Тіл-ұлт рухының көрінісі

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бүгінгі таңда ана тіліміз теңдігін алып, мемлекеттік тіл болса да, көпшіліктің арасындағы саңылауларға әлі де болса самал тимей жатқаны жасырын емес. Қазір көптеген жастарымыз тілімізді шұбарлап, өз ана тілінде тұрпай сөйлейді, мұндайларды көргенде К.Г. Паустовскийдің: «Туған тіліне жаны ашымаған адам – жәндік» деген сөзі ойға оралады.

Қазіргі тіліміздің хал – ахуалын жақсарту үшін, мәдени мұраларымызды жаңғырту үшін, жастарымызды өзінің ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлыдай тұлғаны танып, тіліне деген құрметін арттыру үшін біз Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығында өндірістік практикадан өтіп жатырмыз. Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығындағы естеліктерді, ұрпағына қалдырған мұраларды зерттеу, болашақ ұрпаққа дәріптеу – жас ғалымдарға жүктелген міндет.

Бүгінгі таңда ұлт жанашыры болған ұстазымыздың еңбектерін зерделеуде мұражай қызметкерлері мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің филология  факультетінің қазақ тілі мен  әдебиет мамандығының 4-курс студенттері белсенді жұмыстар атқарып жатыр. Ұлттың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы  жайлы қанша айтып жазсақ та артық болмайды деген оймен біз жас ғалымдар ұстазымыздың әлі күнге дейін ашылмаған қырларын зерттеу үстіндеміз. Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл-құрал» оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу орталығы жастарымыздың патриоттылығын оятуда ерекше рөл атқарады.

Себебі ғалымның бүкіл өмір бойы басынан кешкен оқиғалары, қалдырған еңбектері, ХХ ғасырдың сыры көп сырлары менің тұла бойымды билеп, санамды оятқаны рас. Тарихтың ащы шындығы өскелең ұрпақтың рухтандырады. Халқымыздың тарихында мерейі тасыған мәртебелі дәуірлерімен қатар, «тар жол тайғақ кешкен» кезеңдердің де аз болмағаны ащы ақиқат. Қазіргі кезде жастарға аға ұрпақ біз үшін не істеп кетті деген сұраққа байланған жастарға үлгі болатын Ахмет Байтұрсынов туралы мағлұматтар қажет-ақ. Біз осындай абыройлы істер атқарғандардың ұрпағымыз. Біз осындай Ірілердің – ар мен ұятты басты еткен зиялылардың ізбасары екенімізді ұмытуға хақымыз жоқ. Әлі алдағы уақытта Ахмет атамыздың мұраларын бірлесіп әлемдік аренаға паш етеміз деген  сенімдемін.

Халқымыздың ұлт болып қалыптасуына ерекше үлес қосқан Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының « Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да , жоғалуына да себеп болатын нәрсенінің ең қуаттысы — тіл» деген сөзін ту етіп көтеріп, әркім отбасы, ошақ қасында қазақ тілінің мәртебесін арттырса нұр үстіне нұр болар еді. Біз ұрпақтарымыздың санасына мемлекеттік тілдің құдіретін бесіктен сіңіруіміз керек.

Әбдікүл Ақбота,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Филология және әлем тілдері факультеті, Қазақ тілі мен әдебиет мамандығының 4-курс студенті.

Райхан Имаханбет

Филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы,

Алматы қаласы.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика