Тажал таяп келеді

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Мұсылмандардың түсінігі бойынша, ақырзаман таянғанда Тажал деп аталатын сайтан жер бетіне түсіп, адамдарды аздырып, азаптап жаман жолға бастамақ. Тажалдың келуі – ақырзаманның ең үлкен белгілерінің бірі болып саналады. Қазіргі әлемде болып жатқан жағдайлар туралы сарапшылардың пікіріне назар аударсақ, Тажал атты сайтан жер бетіне келіп, өзінің залалды әрекеттерін үлкен белсенділікпен жасап жатқандай.

Цифрландырудың астарындағы ащы шындық

Ғылыми-техникалық үдерістің даму қарқыны жыл санап шапшаңдап, бұрын ғылыми фантастикалық шығармалардың сюжеті болған жайлар қазір өмір шындығына айналып отыр. Бүгінгі үдерістің ең айшықты көрінісі – цифрландыру. Цифрлы байланыс, цифрлы телевидение, цифрлы ақпарат тарату деп жалғаса беретін цифрландыру барлық салаға белсенді еніп, өміріміздің ажырамас бөлшегіне айналып барады.

Бір қарағанда,  цифрландырудың жұмыс сапасын, жеделдігін, қолжетімділігін арттыруға игі әсері бар сияқты көрінеді. Цифрлы телевидениеге көшсек, ондаған, тіпті жүздеген каналды айнадағыдай өте сапалы көрсетеді.  Бұның несі жаман? Электронды қызметке көшу арқылы қызмет көрсету жеделдігі мен қолжетімділігі артады. Бәрі де жақсы сияқты. Дегенмен, таяқтың екі ұшы болатындығы сияқты оның  залалды жағы да баршылық.

Осыдан 10-15  жыл бұрын мекемелерде кассир деген қызметкер болатын. Оның міндеті банктен ақша әкеліп, адамдардың жалақыларын таратып беру еді. Ал қазір кассир деген қызметкерге қажеттілік болмай қалды, өйткені жұрттың бәрі картшке арқылы жалақы алады.

Соңғы кезде дүкеннен тауарды сатып алу, дәмханадан тамақ ішу, түрлі қызметтер үшін ақы төлеу – бәрін картшке арқылы жасайтын болдық. Картшкеңді  сатушыға бересің, ол тауардың сомасын ұстап қалады. Дәмханадан тамақ іштің, даяшыға картшкеңді бердің, ол қажет соманы дәмхана есепшотына аударды. Бұндай жағдайда қолма-қол ақшаның мүлдем қажеті болмай қалады. Бәрі картшке арқылы ұсталып, төленеді.

Қолма-қол ақшаның жоқтығы кімге пайдалы?

Барлық тауарды картшке арқылы алып, қызмет ақысын да сол арқылы төлеуге көшкен кезде, қолма-қол ақшаға деген қажеттілік мүлдем жоғалмақ. Сонда не болапды? Енді осының астарына үңіліп көрелік. Ресейлік бір сарапшының айтуынша, картшкедегі ақша – ол сенің ақшаң емес, банктікі. Ал қолма-қол ақша – өзіңдікі.

Қолма-қол ақшаны адам қалауынша пайдалана алады. Ал картшкедегі ақшаны кез-келген сәтте банк бұғаттап тастауы мүмкін. Ол кезде сіз қол-аяғы байланған дәрменсіз пенде сияқты күйге түсесіз. Мәселен, сіздің картшкеңізде қомақты ақша бар делік. Соған сеніп, мейрамханаға барып, достарыңызбен жақсылап демалдыңыз. Ал ақша төлер кезде кенет картшкеден кінарат шықты. Банк әлдебір себеппен есепшотыңызды бұғаттап тастады немесе  ақша айналымына уақытша тосқауыл қойды. Бұндай сәтте сіз өте қиын жағдайда қаласыз.

Ресейлік сарапшының айтуынша, болашақта барлық ақпарат, оның ішінде ақша да бар, бәрі чипке салынады. Бармақ басындай ғана чипте сіздің барлық ақпараттарыңыз бен ақшаңыз орналасқан. Біреулер чипті ұрлап алмауы үшін немесе адамдардың жоғалуына жол бермеу, қылмыскерлерді ұстау деген сияқты себептерді алға тартып, чипті сіздің тәніңізге тігіп қояды. Қазір АҚШ, басқа да батыс елдерінде жаңа туған балаларға сондай чиптерді терілерінің арасына тігіп қою жағдайлары болып жатыр.

Ендігі арада сіз өзіңізбен ақша алып жүрмейсіз. Біреу ақшамды ұрлап алады деп қауіптенбейсіз. Тәніңізге жапсырылған чипте бәрі сақталған. Ақша төлеу үшін бетіңізді камераға қаратсаңыз немесе саусағыңызды экранға тигізсеңіз жетіп жатыр. Ақша сіздің чипіңізден ұсталып, басқа есепшотқа автоматты түрде аударылады.

Енді мынаға назар аударыңыз: егер барша адамға чип орнатылса, оның салдары қалай болмақ? Банк және билік басында отырғандар өздеріне қарсы келген азаматтардың чипін кез-келген сәтте бұғаттай алады. Чип бұғатталды екен, онда сіз өмір сүруге қажетті нәрселерден түгел айрыласыз. Қалада, қалың жұрттың ортасында жүріп аштан өлуіңіз әбден мүмкін. Сізге ешкім де көмектесе алмайды. Өйткені, қолма-қол ақша жоқ, бәрі чипке байланған, ондағы ақшаны сіз қалауыңызша пайдалана алмайсыз. Оны шектеу не бұғаттап тастау банк пен биліктің еркінде.

Осылайша, адамдар 100 пайыз банк пен билікке тәуелділікке түседі, яғни құлақ кесті құлға айналады. Чип арқылы билік сізді 100 пайыз бақылауда ұстайды, сіздің жеке өміріңіз болмайды. Тіпті, әжетханада отырсаңыз да, билік өкілдері сізді көріп, не істеп жатқаныңызды біліп отырады. Қазіргі билікті қолдарында ұстаған алпауыттардың, оның сыртында тұрған Тажал атты сайтанның көздеген ең басты МАҚСАТЫ да осы.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика