Жалқаулықтан қалай құтылуға болады

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Қазақта «жалқаулық деген жақсы екен, жатып ішер ас болса» деген мақал бар. Әрине, жатып ішер ас тек өте бай-бақуатты адамда ғана болатыны белгілі. Бірақ та, бұрынғы замандағыдай бүгінде байлық негізінен ата-бабадан мұра болып қалмайды, оған көп адамдар өз еңбегімен, ақыл-ой, қабылетімен жетулеріне тура келеді. Ал ондай жағдайға жету үшін жалқаулыққа бой алдырмай, керісінше тер төгіп еңбектену қажет болмақ.

Адамның бір дұшпаны – жалқаулық.

Алға басқан қадамды кері кетіретін адамның бойындағы ең жаман қасиеттердің бірі – жалқаулық. Бұндай қасиетті бойына дарытқан пенде өзіне де, жақын туыс-таныстарына да, өзі өмір сүретін қоғамға да еш пайда әкелмей, уақытын текке өткезеді. Ондай адам тұрмысын түзеп, бақуатты бола алмайтыны өз алдына, қызметте де, білім алып, интеллектуалдық жағынан өсуде, рухани дамуда да еш ілгері баспай, құрдымға құлайды. Яғни, бұндай пендеге екі дүниеде де бақыт жоқ.
Егер шындыққа тура қарайтын болсақ, жалқаулық деген қасиет адамдардың көбінде, тіпті бәрінде бар. Дегенмен, біреулер сол жалқаулықты аз да болса тізгіндеп, пайдалы жұмыс атқаруға ерік-жігерін жұмылдыра алады да, екіншілері, жалқаулыққа бой алдырып, ерік-жігерден түгел айрылады, сөйтьіп, құрдымға құлайды.

Адам жалқаулықтың қақпанына қалай түседі?

«Еріншектің ертеңі бітпес» деген сөз бар қазақта. Жалқаулықтың адамды алдап, қақпанына түсіретін түрлі амал-тәсілдері бар. Соның бірі – бүгін істейтін шаруаны үнемі кейінге қалдыру. Жалқаулық айтады: «әлі жассың, бар өмірің алдыңда, бүгін демал, рахаттан, бұл шаруаны кейін істейсің, үлгіресің».
Ақылдың осы айласына алданған пенде үнемі істейтін пайдалы шаруаларды кейінге қалдырып, бүгінгі күнін босқа өткізеді. Жалқаулықтың адамды алдайтын екінші бір тәсілі – күмән мен қорқыныш. Егер пенде өзіне үлкен пайдасын тигізетін бір шаруаны қолға алғысы келсе, ақыл оған «бұл сенің қолыңнан келмейді, өте қиын, күрделі шаруа, текке әуре болғанша, жаныңды қинамай одан бас тарт» -дейді. Осыған алданған адам әлгі пайдалы шаруадан бас тартады.
Жалқаулықтың жасырын көріністері – жалған намыс, жалған қанағатшылдық сияқты сезімдер. Ұлы Абай «есектің артын жусаң да мал тап» деді. Ал сіз бір жалқауға «мың доллар беремін, мына есектің артын жуып бер» деңізші, не дер екен. Қалтасында көк тиын жоқ болса да, ол жалған насмысқа беріліп, «мені кім деп ойлайсың, есектің артын жуатын, қажет болса оны өзің жу» деп бетіңнен алары анық.
Сондай-ақ, «Алланың бергені осы болды, бұған қанағат ету керек» деп өзін жұбатқансып, пайдалы іспен айналысудан бас тарту да жалқаудың сүйікті істерінің бірі.

Жалқаулықтан құтылудың жолы қандай?

Жалқаулық – бұл СПИД сияқты емі жоқ жазылмайтын дерт емес. Одан құтылуға болады. Ол үшін мақсатты жұмыс жүргізу қажет. Бірақ мақсатты жұмыс жүргізбес бұрын, ең алдымен сіз өзіңіздің бойыңызды жалқаулық дертінің билегенін ашық мойындауға тиіссіз. Жалқаулықтың тағы бір көрінісі – жалқау ешқашан өзін «жалқаумын» деп айтпайды. Ал «ауруын жасырған – өледі» деген сөз бар. Егер адам кемшілігін түсініп, мойындамаса, одан құтылуға ешқашан талпынбақ емес.
Сондықтан, жалқаулықтан құтылудың алғашқы және шешуші қадамы – өзін жалқаумын деп мойындауы. Содан кейін, алдыңызға нақты мақсат қойып, жоспарлы жұмыс жасаңыз. Оның нақты көрінісі – күн тәртібін белгілеп, сол бойынша өмір сүру. Мәселен, күнде таңертең бір мезгілде ояну, дене жаттығуын жасау, бір мезгілде тамақтану, ұйқыға жату, пайдалы жұмыстармен айналысу.
Егер сіз өзіңіздің қолыңыздан келетін жеңілдеу күн тәртібін жасап, соны үнемі сақтауға бейімделсеңіз, жалқаулық ақырындап шегіне бастамақ. Жалқаулықтан құтылудың тағы бір амалы – бүгін жасайтын шаруаны ешқашан ертеңге қалдырмаңыз. Осыған өзіңізді көндіріп, соған машықтаныңыз.
Егер сіз қарапайым осы екі тәсілді пайдаланатын болсаңыз, көп ұзамай жалқаулық атты кесапаттың кері шегінгенін көресіз.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика