Ынта болса, мақсатқа жетер жүз түрлі жол табылады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Бір ғұламаның айтқан: «ынта болса, мақсатқа жеткізер жүз түрлі жол табылады, ынта болмаса, мақсаттан бас тартар жүз түрлі сылтау табылады» деген сөзі ешқашан мәнін жоймайтын және кез-келген адамның жадында тұтар нақыл болуы тиіс. Өйткені, мақсатқа жету, мынау бес күндік ғұмырда бақытты тірлік  кешу – дәл осы мәселеге байланысты болмақ.

Ынта өздігінен келмейді

Ынталы адам ойына алған шаруасын орындамай тоқталмайды және оның бойында сол шаруаны жүзеге асыруға деген күш-жігер де, қабілет-қарым да молынан табылып жатады. Яғни, кез-келген істе нәтижеге жету үшін ең алдымен ЫНТА қажет болады. Ал ынта өздігінен келе салмайды, оны санамызға сіңіріп, бағып-қағып өсіруміз, дамытуымыз керек.

Өзін өзі дамыту ілімінің білгірі Брайан Трейси күн сайын таңертең ерте тұрып, бір сағаттай бизнеске, өзін жетілдіруге қатысты  кітаптар оқып, ауди-видео лекцияларды тыңдайтынын айтады. Ол тіпті, жұмысқа бара жатқан жолда да құлаққа наушник киіп алып, осы тақырыптағы лекцияларды тыңдауды ұсынады.

Мен біраз жыл бұрын американдық миллионер Дэвид Вудтың әріптестік бағдарламасына қатысып, бақ сынап көрдім. Желілі маркетинг жүйесіне негізделген бағдарламада Дэвид Вудтың ауди-видео лекцияларын сату арқылы табыс табу қарастырылған. Оны жұртқа сату үшін ең алдымен өзің жақсы түсінуің қажет болатыны түсінікті. Осы орайда, Дэвид Вуд өз лекцияларын күн сайын тыңдап отыруды ұсынады. Және ол осылай жасау арқылы адамдардың ынтасы артып, табыс табуға деген құлшынысы күшейеді дегенді айтады.

Өз басым бұл тәсілдің өте жақсы жұмыс істейтініне көзімді жеткізер талай жайды бастан кешірдім. Сондықтан оған күмәнсіз шындық деп қараймын. Бұны салыстырмалы түрде айтқанда – допинг деуге болады. Яғни, сіз күн сайын өзін жетілдіру, табыс тауып, бизнестің қыр-сырын меңгеру жайында ақпараттар алып отырсаңыз, бойыңызда өзіңізді жетілдіріп, бай-бақуатты болуға деген құлшыныс арта бермек. Яғни, допинг қабылдаған адамдай сіздің құштарылығыңыз күшейген үстіне күшейе түседі.

Сондықтан, мақсатқа жетудің ең басты кілті саналатын ЫНТАНЫ арттырудың бірден бір жолы – өзіңіз ойыңызға алған мақсатыңызға жеткізетін пайдалы ақпараттарды күн сайын санаңызға сіңіріп отыру болмақ.

Сананы кір-қоқыстан сақтаңыз

Анда-санда әлеуметтік желілерге кіріп тұратыным бар. Сонда байқағаным, адамдардың, әсіресе қазақтардың басым көпшілігі уақыт өткізу үшін өсек-аяңнан басқа ештеңе айтылмайтын әлеуметтік топтарға кіріп, сонда жазылған сананы ластандыратын жаман ақпараттарды оқиды екен.

Баян Алагузова неше рет күйеуге тиді, Қайрат Нұртастың әйелі ол туралы не ойлайды, МС Сайлаубек арағын қашан тастайды деген сияқты  өзінің жеке басына еш қатысы жоқ ақпараттарды алып, соған пікір жазып уақыт өткізетіндердің бар табатыны саналарын лас-қоқыс пайдасыз ақпараттарға толтырып, ақырсында жүйкелері жұқарып стресс, депрессия деген дерттерге ұрынбақ. Сондай топтарда бір-бірімен қызылкеңірдек болып дауласып жататындарды көп байқаймын. Олар үшін өзіне еш қатыссыз бұл мәселе өмірлік ЕҢ МАҢЫЗДЫ ШАРУА саналатын болса керек.

Сіз егер сондай ақпараттарды көп тұтынсаңыз, әлеуметтік желілерде таңертеңнен кешке дейін отырып, уақыт өткізсеңіз, бойыңыздағы мақсатқа жеткізер ЫНТА деген қасиетті  мүлдем жоғалтып аларыңыз даусыз. Ал ынта болмаса, жоғарыдағы ғұлама айтқандай, ойыңызға алған мақсаттан бас тартқызар жүз түрлі сылтау дайын тұрады. Осылайша сіз өміріңізді босқа өткізіп, тірлікте кездесіп жататын түрлі проблемаларды шешудің жолын ойлаудың орнына әлеуметтік желілердегі бос ақпараттарға санаңызды толтырып, бос тірлік кешесіз.

Түйін: Егер ойыңызға алған мақсаттарыңыздың биігінен көрініп, өмірде бақытты, бақуатты болып, денсаулығыңызды жақсартып, айналаңыздағылармен тату-тәтті тірлік кешкіңіз келсе, санаңызды ластандыратын жаман ақпараттардан аулақ болыңыз. Оның орнына санаңызды тазартатын, ертеңгі күнге құлшындыратын пайдалы, жағымды ақпараттарды көбірек қабылдаңыз. Мынаны есіңізде ұстаңыз: өзгеріс ең алдымен санадан басталады, содан кейін ол сіздің өміріңізді түгел қамтитын болады.

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика