Записи с меткой «денсаулық сақтау»

Рэйки дегеніміз не?

ақиқатДенсаулықты сақтаудың қазіргі тәсілі жақсы нәтиже бермейтінін өмірдің өзі анық көрсетіп отыр. Ауырған адамдар дәрігерге барып, ол жазып берген дәріні қабылдайды, ауруы аздап саябырсығандай болады. Содан кейін көп ұзамай тағы да ауру шығады.

Денсаулықты сақтаудың дәстүрлі емес тәсілдері.

Бүгінде Қазақтанда жүздеген емханалар мен ауруханалар бар, жыл сайын миллиардтаған теңге денсаулық саласына бөлінеді, Прочитать остальную часть записи »

Денсаулық ауырғанда ғана қажет пе?

«Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің» деген сөз бар. Адамдардың басым көпшілігі денсаулықтарын тек ауырған кезде ғана ойлап, денсаулықты сақтаудың бірден бір тәсілі –ауруханаға барып, дәрігердің көмегіне жүгіну деп санайды.
Шындығында денсаулықты сақтаудың қарапайым тәсілдерін қолдану арқылы ауырмауға болатынына назар аударатындар аз. Міне, адамдардың осындай өз денсаулықтарына салдыр-салақ қараулары себепті, жыл өткен сайын елімізде ауруханалар мен емханалардың саны көбейіп барады. Қашан барсаң сол қаптаған ауруханаларда ұзын-сонар кезек күткен ауруларды көресің.

Ауырмаудың қарапайым амалы.

Орыс халқының «под лежащим камнем вода не течет» деген нақылы бар. Яғни, кез-келген игілікке жету үшін ықылас және ұмтылыс, яғни әрекет қажет. Денсаулықты сақтау үшін де белгілі бір іс-әрекеттерді жасау шарт.

Мәселен, ғылымда әлдеқашан дәлелденген уақыт кестесін сақтау арқылы денсаулықты нығайтуға, көптеген аурулардың алдын алуға болатынын ешкім теріске шығармайды. Егер сіз Прочитать остальную часть записи »

Дені саудың – жаны сау

«Бірінші байлық – денсаулық» дейді қазақ. Сол басты байлық – денсаулықты сақтау әрбір адамның өз қолында екендігін өкінішке орай көпшілігіміз түйсіне бермейміз. 20 жас адамның ең күш-қуаты толысып шарықтаған сәті. Біз ол кезде денсаулық жайын мүлдем қаперімізге алмаймыз.
Өмір осылай бола беретіндей көріп, нәпсіміз қалаған нәрсені жасап жататынымыз жасырын емес. Дәл сол кезеңде қыз-жігіттер арақ ішіп, темекі тартып, сезімнің ырқына емін-еркін берілмек. Мұның бәрі де өз кезегінде денсаулығымызды нашарлатып, бойымыздағы қуатымызды азайтатынын қаперімізге ала қоймаймыз.

Қартаю 35 жастан басталады

Уақыт зымырып тез өтеді. Көзді ашып-жұмғанша орда бұзар 30-дан асқанымызды сезбей қаламыз. Ғалымдардың пікірінше 35 жастан кейін адам ағзалары әлсіреп, күш-қуаты ақырындап кеми бермек. Түрлі ауру-сырқаудың бой көтеретін сәті де сол тұс.

Ал 40-тан асқаннан кейін жастайынан денсаулық жайын ойламаған пенделер түрлі дерттерге шалдығып, енді ауру оның айнымас серігіне айналып алады. 50-ден кейін адам тәні онан сайын Прочитать остальную часть записи »

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика