Жақсы болсам — өзімнен, жаман болсам — өзімнен

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Өарақмірде қайрымды, қатыгез, ақкөңіл, қара ниетті, жомарт, сараң, кішіпейіл, өркөкірек сияқты бір-біріне қарама-қайшы мінезді адамдар кездесіп жатады. Олардың бойындағы осындай қасиеттер қайдан пайда болған? Алла солай жаратты ма, әлде ата-анасы, ата тегі, өскен ортасына байланысты мұндай мінездер кейін келе қалыптасқан ба?

Таңдау еркі – адамның өзінде.

Мұның жауабын ұлы Абайдың қара сөздерінен табуға болады. Онда ұлы данышпан бабамыз Алла зұлымдықты, жамандықты жаратты, бірақ адамды зұлым, қара ниетті еткен жоқ дегенді айтады. Яғни, бойына біткен жаман қасиеттердің бәрі адамның өз кінәсінен болады екен.

Ол үшін бар жауапкершілікті Жаратқанға артып, өзімізді сүттен ақ, судан таза етіп қорғаудың еш негізі жоқ. Дүниеде Алла жаратқан зұлымдықтар мен жаман әдеттер жетіп артылады, солай екен деп сол жаман қасиеттердің бәрін бойымызға сіңіре береміз бе? Қасиетті Құранда адамның алдында екі түрлі жол бар екендігі айтылады.
Оның бірі Алла бұйырған шариғат жолы да, екіншісі сайтан арқылы адамға сүйкімді етіп көрсетілетін нәпсінің жолы. Әр пендеге осы екі жолдың қайсысын қалайды, сонымен жүруге толық ерік берілген.

Мінездің қалыптасуы – ортаға да байланысты.

Әрине, адамның бойындағы жаман-жақсы қасиеттердің көбі ата-ана мен қоршаған ортаның беретін тәлім-тәрбиесінен болатындығы да түсінікті. Баяғыда біреу данышпан ғұламадан баламның қандай екендігін айтып беріңіз дегенде балаңның достарын ертіп әкел, сонда оның кім екендігін айтамын деген екен.
Адамның қандай болып қалыптасуы оның жақын араласатын дос-жарандарына тығыз байланысты болмақ. «Тең теңімен, тезек қабымен» дегендей-ақ, әр пенде өзіне мінезі мен көзқарасы ұқсайтын жанмен араласып, бірге жүргісі келеді.
Адамның жақсы, не жаман болуы ата-анасы арқылы бойына туа бітті қан арқылы берілетін қасиеттерге де байланысты қалыптасатындығын да естен шығармаған жөн. Орыс халқының «алма ағаштан алыс құламайды» деген нақылы да осындай жайға қарап айтылған тәрізді.
Дегенмен де, қазақта «жақсыдан жаман туады, бір аяқ суға алғысыз, жаманнан жақсы туады, адам айтса нанғысыз» деген сөзі де бар. Әке-шешесі, ата тегі жақсы баланың бойындағы туа біткен жаман қасиеттер қайдан келеді? Яғни, адамның жақсы-жаман болмағы ата тегіне байланысты бола бермейтін жағдайлар да өмірде жиі ұшырасып жатады.
Осылардың бәрін ой елегінен өткізе келе, адамның бойындағы жақсы, не жаман қасиеттердің орнығуына мынадай факторлар нақты әсер етеді деп нық тұжырым жасауға болмайтындығын бағамдаймыз. Адамның мінез құлқының қандай болып қалыптасуына көптеген жайлар тікелей де, жанама түрде де әсер ететінін өмір тәжірибесі көрсетіп жүр.

Карма заңының әсері.

Осы орайда, адамның мінез-құлқына тікелей әсер ететін негізгі факторлардың бірі ретінде оның жасаған жақсы-жаман әрекеттерінің жемісі түрінде өзіне қайта оралып отыратын Жаратқанның айнымас заңы – карма заңының да үлкен ықпалы болатындығын теріске шығара алмаймыз.
«Бһагавад гита» кітабында адамның іс-әрекет етуіне мәжбүрлеп отыратын үш гуна (сападан) тұратын қуат жайлы жан-жақты айтылады. Көзге көрінбестен біздің өмірімізге тікелей әсер ететін Жаратқанның бір сипаты ретінде баяндалатын уақыт сияқты материалдық үш сапа да көзге көрінбегенімен, адамдардың ақыл-ойы мен сезімдері арқылы үнемі түрлі әрекеттер жасауға еріксіз мәжбүрлеп отырады.
Енді осы материалдық үш сапаға жеке-жеке тоқтала кетейік: бірінші – саттва, яғни қайрымдылық гунасы. Ол әсер еткен кезде адам байыптылық, қайрымдылық, кішіпейлділік, кешірімшілдік сияқты ізгі қасиеттер бойына толып, айналасындағы дүниені танып-білуге, білім алуға құлшынады.
Екінші материалдық сапа – раджа гунасы, яғни құштарлық сапасы. Аты айтып тұрғандай бұл гуна әсер еткен кезде адамның бойында түрлі материалдық нысандарға деген шексіз құштарлық оянып, белсенді әрекет жасау арқылы сол ынтасы ауған нәрсені қолға түсіруге ұмтылмақ. Ондай адамдар әдетте күндіз-түні тынымсыз еңбек етіп, аласұрып қайтсем қалаған нәрсемді аламын деп жанталасып жүреді.
Үшінші материалдық сапа – тама гунасы, яғни, қараңғылық сапасы. Бұл гуна әсер еткенде адамның бойын дел-салдық билеп, жалқаулық, бойкүйездік, селқостық басады, өмірінің мән-мағнасын түсінуден қалған санасы бұлдыр тартқан пенде хайуан тәрізді ішіп-жеу, ұйықтау, шағылысу сияқты фәни әрекеттердің шеңберінде тірлік кешпек.
Жан-жағымызға байыптап қарайтын болсақ, адамдарды еріксіз жақсы-жаман іс-әрекеттер жасауға мәжбүрлейтін белгісіз қуаттың барлығын анық сезінер едік. Бізді түрлі әрекеттер жасауға мәжбүрлеп отыратын көзге көрінбейтін бұл қуат осы үш түрлі сападан тұратын табиғат гуналарынан басқа ештеңе емес дейді «Бһагавад гита».

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика