Тылсым

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Мен сізге дүниедегі ең тылсым құпияны ашқалы отырмын. Бұл тылсымды сіз еш жерден, ешқандай сайт немесе блогтан, кітаптан таба алмайсыз. Бұны сізге тегін және қайтарымсыз беремін. Алыңыз, пайдаланыңыз.

Мен сізге Абсалютті Ақиқатты ашымын, оны білу арқылы сіз өз табиғатыңызды, өзіңіздің кім және не үшін өмір сүретініңізді, өміріңіздің мәнін түйсінетін боласыз. Бұл – тылсымдардың тылсымы. Оны түйсіну және пайдалану сізді екі дүниенің де тауқыметінен құтқарады.

Өмірдің мәні – Жаратқанға қызмет ету.

Мен бұл тылсымды өзім ойдан шығарған немесе жаңадан ашқан жоқпын. Ол болған бар және бола береді. Тек біз дәл жанымыздағы сол тылсымды сезінбегендіктен, одан мүлдем бейхабар тірлік кешеміз және сол арқылы басымызды екі дүниеде де үлкен қатерге байлаймыз.

Сіз Құранға сенесіз бе? Егер сенбесеңіз, оны Алладан келген ақиқат деп мойындамайтын болсаңыз, онда әңгімеміз осы арадан үзіледі. Сіз үшін мен ашқалы отырған тылсымның көк тиындық құны болмайды. Егер Құранға сеніп, иман келтіретін болсаңыз, онда сіз тылсымға ие болып, оны игілігіңізге жаратуға мүмкіндік аласыз.

Құранда «Жын мен адамзатты Өзіме құлшылық қылулары үшін ғана жараттым. Олардан бір несібе тілемеймін, әрі олардың мені тамақтандыруларын да қаламаймын» (Зәрият сүресі, 56-57 аят) –дейді.

Бұл сөзді айтып тұрған кім? Әрине, Алла. Барша әлемнің Әміршісі және Жаратушысы. Бұдан не түйсінуге болады? Алла адамзатты тек Өзіне құлшылық етулері үшін ғана жаратқан екен. Олардан басқа ештеңе тілемейді.

Енді осыған тереңірек назар аударып көрейік. Біздің бала-шаға, немере-шөбере, мал-мүлік, атақ-мансап деген сияқты бар күш-жігеріміз бен уақытымызды сарып қылып жинап жүргендеріміздің Алланың жанында көк тиындық құны жоқ екен. Яғни, біздің бар өміріміз шеңбердің ішінде шыр айналған тиін сияқты текке өтіп жатқан сияқты.

Тиін шеңбердің ішінде қанша өкпесі өшіп жүгірсе де, шеңберден ешқашан шыға алмайды. Оныкі бос әурешілік. Сол сияқты біз мына фәнидің қызық-шыжығын қанша татпайық, бәрі бос әуре, яғни босқа уақыт өткізу болып шығады.

Ақиқатты білу өміріңізді өзгертеді.

Жоғарыда айтылған Құран аятынан түйсінеріміз: өміріміздің мәні Аллаға құлшылық ету болмақ. Басқа әрекеттеріміздің бәрі бос әурешілік қана. Бірақ адам болғасын, мына фәни жалғанның қажеттіліктерінен бас тартуға болмайды.

Егер сіз жоғарыда аталған Ақиқатты жүрегіңізбен қабылдар болсаңыз, онда сіздің өміріңіз түгелдей өзгереді. Қалай дейсіз бе? Оған мынадай мысал арқылы көзіңізді жеткізуге тырысып байқайық.

Әрекет бір, бірақ нәтиже әртүрлі.

Жаңа мешіт салынып жатыр. Құрылыста жұмыс істеп жүрген адамнан  «не істеп жүрсің?» деп сұрадың. Ол «көрмейсің бе, кірпіш тасып жүрмін» деп жауап береді. Екінші адамнан да әлгі сұрақты сұрадыңыз, бірақ ол «мен ақша тауып жүрмін» деп жауап береді. Ал үшінші адамға осы сұрағыңызды қойғанда ол: «мен мешіт салып жатырмын» дейді.

Міне, осы бірдей жұмыс жасап жүрген үш адамның еңбегінің нәтижесі үш түрлі болып шықпақ. Бірінші адам үшін бұл кәдімгі қара жұмыс қана. Яғни, ол адам тапқан ақшасын араққа, не басқаға салып өзіне де, өзгеге де пайда әкелмей ысырып етпек.

Екінші адам үшін жұмыстың мәні – ақша табу. Ол тапқан ақшасын қайда, қалай пайдалану қажеттігін жасқы біледі. Яғни, ол адамның тапқан табысы өзіне, отбасына игілік әкеледі. Ал үшінші адам үшін бұл жұмыс мешіт салу, яғни сауапты іс. Осыған орай, ол үлкен сауап алып, екі дүниенің де игілігіне кенелмек.

Бір қарағанда әлгі үш адамның жұмысында еш айырма жоқ, бәрі бір істі атқарып жатыр. Дегенмен, нәтиже үш түрлі болып шығады. Бұдан не ұғуға болады?

Егер сіз жоғарыда аталған тылсымды, яғни өміріңіздің ең басты және негізгі мәні – Жаратқанға қызмет ету екендігін ұқсаңыз, сіздің барлық іс-әрекетіңіз түгелдей Аллаға құлшылыққа айналады. Сіз басқа да пенделер сияқты түрлі әрекеттер жасайсыз, бала-шағалы болып, табыс табасыз, тіпті байлыққа, атақ-мансапқа да қол жеткізесіз, бірақ оған еш байланбайсыз, бәрін Алланың разылығы үшін жасайсыз.

Осындай көңіл күйде жүрген сіздің әрекетіңіз түгелдей Аллаға құлшықыққа айналады да, екі дүниенің де игілігіне кенелесіз. Керісінше, өзі, яғни қарақан басының рахаты үшін жұмыс жасайтан адам екі дүниеде де тауқыметтен көз ашпайтын болады. Бұл – ақиқат. Оны мойындайсыз ба, жоқ па, сенесіз бе, сенбейсіз бе, одан ештеңе өзгермейді.

Мен сізге тылсымдардың тылсымын аштым және тегін игілігіңізге пайдалануға бердім. Алыңыз, кәдеңізге жаратыңыз. Бұл тылсымды түйсіну сізді тозақтың азабынан құтқарады. Бұған жүз пайыз кепілдік беруге болады. Тозақтың азабынан құтылу – шын мәнінде өмірдегі ең үлкен қол жетушілік. Осыны есіңізде мықтап ұстаңыз…

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика