Жеңіске жеткенді айыптамайды

Емдік өсімдіктерден жасалған табиғи дәрілер мен дәрумендер, балалар мен ересектерге арналған брендтік киімдер, косметика, т.б. төмендетілген бағамен тапсырыс бере аласыз, Қазақстанның кез-келген аумағына жеткізіп береді. Толық ақпаратты мына сілтеме арқылы алыңыз:

https://akikat01.com/internet-magazin/

өзін жетілдіруОсындай қалыптағы адамдардың тамаша үлгісі ретінде Дэн Гальпинді айтуға болар еді.

Колледжде оқып жүрген кезінде ол еліміздің 1930 жылғы чемпионы «Нотр-Дам» фудбол клубы командасына жетекшілік жасады.

Ол оқу бітірген жыл ең  ауыр кезең болды. Дағдарыс барлық дерлік жұмыс орындарын жойды. Алғашында банк ісімен айналысып, содан кейін киноматографтыққа бой ұрған Гальпин есту қабілеті төмен адамдарға қажетті құрылғы сатудан артық жөндемі ештеңе таппады. Өмір жолын осындай кәсіптен бастау екінің бірінің қолынан келетін еді және оны Гальпин жақсы білді. Осы білім оның өзінің сәтті кезеңін дәл басып табуына мүмкіндік жасады.

Екі жылдай уақыт ол осылайша өзіне еш ұнамайтын шаруамен айналысуға мәжбүр болды. Бірақ тағдырдың салғанына мойынсұнып, еш әрекет жасамай қол қусырып отырса өмірінде еш өзгеріс болмас еді. Алдымен ол сату жөніндегі басқарушының ассисенті болуға талпыныс жасады. Жолы болып ойындағы қызметіне қол жеткізді. Бұл алғашқы қол жеткен саты біршама биік болғаны сонша, өзінің бақытты сәтін қалт жібермей қадағалауға мүмкіндік жасады.

Оның өз ісін жақсы меңгергені сонша, бұлардың компаниясымен бәсекелес «Диктограф Продактс» компаниясының басқарма басшысы А.М.Эндрюс Дэн Гальпин туралы көбірек білгісі келді. Сөйтіп Эндрюс оған шақырту жіберді. Екеуара әңгіменің соңы Гальпиннің «Диктограф Продактс» компаниясының акустикалық бөлімінің сату жөніндегі басқарушысы болуымен аяқталды.

Жас жігітті сынап көру үшін Эндрюс Флоридаға табаны күректей үш айға кетіп, жас басқарушыға өз жұмысын өз қалауынша жүргізуге, қолынан шаруа келетін болса істі көтеруге, болмаса құрдымға құлауына  мүмкіндік жасады. Ал Гальпин құрдымға құлаған жоқ. Бұған фудбол командасындағы қандай жағдайда да жігерлілікті сақтап қалуға машықтанған тәжірибесі көмегін тигізді. Команда бапкері К.Рок әрдайым «жеңіске жетушіні ешкім айыптамайды» дегенді жиі айтатын. Осыны есіне алған Гальпин жанталаса жұмыс істегені сонша, көп ұзамай оны компанияның вице-президенті етіп тағайындады. Мұндай жетістікке өзгелер ондаған жылда табанды еңбегінің арқасында жете алар еді, ал Гальпин бұл жолды небары алты айда жүріп өтті.

Бұдан не түйіндеуге болады? Жоғары көтерілеміз бе немесе құрдымға құлаймыз ба, бұл өзіміз бақылауға алсақ деген жағдайды бақылай алуымызға байланысты болады.

Төменде көп тұрақтама

Сіздерге жеткізгім келген тағы бір пайдалы ой: табыс пен сәттілік көбінесе біздің дағдымыздың нәтижесіне байланысты болып табылады. Дэн Гальпиннің өмірде биіктерге көтерілуіне бір кезде ел чемпионы болған «Нотр-Дам» командасы бапкерінің жеңіске деген құлшынысының әсері тигеніне күмәнсіз сенімдімін. Бұл арада батырлық дәстүрінің, оның ішінде әрдайым жеңіске жететін батырлық дәстүрінің игі ықпалы болғаны анық.

Іскерлік қарым-қатынас табысқа жетуге немесе сәтсіздікке ұшырауға үлкен әсерін тигізетініне өз тәжірибем арқылы көз жеткізгенімді айта кетсем артық болмас. Ұлым Блэйер Дэн Гальпинмен жұмысқа орналасуға байланысты келіссөз жүргізу барысында ол ұсынған жалақымен жұмысқа кірісуіне үгіттедім. Бәсекелес компания ұлыма бұл жалақыдан екі есе артық төлеуге әзір болса да мен оны Гальпинмен жұмыс істеуге көндірдім. Мен ұлыма теріс жағдайлармен ешқашан келісімге бармайтын, тек жеңіске құлшынатын адаммен бірге істеу болашағына игі ықпалын тигізетіндігін, көп жағдайларда өмірдегі жетістік ақшамен өлшенбейтіндігін айтып түсіндірдім.

Төменде адам бірқалыпты, жақсы көңіл күй әкелмейтін ішпыстырарлық тірлік кешеді. Сондықтан да мен өмір жолын сәтсіз бастаған кездерде қалыптасқан жағдайларды жеңе отырып, биіктерге көтерілудің тәсілдеріне назар аудардым.

Өзіне өзі жарнама

Өз ұлы үшін қызметін қалай сатуға болатыны жөніндегі нұсқаулық жасаған әйел қазір осы оқу құралы үшін еліміздің бар аймақтарынан көптеген ұсыныстар алады. Осындай жоспар жасағысы келгендердің бәрі онымен ақылдасуға ниетті.

Оның әдістемесі өз қызметін сатуда түрлі қулықтарға барып, айла-шарғы жасауға негізделген бұрынғы түсініктен аулақ. Оның құпиясы мынада: қызметін сатуда сатып алушының да, сатушының да мүддесі есепке алынады. Қызметті сатып алушы соның арқасында көп ұзамай шығарған ақшасын еселеп қайтарып алады.

Егер сіздің бойыңызда жаңа идеяларға деген құлшыныс болса, оны сәтті түрде сатуға болатын рынок іздеп жүрсеңіз, бұл жоспар сіз үшін өте құнды болары анық. Колледжде оқып білім алған дәрігер, заңгер сияқты ортақол мамандардың табысынан жаңа идея арқылы келетін табыс ондаған есе артық болып жатады.

Егер сізде тамаша идея болса, лайықты ақысын төлейтіндер табылады

Арнайы білім жаңа идеядан төменге бағаланбайды. Сондай-ақ, жаңа идеяға қарағанда арнайы білім біршама қолжетімді. Осыған орай, арнайы білімге деген сұраныс әрдайым болады. Ал басқаларға өз қызметін сатуға көмектесетін мамандардың қызметіне деген сұраныс ешқашан кемімек емес.

Адамның бойындағы қабілеті арнайы білімі мен табыс әкелетін жаңа идеяны қабыстыра алатын біліктілігінде.

Егер сізде болашаққа деген арман-мұраттарыңыз болса, онда осы кітабымызда тілге тиек болған идеялар сіздің бақуаттылыққа қол жеткізуіңізге көмегін тигізері анық. Мынаны есіңізде мықтап ұстаңыз: идея – бұл ең басты нәрсе. Егер мақсат-мұратыңыз болса арнайы білімді қайдан да болса алуға болады.

Ойға алар жайлар

Білім – бұл тек әлеуетті қуат қана. Сіз өз біліміңізді нақты мақсатқа жеткізетін арнайы жоспар жасауға бағдарлауыңыз қажет.

Басқа адамдармен араласу барысында және өмір жолындағы тәжірибе жүзінде ие болған біліміңізді қадірлей біліңіз. Генри Форд сырт қарағанда сонша байлыққа лайықсыз «надан» адам болды.

Кітабымызда сөз болған бес білім көзін тиімді пайдаланыңыз. Ал білімді алу өте оңай және қолжетімді.

Егер сіз тауарды сата алмасаңыз, онда өз қызметіңізді немесе идеяңызды жақсы бағаға сатыңыз. Бұл әсіресе, алпыстан асқан адамдарға тиімді шаруа.

Жоғарыда айтылған әйелдің қарапайым жоспары мыңдаған жасты өзін өзі тәрбиелеп, жақсы қызмет табуларына жағдай жасады.

Кітабымызда айтылған көшірме жоспар сіздің ондаған жыл уақытыңғызды үнемдеп, ойға алған мақсатыңызға жетуге жол ашады.

Білім – байлыққа жеткізер жол. Дегенмен бұл тек қай жолмен жүруді қалауыңызға байланысты жүзеге аспақ.

 

 

 

Пікір қалдырыңыз

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники

Оставить комментарий

Жарнама
Жарнама
Яндекс.Метрика