Жасанды түсікке ислам діні рұқсат ете ме?

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Таяуда әлеуметтік желіден бір уағызшы имамның қажет болған жағдайда (егер  бала көтеруге денсаулығы келмесе) әйелдерге бала таптырмайтын спирал салдыруға және жасанды түсік жасатуға ислам дінінде рұқсат етіледі деген сөзі жарияланды. Әлгі имам бұл пікірін Құран аяттары мен Пайғамбардың хадистеріне сүйеніп айтамын депті.

Алланың кешірмейтін ең ауыр күнәсі

Веда ілімінде Жаратқан кешірмейтін ең ауыр күнә – жөргектегі жазықсыз сәбиді тұншықтырып өлтіру (яғни жасанды  түсік жасату) деп айтылған. Дәстүрлі діндердің бәрінде жасанды түсікті кісі өлтірумен бірдей аса ауыр күнә деп санайды. Тіпті, өткен ғасырларда христиан діні үстемдік еткен Батыс елдерінде жасанды түсік жасатқан адам өлім жазасына кесілетін.

Жасанды түсік деген не? –енді осыған тоқталайық. Сәби құрсақта 4-5 айда дамып, толық қалыптаса бастайды. Осы кезде сәбидің қол-аяғы, жалпы денесі қалыптасады. Ал жасанды түсік арқылы құрсақтағы сәбиді бөлшектеп өлтіреді. Өмір бойы генекология ғылымымен айналысқан бір ғалым өзі ойлап тапқан дәрінің құрсақтағы сәбиді қалай бөлшектеп, жойып жіберітінен рентген тәрізді аппаратпен көрген екен.

Жасанды түсік тастату үшін қажетті дәрі ағзаға жіберілген кезде-ақ қауіпті сезген сәби қозғалақтап мазасыздана бастайтын көрінеді. Улы дәріден қашқан сәби алдымен бір жағына қарай бұрылып жалтарады. Содан кейін екінші жағына жалтарып, жан сақтамақ болады. Қатерден құтыла алмасын сезген кездегі сәбидің қорқыныштан бұзылған түрі мен аузын арандай ашып айқайлағанын (құрсақтағы оның айқайын ешкім естімейді)  көрген әлгі ғалым осындай дәрі ойлап тапқанына, бар өмірін мұндай сұмдық қылмысқа арнағанына өлердей өкінген екен. Ол содан кейін өле өлгенше жасанды түсікке қарсы болып, түрлі мақалалар жазады.

Құрсақтағы сәбиді өлтріудің мына дүниедегі ересек адамды өлтіргеннен айырмасы сонда: сәби ешқайда қаша алмайды және өзін өзі қорғауға да шамасы жоқ. Міне, сондай қорғансыз, жазықсыз жанды асқан қатыгездікпен өлтіру, өмір сүру мүмкіндігінен айыру – бұл дін тілімен айтқанда КЕШІРІЛМЕС АУЫР КҮНӘ, ал пендешілік тілмен айтқанда ҚАТЫГЕЗ ҚЫЛМЫС.

 Дүмше молда дін бұзады

Міне, сондай дәстүрлі діндердің бәрі аса ауыр күнә деп санаған жасанды түсікті «ислам дінінде рұқсат беріледі» деп бет-аузы бүлік етпей өтірік айтып, жұртты алжастырған имам – нағыз дінбұзар күнәкардың ең үлкені.

Бірде Мұхаммед пайғамбардан бір кісі «тозақтың ең төменгі жағына кім барады?» деп сұрайды. Бірақ Пайғамбар естімеген жанша үндемейді. Әлгі кісі де қоймай қайталап сұрай береді. Тек ол үшінші қайтара сұрағанда ғана Пайғамбар «тозақтың ең төменгі жағына дінді бұзған алымдар барады» деп жауап берген екен. Алғашқы екі рет сұрағанда жауап бермегені, алымдарды құрметтегенінен деседі.

Дінді қалауынша бұрмалап, өз мүддесіне лайықтап жұртқа жария ету – бұл күнәлардың ішіндегі ЕҢ АУЫРЫ. Әлеуметтік желіде біреу дінде рұқсат етілмейтін күнә саналатын әрекеттерге барғысы келген адам әлгі сұрағын көптеген имам-молдаларға қоя жүріп, солардың арасынан өз пікірін қолдап, жәй қолдап қоймай дін негізінде ақтап беретін әйтеуір  біреуді табады дейді.

Біраз жыл бұрын Бурабайда шипажайда демалып жатқанымда бір орта жастағы азамат «таныс келіншектермен қыдырсақ қайтеді» деп ұсыныс айтты. Оның дінге жақындау жүретінін білетін мен «келіншектермен қыдыру күнә емес пе» дедім. «Жоқ, күнә емес, егер қыз-келіншектің өз келісімімен жасалса, ол күнә болмайды, маған бұны бір молда айтты» деді. Міне, осындай имам-молдалардың дінді өз мүддесіне сай бұрмалап түсіндіретін жайлары қай жерде де кездесіп жатады. Өкініштісі сол, ондайлар осы әрекетімен дінге қара күйе жағып, одан қалды көп адамдарды адастыруға себеп болатындарын сезбейді.

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика