Талпыныс мақсатқа жеткізеді

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Барша адамдар дүниеге әлжуаз әлсіз және ақылсыз сәби бейнесінде келіп, өмір жолын бірдей деңгейде бастайды. Бірақ біреулер өз саласында биіктерге жетіп, атағы жалпақ жұртқа таралады, кәсіби білікті маманға айналып, бауқаттылыққа, жұрт құрметіне, биік мансапқа  жетеді. Ал басқалар өле өлгенше жолы болмағандардың санатында қалады. Неге?

Кіре берісте күн кешкен актер

Бір ресейлік актер шығармашылық сапармен шет елге барады. Өнер ұжымын құрметпен қарсы алған шетелдіктер қымбат қонақүйден әр адамға жеке нөмір береді. Әлгі жас актерге де сондай жеке нөмір тиеді. Бірақ қызығы сол, жеке нөмірде ақжайма, төсеніш, жастығы жоқ шағын диван ғана тұрады. Одан бөлек киім ілетін шкав пен орындық және жатаған шағын үстел бар екен. Аты шықпаған жас актерге соның өзі люкс нөміріндей көрінеді. Дегенмен, қолайсыз жағы, нөмірде терезе жоқ болып шығыпты.

Кедейлеу отбасында өскен актер күй талғамайтын. Сондықтан ол терезесі жоқ жұпыны нөмірде еш ренжіместен тұра береді. Ерте кетіп, нөміріне кештеу қайтады. Таңғаларлығы, оны көргенде кезекші әйел дауыстап үнемі бірдеңе айтады. Ағылшын тілін түсінбейтін актер «сенкю» деген жалғыз ауыз сөзден басқа жауап бере алмайды.

Содан арада он күн өткенде гастроль аяқталып, қайтатын уақыт жетеді. Бұл күні қонақүйге ертелеу оралған актер нөмірді тапсыру үшін кезекшіге барады. Нөмірді қабылдап алуға келген әйел қабырғаға тақап қойылған шкавты сәл итергенде жылжып, арғы жағынан есік көрінеді. Қызығы сол, ол есіктен кірсе, кең сарайдай үлкен люкс бөлме бар екен. Екі адам жататын жұмсақ  төсек, теледидар, интернетке қосылған компьтер, іші азыққа толған тоңазтқышқа едйін  бар. Ал үлкен терезеден көрінген қаланың гүлзарға оранған әдемі көрінісі көз жауын алады. Ат шаптырым кең ванна бөлмесінде қабырғаны алып тұрған айна мен жуынатын себезгі, тіпті сусабын, қырынатын ұстараға дейін тұр. Осының бәрін көргенде тіл-аузынан айрылғандай күйге түскен актер әуелі қарқылдап күледі, содан кейін еңіреп жылайды.

Ол өзінің он күн бойы люкс нөмірге кіре беріс прихожкада қатқыл диванда ұйықтап келген ақымақшылығына  күлген екен. Ал жылаған себебі – сонша уақыт бойы барлық жағдай қарастырылған люкс бөлмеде бос уақытында тамаша демалу мүмкіндігін жіберіп алғандығына  деген өкініш  болыпты.

Адамдардың 80 пайызы мүмкіндіктерін пайдаланбайды

Тәжірибесіз актердың бастан кешкені сияқты адамдардың 80 пайызы өздерін прихожкада өмір сүруге лайықты санап, қол созым жердегі жайлы люкс нөміріне кіргізер есікті іздеп талпынбай уақыттарын босқа өткізеді. Табысқа жетудің кілті – қазіргі ахуалға көндікпей, бұдан да жақсы өмірге лайықтымын деген сеніммен жарқын болашаққа талпынуда.

Егер актер сәл-пәл басын істетіп, терезесі жоқ, жайма төселмеген жайдақ диванда ұйықтауға өзінің лайықсыз екендігін түйсініп, соның себебін білуге талпынғанда, тіл білмесе де кезекші әйел жылжымалы есікті көрсетіп, люкс бөлмеге жайғасуына жағдай жасар еді.

Адамдардың 80 пайызы осындай мүмкіндіктерін дұрыс пайдаланбайды. Олар жалақымен қалт-құлт тірлік кешуге өздерін лайықты санап, бақуаттылыққа жеткізер есікті іздеуге еш талпыныс жасамайды. Біреулердің мақсат биігіне жетіп, қай салада да табысқа ие болып жататыны, ал көп адамдардың құдай салды, біз көндікпен өле өлгенше қалт-құлт тірлік кешуінің жалғыз себебі – осы екен.

Түйін: сіз осы екі топтың қайссынансыз? Шындыққа тура қарап, ақыл таразысына салып бағамдап көріңіз. Егер екінші топта болсаңыз,  еш жағдай қарастырылмаған, терезесі жоқ қараңғы прихожкада емес, кең жайлы люкс бөлмеде тұруға лайықтымын дегенді санаға сіңіріп, соған жетуге талпыныс жасаңыз. Сіздің жасаған әр талпыныс қадамыңыз – жарқын болашағыңызға енгізер есікке жақындата түседі. Бұл – АҚИҚАТ.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика