Жанның мекені қайда?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Өткен ғасырда өмір кешкен үнділік дінтанушы Шрила Прабхупаданың жан туралы жазылған «Жантану ғылымы» кітабынан үзіндіні оқырман назарына ұсына отырып, адам үшін аса маңызды жан, яғни рух туралы оқырмандарымызды хабардар етудің маңызы зор деп ойлаймыз.

Жанның әр тіршіліктің жүрегінен орын тепкені және денені асырап-сақтаушы қуаттардың бастау көзі екені шүбәсіз шындық. Бүкіл денеге тарайтын жан қуаты — сана ретінде белгілі. Жан қуатын барлық денеге тарататын санамыздың арқасында денеміздің кез келген жерінің ауырғаны мен рахаттануын анық сеземіз. Нәресте тәнінен бала тәніне, одан бозбала тәніне, бозбаладан жігіт тәніне, содан кейін егде денеге ауысатынымыз секілді, жеке дара жан да бір тәннен екінші тәнге үнемі  ауысумен болады. Ескі киімді жаңа киімге ауыстыратынымыз тәрізді, кәрі денеден жаңа жас денеге ауысуымызды — өлім дейді. Жанның ауысуы деген, міне осы.

    

Рухани әлемдегі шынайы үйін ұмытып, осы фәни әлемнің қызығын көргісі келген кезде, жан күнкөріс үшін арпалысумен тірлік кешеді. Туу, өлім, ауру және қартаю шеңберінен көз аштырмайтын өз табиғатына қайшы келетін өмір ағымын тоқтату үшін жан өз санасын Құдайдың Жоғарғы Санасымен ұштастыруы тиіс. Кrшuатану қозғалысымыздың басты ұстанымы да осы.

    Ал жүректі ауыстырып салуға тоқталар болсақ, егер жүректе жан болмаса, жансыз жүректі ауыстырудан ештеңе де шықпайтындықтан, жанның тіршілік ететінін мойындауымыз шарт. Егер жыныс қатынасы кезінде жан болмаса, ұрықтану, екіқабат болу үрдісі болмайды. Ұрықтануға қарсы шаралар құрсаққа зақым келтіретіндіктен, құрсақ жан үшін қолайсыз орынға айналады. Бұл Құдайдың нұсқауына қарсы шығу. Құдайдың нұсқауымен белгілі бір құрсаққа енетін жанның ұрықтануына қарсы шаралардың қыспағымен қабыл алмаса, Құдай жанды басқа құрсаққа салуға мәжбүр болады. Бұл Құдайдың еркіне бағынбау. Мысалы, біреу әлдебір пәтерге көшіп келуге тиіс делік. Егер де, ол қирап, бүлінген пәтерге кіруіне мүмкіндігі болмаса, ол қайда барарын білмей дағдарып қалады. Бұлай заңға қарсы шығу — заң бойынша жазаға тартылады.

    «Жантану ғылымын зерттеу» — ғылымның алға басуын айғақтайтын негіз болар еді. Дегенмен де, ғылымның дамуы жанды табуға көмегін тигізбейді. Жанның тіршілік ететіні жанама нышандарынан анық көрінеді. Жанның көлемі нүктенің он мыңнан бір бөлігіне тең дейді Веда шастралары. Ал нүктенің ұзындығы мен көлденеңін өлшей алмайтындықтан, дүнияуи ғалым жанды таба да алмайды. Жанның тіршілік ететінін беделдерден білу арқылы ғана мойындауыңызға болады. Ең ірі ғалымдардың ашамыз деп жүрген жаңалықтарын біз баяғыда түсіндіріп бергенбіз.

    Жанның тіршілік ететінін түсінген сәтте-ақ біз  Құдайдың барлығына көзіміз жетеді. Құдай мен жанның арасындағы айырма мынада: Құдай — ең орасан зор жан, керісінше, жеке тірі жан — кіп-кішкентай оның бөлшегі, бірақ та қасиеті жағынан екеуі де бір сапалас. Сондықтан, Құдай бүкіл әлемге таралады, ал  тірі жан бір орында, яғни бір денеде  шектелген, сөйте тұрғанымен олар сапалық жағынан бірдей.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика