Хайуанда жан бола ма?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Ислам, христиан, иудей сияқты дәстүрлі діндердің өкілдері хайуанның, яғни жан-жануарлардың жаны болмайды деп санайды. Бұның өзі осы дінді ұстанушылардың еш қымсынбастан жануарларды сойып, етін азық етіп тұтынуларына мүмкіндік береді. Яғни, жануарлардың жаны жоқ екен, онда оны сойып, етін жеудің еш сөкеттігі жоқ.

Енді мынаған назар аударып қараңыз: адам ұйықтайды, хайуан да ұйықтайды, адам тамақ жейді, хайуан да тамақтанады, адам жыныстық жақындыққа түсіп, ұрпақ жалғастырады, хайуан да солай жасайды. Адамда бар қорқыныш, қуаныш, жақсы көру сияқты сезімдерді біз үй жануарларынан да, тағы аң-құстардан да ұдайы байқап, көріп куәсі болып жүреміз. Ертеректе, кеңес заманында мен бір аптадай Алматының ет комбинатына іссапарда болып, мал соятын цехта жұмыс істедім. Малды сырттан кішкентай есік арқылы оны өлтіретін жерге айдап алып кіреді. Сол жерде жоғары қысымды ток қосылған таяқпен жануарды соғып өлтіреді де, оның аяғын іскекке іліп, конвейермен цехқа жібереді.

Малды өлтіретін орынға айдап әкелгенде шошқалардың қорқыныштан жан дауыстары шығып шыңғыратынын, сиырлардың мөңіреп азан-қазан болатынын, ал жылқылардың үнсіз жанарынан жас ағып, жылап тұрғанын көзіммен көрдім. Бұның бәрі ажал алдындағы қорқыныштан болатыны анық. Яғни, жануарлар да адам сияқты ажалдан қатты қорқады және қорқынышын жан дауысы шыққан шыңғыруымен немесе басқа да әрекеттерімен білдіреді.

Өз баласы үшін басын өлімге байлаған аң-құстар жайындағы әңгімелер көп. Ал ең жуас жануар қойдың жаңа туған қозысына жақындағанда қызғанып, сүзіп алатынын да көргенім бар. Сиыр бұзауын емірене жалап, өзінің аналық махаббат сезімін білдіреді.

Осы жайлардың бәрінен ұғарымыз: жануарлар мен аң-құстарда да адамға тән түрлі сезімдер бар. Бұның астарында жан-жануарларда жан болмайды дегеннің жаңсақ пікір екендігі жатқаны даусыз. Жан дегеніміз – бұл сана ғой. Санасы бар тіршілік иесінде ғана жоғарыда аталғандай сезімдер болады. Санасы жоқ, мысалы бүгінде қолдан жасалған қозғалатын, түрлі жұмыстарды атқаратын роботтарда сезім деген атымен жоқ. Яғни, оларда жан да жоқ.

Егер біз байыппен жан-жағымызға ақыл көзімен қарайтын болсақ, Жаратқанның барша тіршілік иелеріне арнап азық бергенін бағамдар едік. Тек шөппен, яғни өсімдікпен қоректенетін жан-жануарлар, құстар бар, сондай-ақ өзге аң-құстардың етін жейтін аңдар да бар. Шөппен қоректенетін сиырды біз қанша зорласақ та, ет жеуге ешқашан үйрете алмаймыз, сол сияқты етқоректі қасқырды шөп жеуге үйрету де еш мүмкін емес.

Зердесі бар адамға да Алла өзіне тән азық берген. Тұрғылықты орнына, қоршаған ортаның табиғи ерекшеліктерін қарай адамдардың біреулері жеміс-жидекпен қоректенсе, екіншілері, жануарлардың етімен, сүтімен, үшіншілері аң аулап немесе балық аулап сонымен тіршілік етеді. Адамдардың осындай ерекшеліктерін ескере отырып, діни шарт бойынша да олардың қорегі нақтыланған. Мәселен, етпен, сүтпен қоректенетін Азия елдерін қамтыған ислам дінінде адамдарға Алла жануарлардың етін, сүтін қорек етуді нәсіп етсе, табиғаты жылы және жайлы Үндістан субконтинетін мекен еткен үнді халқына және буддашыларға жеміс-жидекті азық етуді міндеттеген.

Дегенмен де, осы жайларға қарап, жануарларды жаппай сойып, көл-көсір ет жеп, ысырапшылдықпен айналысуға болмайды. Шындығында, жануарлардың етін жеу тек аса қажет, яғни мұқтаждық болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Егер де, сол өңірде жеміс-жидек, басқа да дақылдар жеткілікті мөлшерде өсірілсе, онда ет жеудің қажеттігі болмайды. Мүмкіндік болса, етті тағамдардан барынша бас тартқан жөн, өйткені бұл адамға жаман карма әкеледі.

Санскрит тілінде ет деген сөз «мамса» деп аталады екен. Оның мәні: «бүгін сен мені жейсің, ертең мен сені жеймін» -дегенге келеді. Карма заңы бойынша бүгін сіз малды сойып, етін жесеңіз, келесі өміріңізде өзіңіз малға айналып, етін жеген жануар керісінше адам болып туып, сіздің етіңізді жемек. «Не ексең, соны орасың» деген түсінікке негізделген карма заңы мүлтіксіз және дәлме-дәл жұмыс істейді. Сондықтан, зердесі бар әрбір пенде аса қажет болмаса етті тағамдардан бас тартқаны дұрыс болады.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика