқты сауабымыз азайып, несібеміз кемімек, керісінше жақсы, сауапты істер жасасақ, күнәміздің салдары кеміп, тауқыметіміз азаймақ. Яғни, тағдырды өзгертудің жалғыз жолы – жақсы әрекет.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика