Жауапкершілік – адамдардың ажырамас қасиеті

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

Біз жауапкершілік дегенді сезінеміз бе, жоқ па, оны мойындап, соған лайықты әрекет жасаймыз ба, жасамаймыз ба – оның бәріне қарамастан, әрбір пенденің мойнында туған күннен өлгеніне дейінгі өмір жолында түрлі жауапкершіліктер болады. Өкініштісі сол, адамдардың 90 пайызы сол жауапкершілік дегенді түйсінбейді және сондай надан әрекеттері арқылы өзіне ғана емес, айналасындағыларға да үлкен залалдарын тигізіп жатады. Міне, сондықтан да, оның баршамыз үшін өмірімізде ерекше  алар орны бар.

Өзін сыйламаған кісінің бетін қызыл шиедей етеді

Қазақтың осы нақылының ақиқаттығын дәлелдейтін жайларды қай-қайссымыз да өмірден жиі кездестіріп жатамыз. Біреулер ондайға мән берсе, екіншілері назар аудармай, елеусіз қалдырып жатады.  Десе де, хайуандай емес, қызғаныш, намыс деп аталатын сезімдері бар саналы адамдардың көбі мұндай жайларды жүрегіне жақын қабылдап, соған күйініп, реніштерін білдіріп жататындары бар.

Өткен жылы Түркияның бір қаласында жұмыс істеп жүрген үш қазақтың қызы  жұмыстан соң түнгі клубқа барады. Сонда отырып арақ-шарап ішкен қыздар клуб қызметкерлерімен шатысып, соның салдарынан қыздардың бірін түрмеге қамап тастайды. Күзетшінің қазақ қызын ұрып-соғып жатқаны туралы видео әлеуметтік желіде кең таралып, сол тұста жұртшылық тарапынан біраз талқыға түскен еді.

Әлгі қыздар тіпті, Қазақстан елшілігіне барып арызданған. Олардың сөзіне сенсек, бар кінә күзет қызметінің жігіттерінде екен.  Дегенмен, кейін Түркияның осы саланың қызметі ресми жауап беріп, оқиғаның не себепті туғаны туралы жұртшылық құлағдар болды. Сөйтсек, жағдай былай болған екен.

Түнгі клубта арақ-шарап ішіп, мас болған қазақ қыздары клуб жабылғасын да кетпей отырып алады. Жұмыс уақыты бітті, мекемені босатыңыздар деген сөзге ызаланған арақ санасын улған бір қыз еліре айқайлап, күзетшіге қол жұмсайды. Дегенмен, күзет қызметінің жігіттері сыпайылық жасап, қыздармен төбелеске бармайды.  Бірақ олар аздап күш қолданып есірген мас қыздарды далаға шығармақ болады. Осы сәтте әбден құтырынған бір қыз  күзетшінің құлағын қыршып тістеп қанатып тастайды. Сол арада жедел жәрдем шақырылған. Басбұзар қыздарды дегенмен сабасына түсірудің сәті түсіпті. Ал күзетшіге дене жарақатын салған мас қыз түрмеге тоғытылады.

Түнгі клубтағы есуас әрекеттерін бүркемелеген қазақ қыздары өздерін сүттен ақ, судан таза етіп көрсетіп, әлеуметтік желіге жәбір шегушілер түрінде шыққанымен, оқиға белгілі болған соң беттері аймандай болып, масқаралары шықты. Ол қыздардың аты-жөндері де белгілі.

Бұдан не түйіндеуге болады? Шетелде жүрміз, қайда барсақ та, не ішіп-жесек те, не істесек те еркіміз деп кеуде қаққандарымен, олар ең алдымен Қазақстан деп аталатын мемлекеттің азаматтары, содан кейін қазақ деген ұлттың өкілдері, ақырсында мәпелеп өсірген біреудің балалары екендігін естен шығармаулары тиіс еді. Яғни, олардың ар-ұяттары өздерінікі ғана емес, жамандықтарына мемлекет, ұлт, отбасы өкілдері де ортақтасады. Әлгі қыздың ата-анасының жайы не болды деген ойға қаласың. Қазақ қыздарының ар ұялар істеріне сол тұста қатты күйінген адамдар әлеуметтік желіде неше түрлі сын пікірлерін айтқан.

Тақуа келіншектің қырсығы

Таяуда әлеуметтік желіден ауылға барған бір азаматтың туған келіні жайлы жазған әңгімесін оқыдым. Келіні соңғы кезде көп таралып бара жатқан діни ағымды ұстанып, бет-аузына дейін бүркеп алатын паранжы киеді екен. Намаз уақыты келгенде дүние күйіп кетсе де бәрін тастап, намазын  оқиды, ойын-тойға бармайды, кәпірлермен араласпайды. Оның бұл ісінен күйеуі мен балалары ғана емес, бірге тұратын ата-енесі де зардап шегеді дейді әлгі азамат.

Намаз уақыты келді деп намазын оқып жатқанда тамағы күйіп кетіп, оны қазанымен итке тастады дегенді айтады жігіт ашынып. Өзінің қатып қалған діни ұстанымынан айрылмай, менікі ғана дұрыс, басқаларың түк білмейсіңдер дегенді санасына сіңіріп алған келіндерінің әрекеттерінен отбасының басқа мүшелері де  әбден зәрезап болыпты.

Соңғы кезде ислам дініне деген қарапайым жұртшылықтың теріс көзқарасының қалыптаса бастауына осындай діни ілімді білмейтін, әсіре діндарлардың тигізіп жатқан әсері мол екені анық. Олар мына жайды қаперлеріне алмайды: сіз ислам дінін ұстадыңыз ба, онда сіздің іс-әрекеттеріңізге қарап өзгелер ислам дініне баға беретін болады. Сіз үлгілі жақсы істер істеп, басқалармен жылы қарым-қатынаста болсаңыз, айналаңыздағылардың ислам дініне деген көзқарасы да дұрыс болмақ. Ал керісінше әсіредіндар болып, өзгелерге шекеден қарасаңыз, басқалардың бәрін кәпір санап, ешкіммен араласпасаңыз,  діни парызды сылтуратып пендешілік міндеттеріңізді орындамасаңыз, онда айналаңыздағы адамдардың исламға көзқарасы теріс болып қалыптасады.

Бұдан не түюге болады? Әрбір адам туған кезден өлген уақытқа дейінгі аралықтағы өмір жолында бір отбасының, әулеттің, ұлттың, елдің, ақырсында діннің өкілі болып саналады және оның әрбір ісі сол аталғандардың бәріне әсерін тигізеді. Қыздары жезөкше болып, көшеде көрінгенге тәнін сатып жүрсе, ең алдымен бұған ата-анасы мен туыстары, содан соң ауылдастары мен сол ұлтқа жататын қандастары намыстанып, азап шекпек. Сондықтан да, ақыл-есі дұрыс әрбір пенде «не істесем де өзім білемін, өз еркім өзімде» деген есуас көзқарастан аулақ болуы тиіс. Сөздің бойыңызда отбасының әулеттің, ауылдың, ұлттың, елдің, діннің алдындағы үлкен ЖАУАПКЕРШІЛІК бар. Ол жауапкершілікті сіз мойындасаңыз да, мойындамасаңыз да ол жоғалмайды, ол үнемі алдыңыздан шығады, бұл дүниеде өзгелердің ашу-ызасы мен күйініші түрінде, ал бақи дүниеде тамұққа түсіретін күнә түрінде сізді күтіп алады. Одан ешбір пенде, ешқашан да қашып құтыла алмақ емес.  

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика