187 көрілім
Сайтқа ақысын төлеп, мақалаңызды жариялауға мүмкіндік бар. Қазақ тілінде кез келген тақырыпта мақала жаздыруға болады. Ақысы келісімді. Тапсырыс беру үшін kalkoz25@mail.ru поштасына немесе 87013001474 телефонына (вадсап бар) хабарласуыңызға болады.

Таяуда фейсбук желісінен Балтабек деген ақынның Елбасыны Құдай деп, оны Жаратқанға теңеген өлеңін көріп қалдым. Ет пен сүйектен жаратылған адамды Құдай деп атаған әлгі ақынның әрекеті ақылсыздық сияқты сезілгенімен, шындығында адамды Құдай деп оған табыну тарихта бұрын да аз болмаған және болашақта да ондай жайлар болмай қалмайтыны анық. Өйткені, адамның табиғи ажырамас қасиеті – бұл табынушылық.

Жердегі Құдай

Ертедегі Египетте перғауын аталатын патшаны Құдай санап, оған табынушылық  ешкімді таңқалдырмайтыны өз алдына, оны кәдімгі ақиқат  деп қабылдаған екен. Құдайдың жердегі көлеңкесі деп аталғанымен, перғауынға бодандары шынайы Құдай ретінде табынып, құлшылық ететін болған.

Христиан дінінің негізін салушы Иса пайғамбардың өмірі мен ілімі туралы баяндалатын Інжіл кітабында Иса пайғамбар ешқашан өзін Құдаймын деп атамаған, ол Адамның ұлымын деген. Бірақ та, табынушылық қасиеті бойларында туабітті бар пенделер жүре келе нешетүрлі таңғажайыптар жасаған Иса пайғамбарды өздері сияқты ет пен сүйектен жаратылған пендешілік деңгейден көтеріп, Құдай дәрежесіне жеткізген. Сөйтіп, христиандар Құдай-әке, Құдай-ұл және Киелі рух деп бір Құайды үшке бөлген.

Христиандардың бұндай бұрмалаушылығы туралы кейінірек түскен Құран кітабында анық жазылған. Десе де, христиандар Иса пайғамбарды Құдай санап, оған табынуларын қоймай келеді. Адамдардың бойындағы осындай табынушылық қасиеті одан кейінгі кезеңдерде де әлемнің әр өңірінен әредік көрініп қалып жүрді. Мәселен, Алматы маңында тұратын  ауылдастары «жынды Фархат» атап кеткен  ұлты ұйғыр автобус жүргізушісі 1990-шы жылдары өзін Құдаймын деп жариялап, айды аспанға бір-ақ шығарды.  Таңғаларлығы сол, оны Құдай санап, кәдімгідей сыйынатын ізбасарлары да табылды.

Алла-аят деп аталатын діни секта құрған Фархат атаның айтуынша ол адам атты  тіршілік иесін осыдан 4 миллиард жыл бұрын жаратыпты-мыс және алғашқы адам ұйғыр тілінде сөйлеген екен. Бірақ та, өзін Қүдаймын деп жариялаған шопыр Фархат 2000-ші жылдардың басында қайтыс болып, о дүниеге аттанып кете барды.

Индияда өздерін Құдаймын деп жариялайтын жалған әулиелер өте көп. Солардың сөзіне сеніп, соңынан еретіндер де аз емес. Тірі құдайлар әдетте өздерінің діни ағымдарын құрып алады. Сай Баба деп аталатын сондай көзбояушы жалған құдайлардың бірінің ізбасарлары тек Индияда ғана емес, әлемнің көп елдерінде бар.

Жалған Құдайға кімдер сенеді?

Жалған Құдайларға жүректерінде имандылығы жоқ, Құдайдан аулақ адамдар сеніп, соңынан ереді. Жоғарыда аталған Балтабек деген ақын да қолдан Құдай жасап,  ет пен сүйектен жаратылған, ауыратын, қартаятын және өлетін пендеге табынғысы келетіндей. Шынайы Құдайға табынбайтындар осылайша қолында билігі бар, атақ-даңқы шыққан немесе шылқыған бай, болмаса спорт-өнер жұлдыздарына Құдай деп сыйынып, кумир ретінде табынады.

Бһагавад Гитада  Жаратқан мына дүниедегі барлық өзгелерді таңғалдырып, тамсандыратын қасиеттердің бәрі өзінің айнаға  ашғылысқан күн сәулесі сияқты қуаттарының  кішкентай бөлшегі екендігін айтады. Ал енді мынаған назарыңызды аударып қараңыз: Құдай дегеніміз бойында барлық игі және не түрлі керемет жақсы қасиеттердің бәрін жинақтаған Ұлы Тұлға. Ондай Тұлғаға таң қалмау, сүйсінбеу, еліктемеу, жақсы көрмеу мүмкін емес. Бірақ, Алланы тек Ол туралы толымды ілімге ие пенде ғана сүйіп, құрметтей алады.

Ал Құдай туралы еш түсінігі жоқ қарапайым пенделер үшін бойларында Алланың қуаттарының титімдей ғана кішкене бөлшегі бар жандардың БӘРІ ҚҰДАЙ. «Соқыр тауыққа бәрі бидай» деген нақыл бар ғой. Сол сияқты надан адамға қолында билігі бар, не бойында жұрт сүйсінер таланты бар, шылқыған байлығы, болмаса білімі бар немесе атақ-даңқы аспандаған пенделердің  БӘРІ ҚҰДАЙ.

Ондайларды табынушылары көбіне Құдай демейді, жәй Кумир дейді. Спорт немесе әнші жұлдыздарды кумир етіп, солардың суретін бөлмесінің қабырғаларын толтырып жапсырып қоятын, үстіне солар сияқты киім киіп, әлгі табынатын жұлдыз қайда жүрсе сонда барып, қыр соңдарынан қалмайтын табынушылары үшін ол нағыз ҚҰДАЙДЫҢ ӨЗІ.

Түйін: Егер сіздің жүрегіңізде Аллаға деген үміт пен сенім болмаса, онда міндетті түрде әлдекімге табынуға тура келеді. Ол алғашында еліктеу, тәнті болу түрінде басталып, кейін келе дами отырып, бір күні нағыз ҚҰДАЙ деңгейіне дейін көтеріледі. Содан кейін оның суретін үйіңізге іліп қойып, оның сөздеріне, іс-әрекеттеріне тәнті болып, сілекейіңіз шұбыра мақтап, табына бастайсыз. Бірақ ет пен сүйектен жаратылған ондай жалған құдайлар сізге ештеңе де бере алмайды. Күндердің күнінде оның бойындағы олқылықтарын көріп түңіліп, құдайыңызды өз қолыңызбен құртып тынасыз. Содан соң сеніміңіз де сетінеп, жоғалады. Жалған құдайға сенетіндердің бәрінің басынан кешетін жайы осындай. Сондықтан, санаңыз болса, ешқашан жалған құдайға табынбаңыз, жүрегіңіздегі шынайы Құдайды тауып, соған құлшылық етіңіз. Ол сізге екі дүниенің де игілігін береді. 

Өз капиталыңызды жасап алуға мүмкіндік беретін қолжетімді құрал. Сіз салған ақшаңызды қысқа мерзімде екі есеге көбейте аласыз. Толық ақпаратты төмендегі сілтеме арқылы сайтқа кіріп алауға болады: https://seixun.ru/?page_id=552

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Пікір қалдырыңыз

Яндекс.Метрика