Записи с меткой «әсерлену»

Әсерленудің өміріңізге тигізер әсері көп

Сіз өткен өмір жолыңызды байыппен еске алып көрдіңіз бе? Олай жасамасаңыз, өміріңізді түгел еске түсіріп байқаңыз. Осылай жасағанда, сіз өмір дегеніңіздің өзі көңіліңізді жылылыққа бөлейтін жағымды немесе жаныңызды құлазытатын жағымсыз әсерлердің жиынтығы екендігін бағамдар едіңіз. Иә, өмір дегеніміз жағымды, не жағымсыз әсерлердің жиынтығы, онан басқа ештеңе де емес.
Бһагавад Гита кітабында мына фәни жалғандағы тірлікті сезім мүшелерінің сезім нысандарымен жанасуы арқылы алынатын әсер екендігі айтылады. Фәни жалған өз бетінше тұрғанда жақсы да, жаман да емес. Оны бізге жақсы немесе жаман етіп көрсететін сезім органдары арқылы алатын әсерлеріміз.

Бақытты немесе бақытсыз болу әркімнің өзіне байланысты.

Қыстың қақаған суығында далада мұздың ойығына суға түсу қалыпты адамның денесін тітіркететін жағымсыз іс. Ал мұздай суға шомылып үйренген «морждар» үшін ол тәнін рахаттандырар жағымды шаруа. Таңертеңгілік жарты сағат дене жаттығуын жасау үйренбеген адамға жан қинау болып көрінсе, салауаттылықты серік еткен адамға бұл тәнін сергітудің амалы Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика