Жан-жануарлардың жаны жоқ па?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

мал союХристиан және ислам діні өкілдерінің түсінігіндегі тағы бір бұрмалаушылық – бұл адамнан басқа тіршілік иелерінің жаны жоқ деген түсінік. Жаны жоқ болса, жан-жануарлар, аңдар, құстар қалай жүріп-тұрады, ұшады, тіршілік етеді? Жан дегеніміздің өзі не? Жалпы, бұл туралы Інжілде,  Құранда не айтылған? Інжілде жан туралы бір ауыз сөз айтылмайды, ал Құранда жалыз ғана  аят бар, онда: «Мұхамед (с.ғ.с) адамдар сеннен жан (рух) туралы сұрайды. Оларға айт: Бұл Алланың әмірінен, ол туралы сендерге кемшін ілім берілді де» деп айтылған. Осыдан көріп отырғанымыздай, ислам діні өкілдерінің үзілді-кесілді  жан-жануарлардың жаны жоқ деп түсіндіруінің еш негізі жоқ. Өйткені, мұсылмандарға да, христиандарға да жан туралы толымды ілім берілмеген. Сонда олардың жан туралы осылай өз беттерінше тұжырым жасауына не себеп?

Енді рейнкарнацияны мойындайтын индуизм діні өкілдерінің түсінігіне назар аударып көрелік. Онда адамдар өлген соң жасаған күналары себепті келесі өмірінде иттің, не мысықтың тәнін алуы мүмкін дейді. Онан әрі пенде эволюциялық даму жолымен басқа да түрлі жануарларға айнала отырып, ұзақ жылдардан соң қайта адам тәнін алады. Жан-жануарларда да ақыл, сезім бар. Төлін сүю ғылым тұжырымдағандай инстинкт емес, ол сезім, яғни махаббат сезімі. Мәселен, адамның өз баласын сүйетіндігі сияқты. Қасқырлар аң аулағанда біреуін ық жаққа жерге көміп, тек тұмсығын шығарып жасырынып жатады екен де, екіншісі аңды үркітіп, серігі жатқан жаққа қарай айдайды екен. Аңдар үстінен шауып өтіп бара жатқанда қарғып тұрған қасқыр олардың бірнешеуін тамақтап өлтіріп, олжа қылады. Қасқырдың бұндай аң аулау тәсілін инстинкт деуге бола ма? Жоқ. Бұндай тәсілді қолдану үшін ақыл керек. Яғни, жануарларда да ақыл бар. Адам ұйықтайды, хайуан да ұйықтайды, адам шағылысады, хайуан да шағылысып, ұрпақ өрбітеді, адам тамақ ішеді, хайуан да жемшөп жейді. Адамда да, хайуанда да қорқыныш, сүйіспеншілік сезімдері бар. Сонда адамның хайуаннан артықшылығы неде?

Адамның хайуаннан жалғыз ғана артықшылығы бар – ол зердесінің болуында. Зерде (разум) жан-жануарларда болмайды, тек адамда ғана бар. Соның арқасында адам жақсы мен жаманды айырып, залалды немесе пайдалы нәрсені ақыл таразысына салып, жаманнан бас тартады. Зерденің арқасында адам бүгінгі күнін ғана емес, ертеңгісін, он жылдан кейінгісін, тіпті өлгеннен кейінгі ахуалын да ойлайды. Сондықтан, қасиетті кітіптар мен дін хайуандарға емес, зердесі бар адамдарға ғана берілген.

Егер Інжілде жан туралы ештеңе айтылмаса, Құранда жалғыз аятпен шектелсе, онда жан-жануарларда жан жоқ деген түсінік қайдан шыққан? Бұл да сол адамдардың өз нәпсілерін ақтап алудың қамымен жасалған әрекет болса керек. Інжілде Иса пайғамбар «өлтірмеңдер» (не убий) деді. Оның мағынасы тек адамға қатысты ғана емес, жан-жануарларға да қатысты болған. Ерте заманда адамдардың еңбек құралдары қарабайыр болды, егін егіп, мол өнім алу қиын болды. Осыған орай аң, балық аулап, үй жануарларын ұстап сонымен күн көру қажеттігі туындады. Құранда «Алла адамдарға ауыртпалық емес, жеңілдік қалайды» дейді. Осыған орай, Алла адамдардың жандары бар хайуандарды, аңдарды азық-түлік үшін пайдалануына рұқсат етті. Шын мәнінде адамның ең басты тағамы астық пен жеміс-жидек, көкөніс өнімдері болуы тиіс. Өйткені, Алла оны адамға тағам үшін  жаратты.

Құрандағы Ібрахым пайғамбардың ұлы Ысмайылды құрбандыққа шалғысы келген оқиғасы жайындағы аңызға назар аударып көріңіз. Алла пайғамбарға аян беріп, өз ұлын құрбандыққа шалуын сұрады. Осыған орай, Ібрахым пайғамбар уақыты келгенде ұлы Ысмайылды ертіп тауға барып, оны құрбандыққа шалуға ыңғайланды. Сол кезде Алла көктен қошқар түсіріп, баласын босатты. Мұның астарында не бар еді? Малды құрбандыққа шалудың дұрыс еместігі, жануарларды өлтіру, өз балаңды өлтіргендей ауыр болатындығы осы оқиға арқылы білдірілген жоқ па? Алла неге құрбандыққа қошқар түсірді? Сиыр, не жылқы, түйе немесе қой емес, еркек қошқар түсірді. Қой басқа жануарларға қарағанда көнбіс және жалпақ тілмен айтқанда топастау мақұлық. Мәселен, кез-келген жануарды сояр кезде қорқыныштан шыңғырып, қарсылық танытады. Ал қой болса басын қасапшының пышағына өзі тосады. Сондықтан қой тұқымынан шыққан төл бермейтін қошқарды құрбандыққа шалуды Алла сол кездегі адамдардың жағдайларына қарап бұйырған сияқты.

Бірақ, адамдар Алланың бұл нұсқауын да кейін келе өз беттерінше өзгертіп, әбден бұрмалап жіберді. Енді олар құрбандыққа қошқар ғана емес қой, сиыр, жылқы, түйе сияқты жануарларды соятын болды. Мекке қаласының маңында құрбан айты кезінде жыл сайын миллионға жуық қой сойылады екен. Көз алдыңызға келтіріп көріңізші: миллион қойды сою, қанша қан ағады. Яғни, қала маңы қан сасиды. Қызығы сол, мұның бәрі Алла үшін жасалып жатыр-мыс. Сонда Алла соншама қанқұмар ма еді? Аллаға жыл сайын миилиондаған қойдың қанын ішу қажет болып па? Бұл не деген есуастық. Осы әрекеттері арқылы адамдар Алланы қаншалықты қорлап жатқанын ұғынар болса, мұндай есуастыққа ешқашан бармас еді.

Алла әрнәрсеге орай, адамдарға түрлі белгілер беріп, өзінің ескертулерін жасап отырады. Бұны христиандар да, мұсылмандар да, тіпті дінге онша сене қоймайтын жандар да мойындайды. Ал енді жыл сайын миллиндаған қой сойылатын құрбан айты кезінде Меккеде қанша адам қаза тауып жатыр. Осыдан екі жыл бұрын Меккеде құрбан айты кезінде мешіт мұнарасы құлап, астында қалған жиырмадан астам адам өлді. Содан кейін халық топталған жерде бірнеше жүз адам аяқ астында қалып, тапталып өлді. Мұның астарында не бар? «Ау, адамдар Мен қанқұмар емеспін, Мен үшін миллиондаған қой сойып, қасиетті қаланың айналасын қан сасытпаңдар, бұл есуастықты тоқтатыңдар» деген емеурін жатқан жоқ па екен?

Кеңес заманында ет комбинатында бір аптадай жұмыс жасаған едім. Мал соятын цехта жұмыс істедім. Союға әкелінген сиырлар азан-қазан болса, шошқалар құлақ жаңғыртып шыңғыратын, жылқы қасиетті түлік екенін сонда көрдім, олар үнсіз жылап тұратын. Иә, жылқылардың жанарларынан жас парлап жылағандарын көрдім. Тек қой ғана үн-түнсіз бірінің жүнін бірі жұлып жеп, айдағанда бірдеңеден құр қалатындай соятын жерге топырласа жүгіретін.

Қазір құдайға шүкір, егін егудің, көкөніс, жеміс өсірудің технологиясын меңгердік, жылыжайлар бар, солар арқылы қысы-жазы жеміс өсіруге болады. Адам баласы қазір тек егін өнімдерімен, жеміс-жидекпен қоректенуіне болады. Бүгінде ет жемейтін вегетериандар  көп. Еттің адам денсаулығына залалын медицина да теріске шығармайды. Қазір көбейіп кеткен жүрек қантамыр ауруы еттен пайда болатыны белгілі. Сондай-ақ, жануар өлер алдында қатты қорыққандықтан, оның жасушаларында сол қорқыныш ақпараты сақталады екен. Оны жеген адамның бойында да қорқыныш сезімі орнығады. Сондықтан да, ет жейтіндер вегетериандарға қарағанда қорқыныш пен үрейге, агрессияға бой алдырғыш келеді дейді бүгінгі ғылым.

Осылардың бәріне қарамастан, христиандар да, мұсылмандар да ет жеуден бас тартпай келеді және олар осы әлсіздіктерін ақтау үшін «жан-жануарлардың жаны жоқ» деп түсіндірмек болады. Бұл діндердің қасиетті кітаптарында ол жайында еш мәлімет болмаса да, Иса пайғамбар да, Мұхаммед пайғамбар да бұл туралы бір ауыз сөз айтпаса да, олар осындай тұжырымды саналарына берік сіңіріп алған. Таяуда ютубке салынған  видеодан бір священниктің вегетериандарды айыптап: «ет жемеу үлкен күнә» деген сөзін естідім. Ол бұндай тұжырымды неге сүйеніп айтты? Ештеңеге. Сүйенер жалғыз нәрсесі – нәпсіқұмарлығы, яғни ет жеген оған ұнайды, соны ақтап алу үшін ет жемейтіндерді айыптау қажет болды. Бар себеп осы ғана.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика