Тілегіміз орындалсын десек

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

әулиеАрман-тілек адамдардың бәрінде бар. Өмірдің ең басты қозғаушы күші де сол арман мен тілек болса керек. Мына фәниді адамға сонша қызықты және тартымды етіп тұрған күш – пенделердің ертеңгі күннен жақсылық күтуі екені анық. Бірақ та, бәрі біз күткендей бола бермейді, болашақ бізге өзіміз аңсаған игіліктерімізді емес, керісінше күтпеген тауқыметтері мен азаптарын тартатын жайлары жиі кездесіп жатады.

Тілек неге орындалмайды?

Біреулер ойлаған арман-мақсаттарына оңай жетіп, өмірде жолы болғыш атанып жүреді. Енді біреулердің басынан қырсық кетпей, ойларына алғандары үнемі сәтсіздікке тап болып, қиындықтан көз ашпай жатады. Бұның себебі неде?

Бһагавад Гита кітабында адамның ойына алған мақсаттарының орындалуы нендей нәрселерге байланысты екендігі туралы айтыла келе, мақсатымызыдң орындалуына тікелей әсер ететін 5 фактор көрсетіледі. Олардың ішінде мақсатқа жету үшін күш-жігер жұмсау, ынта-ықыласты болу, сыртқы орта сияқты жайлар айтылады да, ең басты фактор ретінде Жаратқанның еркін атайды.
Қазақта «құдайдың еркінсіз қурайдың басы да қимылдамайды» деген сөз бар. Біздің арман-тілектеріміздің орындалуына әсер ететін ең бірінші және негізгі фактор – Алланың еркі. Өкінішіке орай, адамдардың көбі бұл жайды естен шығарып жатады.
Олар арман-мақсаттарына жету үшін күш-қуаттарын, уақытын, ақшасын жұмсап, тамыр-таныстарына, басқа да қолында билігі, байлығы бар адамдарға сүйенбек болады. Солар қолдаса және өзі күш салып, дұрыс әрекет жасаса, міндетті түрде мақсатына жететіндей көреді. Шындығында бәрі Алланың еркінде екенін ескермейміз.
Құранда ауылдастарынан жасырынып, таң алдында еккен егістерін оруға аттанған адамдардың Алланың еркін ескермей, өз күшімізбен, еңбегімізбен табысқа жетеміз деп мастанудың кесірінен бақытсыздыққа тап болғаны жөнінде аят бар. Олар таң алдында көршілерінен жасырынып, егіндерін орып алуға барған кезде түнде жауған бұршақ егіндерін жайпап кеткені, сөйтіп, бір түйір дән алмай өкініште қалғаны айтылады.

Арман-тілектің орындалуы Алланың еркімен болады

Құрандағы айтылған өздеріне сеніп, өкініште қалған пенделер сияқты бүгінде де адамдардың басым көбі Алланы естен шығарып, бәрін өз күшімен немесе тамыр-таныстарының қолдауымен шешеміз деп ойлайды. Сөйтіп, ондайлардың көбі мақсаттарына жете алмай өкініште қалып жатады.
Егер сіз ойыңызға алған арман-мақсатыңызға жеткіңіз келсе, ең алдымен Алладан медет тілеп, сол мақсатыңыздың орындалуына қолдау жасауды жалбарына сұраңыз. Алла тек арабша ғана біледі деген жаңсақ ұғым. Аллаға кез-келген тілде, оның ішінде қазақ тілінде де іштей жалбарына дұға жасауыңызға болады.
Ұлы Абайдың «Алладан берекет, адамнан әрекет» деген сөзі бар. Сіз кез келген істе Алладан берекет тілеп, өзіңіз білек сыбанып әрекет жасаңыз. Алла жар болса, міндетті түрде ойлағаныңызға жетесіз. Қандай істе да Алланың қолдауын есіңізден шығармаңыз. Бұл – мақсатқа жету үшін қажетті ең бірінші және ең негізгі фактор. Осыны өмір бойы жадында сақтап, осы тәсілді ұстанған пенденің жолы ашылып, арман-тілектері әрдайым орындалмақ. Бұл – АҚИҚАТ.

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика