Вице министр он жылға сотталды

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұрынғы орынбасары Мүсілім Өмірияев он жылға сотталды. Ол жазасын қатаң тәртіптегі түзеу мекемесінде өтеуі тиіс. Оған қоса, мүлкі тәркіленбек. Жалақысы жоғары, жұмсақ, жайлы орынтақта отырған бұрынғы шенеунік үшін бұл жұмақтан тозаққа қуылғанмен бірдей болса керек.

Жемқорлық неге дендеп барады?

Биылғы жылдың өзінде жең ұшынан жалғасып, мемлекет қаржысын жымқырған үлкен қызмет тізгінін ұстаған 8 шенеунікке қатысты іс қозғалыпты. Олардың арасында бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов те бар. Әзірге үйқамаққа алынған экс-шенеунікке бірқатар қылмыстық істерге қатысы бар деген айып тағылуда. Қылмысы дәлелденсе, бұрынғы премьер-министр де жұмақтан қуылғандардың санатына қосылатын сияқты.
Қолдарында үлкен биліктері бар осы шенеуніктерге не жетпейді деген ойға қаласың. Жалақылары жоғары, материалдық барлық жағдайлар жасалған. Сонда оларға не жетпейді? Қанағат. Қазақ «қанағат қарын тойғызады» дейді. Бірақ нәпсі шіркін қанағатты білген бе. Ол әрқашан «әкел, тағы да әкел» деп аузын ашады да тұрады. Оның түпсіз өңешін толтыру мүмкін емес.
Ақмола облысында өз басым баспасөзде қызмет ете жүріп талай лауазымды адамдардың ақша үшін абырой-беделінен, қызметінен, оған қоса бас бостандықтарынан айрылғанын көрдім. Соның бәрін көріп, біліп жүрген басқа шенеуніктер одан сабақ алмайтыны таңғаларлық. Басқа түгілі, жетімдер үйінің несібесіне қол сұққандар да бар.
Қазақ «қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді» дейді. Жемқорлықтың дендеуіне мемлекет қазынасындағы бақылаудың әлсіздігі себеп сияқты. Ұсталып сотты болып жатқандардан басқа, ұсталмай түйені түгімен жұтып жүргендер қанша. Яғни, жемқорлықты тыю үшін қылмыс жасағанды соттау емес, қылмысты жасатпау тәсілін жасау қажет. Мемлекеттің бір тиынын ұрлауға мүмкіндік бермейтін жүйе керек.

Жұмақтан қуылғандардың жайы.

Құранда Ібіліс Алланың жақын періштелерінің бірі болғандығы, бірақ тәкаппарлыққа салынып, қарсы келгендіктен қарғысқа ұшырап, жұмақтан қуылғандығы айтылады. Бүгінде жұмақ өмірде тірлік ететін үлкен шенеуніктер Ібіліс сияқты тәкаппарлыққа салынбаса да, өзі суын ішіп жүрген мемлекеттің абыройына дақ түсіретін жаман әрекет жасау арқылы жұмақтан қуылуда.
Өзіңіз ойлап қараңызшы, ат шаптырым үлкен жұмыс кабинеті, шәйін тасып, айтқанын екі етпейтін хатшы қыздары мен басқа да көмекшілері, жайлы үйі, жоғары жалақысы, қызмет мәшинесі, тағы басқа игіліктері жетерлік шенеуніктің сонша жақсылық жасап отырған мемлекеттің атына кір келтіретін жаман әрекет жасауы «асын ішіп, аяғын тебу» емес пе.
Олар өз кінәларын түсініп, қолмен істегенін мойынмен көтеріп жатса, құба-құп. Ал сотты болған соң өзі суын ішкен құдыққа түкіріп, сырттан жұдырық түйетіндердің әрекетін не деп түсінуге болады? Олар халықтың қамын жегенсіп, оппозицияның қатарын толтырып жатады. Қызметте жүріп түк тындырмаған ондайлар енді атқарушы билікті сынап, әділдік үшін күрескер бола қалады.
Осындайда бір ғұламаның айтқан «саясат жексұрын адамның паналайтын ең соңғы – мекені» деген сөзі еске түседі. Иә, ақылыңыз болса, саясаттан аулақ болыңыз. Аш болсаң да, арыңның таза болғанына не жетсін. Алланың алдында да, адамның алдында да ақ болсаңыз, екі дүниеде де жүзіңіз жарқын болмақ. Ал жұмақтан қуылған пәлекеттің кебін құдай басқа салмасын…

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика