Уақытыңызды тиімді өкізесіз бе?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Сіз өз уақытыңызды тиімді пайдаланасыз ба? Адамдардың басым көптішілгі уақыт деген ең бағалы байлығымызға мүлдем көңіл бөлмейді. «Өткен уақытты қайтара алмайсың» деген сөз бар. Біз қазіргі және болашақ уақытымыздың қожайынымыз, ал өткен уақыт біздің иелігімізден, билігімізден шығып кетті. Яғни, оған енді әміріміз жүрмейді. Сондықтан ертең өкініште қалмас үшін қазіргі және болашақ уақытымызды барынша тиімді пайдалануға көңіл бөлгеніміз дұрыс болады.

Уақыт – менің байлығым.

Белгілі әнші Вахтанг Кикабидзенің ертеректе айтатын «Мой года, мой богатства» дейтін бір әні болушы еді. Біздің күндеріміз, айларымыз, жылдарымыз – бұл ең басты байлығымыз. Ертең кәрілік келіп, ажал таяғанда сол өткен әрбір күніміз бен сәтімізді қайтара алмай қиналатын боламыз.

Кез келген байлықты дұрыс пайдаланып, көзімен жұмсамаса, ол иесіне ешқандай игілік әкелмейді. Ертеректе бір югославтың атақты жазушысының «Бикеш» деген романын оқыған едім. Шығарманың басты кейіпкері бар байлығын төсегінің астына тығып, өле өлгенше кедейшілікте тұрмыс кешкен әйелдің аянышты және есуастық өміріне күйінесің.

Сол сияқты уақытты дұрыс пайдаланбайтындар да өмірден азап пен тауқымет тартып, қиындықтан көз ашпайтын болады. Болашақ бүгіннен басталатынын ескерсек, егер сіз болашағыңыз үшін бүгін игілікті істер жасамасаңыз, ертеңгі күні сізді түрлі қиындықтардың күтіп тұратыны анық. Сондықтан бүгінгі әрбір сәтіңізді болашағыңыз үшін тиімді шаруалар атқарумен өткізіңіз.

Уақытын дұрыс пайдаланбағанды уақыт жазалайды.

Сіз мынадай жайды бастан кешіп көрдіңіз бе? Күні бойы еш шаруа жасамай төсекте жаттыңыз, не теледидар көрдіңіз, болмаса танысыңызбен әңгіме дүкен құрдыңыз делік. Кешкілік сіз өзіңізді көңіліңіз құлазып қалғандай ауыр сезінесіз. Бұл – шындық. Егер назар аударып қарасаңыз, оны анық байқауыңызға болады.

Керісінше, сіз күніңізді ойыңызға алып жүрген пайдалы істерді атқарумен өткіздіңіз делік. Кешкілік өзіңізді бойыңыздан ауыр жүк түсіп, жеңілейіп қалғандай қунақ және сергек сезінесіз. Бұдан не түйсінуге болады? Яғни, уақыт санасыз және өткеннен болашаққа қарай жылжитын құбылыс емес, саналы қуат екенін ұғынамыз. Алланың бір есімі – уақыт дейді.
Уақытты дұрыс және тиімді пайдалансақ, көңіліміз көтеріңкі, сергек боламыз, ал уақытымызды босқа өткізсек, еңсеміз түсіп, көңілсіз күйге бөленеміз. Бұл – шындық. Яғни, уақыт бізді марапаттап немесе жазалайды.

Уақытты тиімді өткізу үшін не істеу қажет?

Мен өзімнің бір тәжірибемді ортаға салғым келеді. Күнде кешкілік ұйықтар алдында өткен күнімді ойлап, нендей пайдалы істер атқарғанымды есіме алатынмын. Бұл біріншіден, жадымызды (память) нығайтады, екіншіден, пайдалы істер жасауға құлшындырады. Бұл жаттығуға онша көп уақыттың, не күш қуат жұмсаудың қажеті жоқ.. Күнде ұйқыға кетер алдында өзіңізге есеп беріп, жасаған пайдалы істеріңізді есіңізге алыңыз.

Мысалы: таңертең дене жаттығуын жасау, таза ауада серуендеу, қызметтік міндетіңізді орындау, пайдалы ақпарат беретін кітаптар оқу немесе бейнекурстар, телехабарлар көру, т.б. Осы аталған шаруалардың бәрі пайдалы, біреуі денсаулығыңызды нығайтса, екіншісі, өзіңіздің жұмысыңызды атқарып, күнкөрістік ақша табуға жағдай жасайды, үшіншісі интеллектуалдық деңгейіңізді көтереді.

Уақытты қаншалықты тиімді пайдаланып жүрсіз, жалпы уақытыңызға көңіл бөлесіз бе? Егер осы күнге дейін уақыт дегенді мүлдем қаперіңізге алмай келсеңіз, әлі де кеш емес, оған көңіл бөліңіз және пайдалы іспен айналысып, уақытты тиімді пайдалануға тырысыңыз. Әйтпеген жағдайда, ертең бармағыңызды тістеп өкінеріңіз анық.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика